Имам Хусейн (ғ.с.)-ның мектебі 4
Имам Хусейн (ғ.с.) түнделетіп, Мединеден шығып, илаһи қауіпсіз кесенеге қарай жолға шықты. Бірақ қауіпсіз мекен Алла елшісінің перзенті үшін қауіпсіз болмады. Кез келген сәтте оның өлімге ұшырауы мүмкін еді.
Исламның ұлық пайғамбарының әулетінен шыққан пәк имамдардың әрбір іс-қимылы құнды меруерттері бар ақыл-кеңеске толы теңіз сынды болды. Пәк имамдардың өмір сүру тәсілдеріндегі ең әдемі көріністердің бірі олардың өз жанұяларымен қарым-қатынас орнатуы болды. Имамдардың әйелдері және перзенттерімен қарым-қатынас орнату тәсілдері жеке адам мен қоғамның көптеген мәселелерін шеше алады. Алланың алдында беделі жоғары имам Хусейн (ғ.с.) өз әйелі мен перзенттерін ерекше жақсы көретін. Имам Хусейн (ғ.с.)-ның әйелі Рубаб пен қызы Сәкине туралы өлеңі танымал. Бұл өлеңде: «Мен ішінде Сәкине мен Рубаб болған үйді жақсы көремін. Мен бұл екеуін жақсы көремін, олар үшін бар мүлкімді аямаймын. Бүкіл өмірімде үстімді жер жапқанша айыптауларды қабылдамаймын»,- деп айтылған. Хазірет Рубаб та имам Хусейн (ғ.с.) шәһид болған соң: «Жарқыраған нұр еді. Құрбан болып, Кербала даласында жерленбей қалды. Сен мен үшін паналайтын тау едің. Сен бізбен мейірімді едің.. Сенен кейін жетімдерге кім қамқоршы болады, мұқтаждардың қажеттіліктерін кім қамтамасыз етеді?»,- деп өлең шығарды. Махаббат пен достық сезімі Секинені де ақындардың қатарына қосты.
Имам Хусейн (ғ.с.) әйелінің қалауы, махаббаты мен әдемі достық сезіміне арнайы көңіл бөлді. Сол себептіі ол кейбір уақытта достары мен серіктерінің сынымен бетпе-бет келді. Бірақ ол әйелінің табиғи және заңды тілектерін құрметтеп, өзінің жақтастарына өмірлік сабақ беретін. Рауаяттардың бірінде біраз адамның имамның үйіне келіп, имамның үйіндегі жиһаздарын көріп: «Уа, Алла елшісінің перзенті! Біз үйіңізден бізге ұнамаған кейбір заттарды көрдік»,- дегенде имам: «Біздің әйелдеріміз өз мехриелерімен өз талғамдарымен ұнататын нәрселерін сатып алады. Сендер көріп отырған заттардың ешбіреуі біздің талғамымызбен алынбаған»,- деп жауап берді. Имам мұндай жауабымен жақтастарына әйелдің талғамы мен қалауына көңіл бөлудіғ өмірдің қажеттілігі және жанұяның мықты болуының факторы екенін көрсетті. Имам Хусейн (ғ.с.) Ашура күні де шатырда қалған әйелдер мен балаларды ұмытпай, бірнеше рет оларға келіп кетті. Имам әйелдер мен қыздарды сабыр сақтауға шақырып, жұбатты. Ашура күні қоштасатын уақыт келген кезде имам Хусейн (ғ.с.)-ның қызы Сәкине жылап, имам қызын құшақтап, сүйіп, оның көз жасын сүртіп, өлең айтты. Бұл өлеңде: «Сәкине жаным! Мен шәһид болғаннан кейін сенің көз жасың төгіледі. Көзім тіріде уайым-қайғыңмен алаңдатпа. Мен өлген соң қасыма келіп жыла, таңдаулы бану»,- деп айтылған еді. Имам Хусейн (ғ.с.)-ның алдында екі жол бар еді: бұзақылықтың көрінісі Язидті мұсылмандар халифасы ретінде қабылдап, оған бият ету немесе өлім жолы. Имам Хусейн (ғ.с.) түнделетіп, Мединеден шығып, илаһи қауіпсіз кесенеге қарай жолға шықты. Бірақ қауіпсіз мекен Алла елшісінің перзенті үшін қауіпсіз болмады. Кез келген сәтте оның өлімге ұшырауы мүмкін еді. Сондықтан Имам Меккеден шығып, Куфеге қарай бет алды. Имам сапары барысында жанұясының қасында болды. Ол егер Мединеден жанұясыз кетсе, Язидтің пайғамбар әулетіне қорлық көрсетіп, оларды имамға қысым көрсету үшін пайдаланатынын білді. Сондықтан ол жанұясын өз туының астына жинап, шәһид болғанына дейін өзінен алыстатпады.
