Қаз 08, 2016 22:31 Asia/Almaty
  • Имам Хусейн (ғ.с.)-ның мектебі  5

Имам Хусейн (ғ.с.) – исламның ұлық пайғамбарының барлық ерекшеліктері мен мінез-құлқының мұрагері. Ол өз атасы сынды халықтың адасуына алаңдап, оларға жанашырлық білдірген.

Алланың соңғы пайғамбары хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның мұрагері саналатын өзіңе Алланың нұры жаусын!

Исламның ұлық пайғамбары халықтың надандығы мен дұрыс жолдан ауытқушылығын көрген кезде қатты алаңдады. Алла Тағала «Шұғара» сүресінің 3-ші аятында: «(Мұхаммад с.ғ.с.) Олар иман келтірмеді деп, өзіңді жоя жаздадың»,- дейді. Имам Хусейн (ғ.с.)-да ресалат ағашының жемісі. Ол пайғамбардың мұрагері әрі хазіреттің болмысының бөлшегі. Алланың елшісі: «Хусейн менен, мен Хусейннен» деген болатын.

Имам Хусейн (ғ.с.) Ашура күні дұшпаннан көрген қастандықтар мен рақымсыздықтарға қарамастан, тіпті оның адамдары мен шатырларындағы балаларға су татырмаған адамдарға оларды дұрыс жолға нұсқайтын ақыл-кеңес айтудан бас тартпады. Язидтің сарбаздарының алдында сөйлеген сөзінің әр сөйлемінің тереңдігі сондай, оның әрқайсы тәпсірлеуді қажет етеді. Имам олардың қастандықтарына қарамастан Язид әскерінің қолбасшыларына ақылын айтты. Имамның мақсаты өздерін сатқан адамдарды құтқару және оларды имамды өлтіру салдарынан мәңгілік азапқа түсетіндіктері туралы ескерту болды. Ашура күні Амр Саадпен бетпе-бет келген кезде: «Сен қандай бақытсызсын Саадтың ұлы! Алланың қасына оралғанда Одан қорықпайсын ба? Менің кімнің ұлы екенімді біле тұра, менімен соғысасын ба? Аллаға жақындау үшін артындағы жиыннан кетіп, маған қосыл»,- деді. Имамның жанашыр сөздері рақымсыз сарбаздардың көбіне әсер етпгенімен олардың арасында бұл сөздерді қабылдап, имам Хусейн (ғ.с.)-ның әскеріне қосылып, мәңгі бақытқа жеткендер болды. Ең ауыр жағдайда дұрыс жолға нұсқаудан бас тарпау пайғамбар мұрагерінің тәсілі болды.  Имам Хусейн (ғ.с.) ресалят пен имамат ағашының жемісі болды. Ол Құрандағы жоғары құндылықтарға сай ахлаққа ие еді. Ол адамгершілік пен жомарттықсынды ерекшеліктерге ие болып, дос пен дұшпанды таңғалдыратын. Имам Хусейн (ғ.с.)-ның жомарттылығының теңізі  туралы адамның ойыны сыйдыру және біздің қаламымызбен сипаттау мүмкін емес. Алайда оның ерлігі туралы сипаттау біздің шөлімізді қандырады. Тарихта Муавиеннің исламның ұлық пайғамбарының әулетіне қарсы үгіт-насихаттарының әсеріне түсіп, жүрегінде Имам Хусейн (ғ.с.)-ға қарсы кек пен дұшпандылықты ұстап жүрген Шамның ер адамы туралы айтылған. Бұл адам Медине қаласына кіріп, имам Хусейн (ғ.с.)-ды көрген кезде оған тіл тигізіп, балағаттай бастайды. Имам мейірімділгімен оған қарап: «Егер сен бізден көмек сұрасан, біз саған көмектесеміз. Егер бір нәрсе сұрасан, сол нәрсені береміз, ал егер дұрыс жолға нұсқауды сұрасан, дұырс жолды көрсетеміз»,- деді. Мұны есітп, ер адам ұялады. Оның ұялғанын сезген имам. «Сізді айыптамаймыз, Алла Тағала сізді кешіреді, ол рақымдылардың рақымдысы»,- деп қосты. Шамның адамы жиыннан кетеді. Ол өз болмысында имам Әли (ғ.с.) мен пағйамбар әулетіне деген ыстық сезімдердің пайда болғандарын сезеді. Имам Хусейн (ғ.с.)-ның іс-әрекеттеріндегі жомарттылықтың ең әдемі көріністерін Кербала оқиғасы кезінде байқауға болады. Имам Хусейн (ғ.с.)-ның керуені Куфе жолында Хур бен Язид Риахидің әскерімен бетпе-бет келеді. Олар имам Хусейн (ғ.с.)-ның жолын жауып, оны суы мен өсімдігі жоқ далада тоқтатуға міндеттелген болатын. Бірақ су қорлары таусылған Хурдың сарбаздары қатты шөлдеген болатын. Имам олардң және тіптіолардың аттарының шөлін қандыруды бұйырады. Басқалардан кейінірек жеткен дұшпанның сарбаздарының бірі сондай шөлдеп, тіпті атынан түсіп, су ішітен күші болмады. Имам оны көріп, алдынан шығып, атын жатқызып, өз қолымен су берді. Бірақ Ашура күні олар тіпті имам Хусейн (ғ.с.)-ның алты айлық  баласына су татырмайды және әкесінің қолындағы баланы тамағынан садақ атып өлтіреді. Имам Хусейн (ғ.с.) Ашура күні дұшпанның қастықтарына қарамастан жомарттылығын көрсетті. Бұл сахналар соғыс майданындағы имам Әли (ғ.с.)-ның жомарттығын еске салды. Дұшпан әскерінің күшті сарбаздарының бірі Тамим бен Қахтабе имам Хусейн (ғ.с.)-мен жекпе-жек қақтығысқан кезінде аяғының біріне айырылып, жерге жығылды. Ол өлімге жақындағанын көріп, имам Хусейн (ғ.с.)-нан өлтірмеуді сұрады. Имам  Тамимді өлтірмей, дұшпанның сарбаздарының біріне оны өзімен алып кетуге рұқсат етті. Имам Хусейн (ғ.с.) дұшпанның қылмыстарына және керуенде балаларға су татрмай, рақымысздық танытқанына қаармастан жарақат алған дұшпанға рақымдылығын көрсетті.

