Жетекшілік хадисы 52
Алланың жолындағы джиһад Ислам дінінің негіздерінің бірі саналады.
Құранда және хадистерде джиһадтың өзі және джиһад жасаушылар туралы көп айтылған. Джиһад, яғни Алланың жолында дұшпанмен соғысқан кезде жан мен мал-мүлікті аямау. Адам өзінің өмірі бойында дұшпанның екі түрімен, атап айтқанда ішкі және сыртқы дұшпанмен бетпе-бет келеді. Адамдардың құқықтарын бұзып, өзінің зұлымдығы және зорлық-зомбылығымен Аллаға құлшылық ету жолын жабатын адам сыртқы дұшпан саналады. Алайда ішкі дұшпан адамның ішкі болмысын азғырып, азғын нәпсілік және ашу-ызаға малынған күштен көмек алып, жеке адамның ақылы мен рақым күшіне шабуыл жасап, соларды жеңіп, адамды құлшылық пен пендешілікке итермелейтін шайтан. Шайтан мен нәпсіге қарсы соғыс пен джиһад «нәпсіге қарсы джиһад» немесе «джиһаде акбар» деп аталады.
«Нәпсігі қарсы джиһад» деген сөз бірінші рет Исламның ұлық пайғамбары сахабаларының бір тобының джиһад пен өздерінің міндеттерін орындаған соң Мединеге оралып, топ-топ болып, хазіреттің қасына жеткен кезде баяндалды. Пайғамбар оларды қолдап: «Жарайсыңдар! Кіші шайқастан оралған және алдарында үлкен шайқас қалған адамдар, жарайсыңдар!»,- деді. Сонда сахабалар: «Уа, Алланың елшісі, үлкен шайқас дегеніңіз не?»- деп сұрағанда хазірет: «Нәпсіге қарсы джиһад»,- деп жауап берген еді. Содан соң хазірет адамның өз нәпсісімен күресуін ең жақсы джиһад деп атады. («Бихар әл-Анвар», 70-ші том). Алла елшісінің бұл хадисіне нақтырақ шолу жасасақ, сыртқы дұшпанға қарағанда нәпсімен күресу басты мәселе саналады. Сыртқы дұшпанға қарсы күрес Алланың ризалығы және залымдарды басып-жаншу үшін болса, «джиһад» деп аталады. Шәһид болуды қалайтын мұсылмандар Алланың ризалығы жолындағы күресте біріншіден, өздерін тазартып, ауыртпалықтарға төзіп, жандарын қатерге тірейді. Мұндай адам дүние мен дүниелік талап-тілектерінен алыстайды. Бұл «джиһад акбардың» факторларының бірі. Сол себепті шәһид болуды талап етуші адам сыртқы дұшпанға қарсы кіші джиһад, яғни «джиһаде асғарға» аяқ басудан бұрын «джиһаде акбар» майданына кіреді. Бұл екі соғыстың айырмашылығы «джиһаде асғар» уақытша джиһад. Ол сыртқы дұшпан жеңілген кезде аяқталады. Ал «джиһаде акбар» мәңгілік джиһад. Бұл майданда дұшпан адамға оның өмірінің соңына дейін шабуыл жасап, адамды бір сәт болса да оңаша қалдырмайды. Имам Әли (ғ.с.) бұл туралы: «Аллаға құлшылық ету жолында дұшпан дұшпанымен күресетіндей өз нәпсіңмен күрес, өйткені өз нәпсісімен күресетін адамдар ең мықты адамдар саналады»,- деген болатын («Мизан әл Хикмат», 2-ші том). Өз нәпсісінің тұтқынына түскен адам жақсылыққа жетіп, өзінің болмысын өзгерту үшін батыл, күшті жауынгер сынды нәпсісімен күресу үшін майданға кіруі керек. Бұл соғыста Алланың көмегі, рақымдылығы және мейірімділігі бірге жүреді. Сол себепті Жаратушы бұл жолда өз пайғамбарының тағылымдарының жақтастарына жеңіске қарай жол нұсқайды. Пайғамбардың сахабаларының бірі Абузар: «Бір күні мешітте Алла елшісінің қасына бардым. Мешітте Исламның пайғамбары мен хазірет Әлиден басқа ешкім жоқ еді. Мешіттің бос болуын пайдаланып, пайғамбардың қасына жақындап: «Уа, Алланың елшісі! Ата-анам құрбаның болсын. Маған Алла сол үшін сауап жазатындай ақылыңды айт»,- деп сұрадым. Хазірет: «Әй, Абузар, қандай жақсы. Саған ақыл-кеңесімді айтайын, оны жақсылап үйрен. Бұл насихатым барлық жолдар мен тәсілдер арқылы жақсылыққа жеткізеді. Егер оны үйреніп, орындасаң, бойыңа қанат біткендей сезінетін боласың. Әй, Абузар! Нәпсісін жеңіп, өлімнен кейінгі өмірге талпынатындар қандай жақсы. Ал нәпсісіне бағынып, Алладан тілектерін сұрайтындар қандай бақытсыз»,- деді («Бихар әл-Анвар», 74-ші том). Нәпсімен күресетін джиһад джиһадтың әр түрінен құндырақ. Нәтижесінде бұл күреске үлкен сый беріледі. Хазірет Әли (ғ.с.) бұл туралы: «Алланың жолында шәһид болған жауынгердің сыйы күнә жасайтындай жағдайға түсіп, одан тартынған адамның сыйынан артық емес. Періштелердің періштесінің пәктігі сынды»,- деген болатын. («Наһдж ул-Балағе», 474-ші хикмет). Сол себепті адам нәпсісіне бағынып, бұл қатердің құлы болмай тұрып, Алланы ұмытпай, өзін күнәға батудан сақтауы керек. Нәпсіні сақтау адамның рухының нығаюына себеп болады. Имам Садық (ғ.с.): «Махаббат, қорқыныш, ыза мен қуаныш кезінде өз болмысын күнәдан сақтаған адамның денесін Алла тозақ отынан сақтайды»,- деп айтқан болатын.