Шам халқы Ислам дінімен Муавие сынды адамдар арқылы танысты. Муавие шамамен 42 жыл бойы Шамды биледі. Өз билігі кезінде Муавие Шам халқын бойкүйез, діннен хабарсыз, сонымен бірге тек оның өзіне ғана бағынатын жігерсіз халық етіп тәрбиеледі. Шам халқы шынайы Исламнан өте алыс болды. Муавие сарайындағылардың халықтың байлығы мен мүлкін талан-таражға салып, ішіп-жеуі, үлкен сарайлар салып, қарсыластарын қудалау, абақтыға қамау мен өлтіру Шам халқы үшін күнделікті іске айналды. Олар тіпті пайғамбардың кезінде де исламдық үкімет осындай тәсілдермен әрекет жасады деп ойлады. Сондықтан Амави үкіметі имам Хусейн (ғ.с.)-ның көтерілісі мен шәһид болуын өз мүддесіне өзгерте алды. Сондай-ақ, кейбіреулер имам Хусейн (ғ.с.)-ның шәһид болуы туралы: «Имам өкпе ауруынан өлді»,- деп өтірік айтатын. Осындай жағдайда бір ер адам Дамаскте тұтқындардың керуенін көріп, имам Хусейн (ғ.с.)-ның перзенті имам Саджад (ғ.с.)-ға: «Сендерді өлтіріп, халықты сендерден босатқан Құдайға алғысымды айтамын»,- деді. Имам Саджад (ғ.с.) сабыр сақтап, «Ахзаб» сүресінің «Шын мәнінде Алла сендерден арамдықты аулақ қылып, өздеріңді тап-таза қылуды қалайды»,- деген 33-ші аятын оқып, содан соң: «Бұл аят біз үшін жіберілген»,- деді. Содан соң ер адам тұтқындар туралы естігендерінің дұрыс емес екенін түсінді. Олар бөтен емес, олар пайғамбардың перзенттері еді. Ол айтқан сөздеріне өкініп, тәубе етті.
Сөйтіп, имам Хусейн (ғ.с.)-ның әулетінің үйден үйді аралап жүруі, сонымен бірге имам Саджад (ғ.с.) мен хазірет Зейнеп және жанұяның басқа мүшелерінің құтпаларының арқасында Бани Умави үкіметінің бірнеше жылдық бұрмалаушылықтары тіпті халифаттың орталығы Шамда да заласыздандырылды. Жас әрі білімді еді. Кеудесі жастық шақтың жалыны мен батылдық пен адалдыққа толы жасөспірім кәмелет жасына да жетпеген еді. Ашура қарсаңындағы түнде имам Хусейн (ғ.с.) серіктерінің шәһид болғаны туралы хабарлаған кезде Қасем имамның қасына жақындап: «Көке! Ертең мен де шәһид боламын ба?»- деп сұрады. Имам оны құшағына алып: «Балам! Өлім деген сен үшін не?»- деп сұрады. Қасем: «Балдан тәтті нәрсе»,- деп жауап берді. Имам мұндай жауапты есітп, қуанып: «Сен де, Әлиасқар да шәһид боласыңдар»,- деді. Қасем Ашура күні өзін қақтығысқа дайындап, қылышын алды. Ол жас әрі бойы да кішкентай болғандықтан қылышы жерде сүйретіліп жүрді. Имам Хусейн (ғ.с.) оның қылышын қысқартып беріп, оны құшағына алып, біраз жылады. Қасем майданға шығуды сұрады. Хазірет басында рұқсат етпеді, бірақ Қасемнің талабын қайталаған соң рұқсат берді. Хазірет Қасем майданға шығып, салт бойынша өзін таныстырып: «Уа, Алланың дұшпандары, егер мені танымасаңдар, мен Хасан бен Әли бен Абиталебтің ұлымын. Ал сендердің қоршауыңа түскен адам – менің көкем Хусейн (ғ.с.)»,- деді. Ол өзін таныстырып болған соң соғыс майданына шығып, ерлер сынды батыл шайқасты. Сарбаздардың бірі Хамид бен Мүслім: «Имам Хусейн (ғ.с.)-ның шатырлары жақтан жүзі ай сынды жарқыраған жасөспірім майданға шықты Қолында қылышы бар, өзі ұзын көйлек киген. Амр Саад Азади: «Алламен ант етемін, мыа жасөспірімге қарсы шабуыл жасау өте қиын»,- еді. «Сенің жасөспірімде не ісің бар? Алламен ант етемін, егер ол мені қылышымен ұрса, мен оған қарай шабуыл жасамаймын. Оны қоршағандардың өздері оған қарсы шабуыл жасасын»,- дедім. Амр Саад: «Алламен ант етемін, мен оған шабуыл жасап, әлемнің жарығын көрмейтін етем»,- деді. Қасем соғысып жүрді. Амр Саад оны күтіп, Қасем оның қасына жақындаған кезде қылышын көтеріп, бар күшімен басынан ұрады. Қасем бетімен жерге құлап: «Көке! Маған көмектес»,- деп айқайлайды. Қасемнің даусы құлағына жеткен кезде имам Хусейн (ғ.с.) асығыс атына мініп, майданға аттанады. Имам: «Алламен ант етемін! Сенің дауысыңды естіп, жауап қайтара алмағаны немесе сен үшін пайдасы болмайтын жауап қайтарғаны көкең үшін өте ауыр»,- деді. Имам Хусейн (ғ.с.) жансыз Қасемді құшақтап, шатырларға қарай алып кетті. Ол Қасемді Әлиакбардың мәйітінің қасына жатқызып: «Бауырымның ұлдары, жақындарым! Сабыр сақтаймын! Алламен ант етемін! Бүгіннен бастап бақытсыздық көрмейсіңдер»,- деді.