Имам Хусейн (ғ.с.)-ның барлық серіктері шәһид болып, ол перзенттері мен серіктерінің шәһид болғанын көрген кезде майланға шығу шешім қабылдады. Бірақ майданға шығардан бұрын, өзініңдұрыс жолға нұсқау міндетін орындау үшін: «Алла елшісінің әулетін қорғайтындар бар ма? Бізді өлтіргендері үшін Алладан қорқатындар бар ма? Алла үшін бізге көмекке келетіндер бар ма?»- деді. Имам Хусейн (ғ.с.)-ның дауысы пайғамбар әулетінің құлағына жетіп, олар дауыстап жылады. Имам шатырдың қасына оралып, хазірет Зейнабқа: «Кіші баламды (Әлиасқарды) маған бер, онымен қоштасайын»,- деді. Хаірет баалсын құшағына алды. Хазірет Зейнаб: «Бауырым, мына бала біраздан бері су татымады. Мына әскерден ол үшін шамалы су сұра»,- деді. Имам Хусейн (ғ.с.) сәби баласын дұшпанның сарбаздарына қарай апарып, оларға: «Мына балаға рақымдылық білдіріңдер. Көрмейсіндер ме, ол шөлден ауызын ашып-жауп жатыр?!»- деді.  Имам сөзін аяқтамай, Хармале бен Кахли Асади Амр Саадтың ишарасымен Әлиасқардың тамағын садағымен нысанаға алды, оқ баланың тамағына қадалды. Әлиасқардың өлімі имам Хусейн (ғ.с.) үшін ауыр жәйт болды. Ол жылап, Аллаға: «Иә, Алла! Өзің біз бен мына адамдардың арасында төреші бол. Олар бізді шақырды, бірақ көмектесудін орнына бізді өлтіруге кірісті»,- деді. Имам Хусейн (ғ.с.) қолына кішкентай шәһидттің қаның толтырып, аспанға қарай шашып: «Мен әр қиындықты төземін, өйткені Алла барлық нәрсені көреді»,- деді. Сол кезде имам Хусейн (ғ.с.) атынан түсіп, қылышын жерге қойып, шәһидті жерлеуге кірісті.

 Ашура көтерілісінің сабақтарының бірі Алланың жолында барлық нәрседен бас тарту болды. Имам Хусейн (ғ.с.) Алланың жолында өзінің барлық мүлкі мен жақындарын жоғалтты. Ол тіпті Кербала ерлігінің  соңғы сағаттарында ана сүтінен айрылмаған баласы Әлиасқар шәһид болудын дәмін татыған кезде: «Бұл қайғы да мен үшін оңай, өйткені Алла Тағала оны көріп тұр»,- деді. Хазіреттің соңғы сөздері де: «Иә, Алла, бұл ауыртпалықтардың барлығын көре тұра, Өзіннің ризалығын үшін Сенің бұйрығына бағынамын»,- деді. Әлиасқар Кербаланың ең жарқыраған азаматы, Исламның ұлық пайғамбарының жәбір көруінің ең үлкен құжаты. Ол сәби болғандығынан көтеріліске ісімен үлес қоспағанымен рухылық және  психикалық тұрғыдан маңызды рөл атқарды. Алты айлық сәби Әлиасқардың шәһид болуы мен имам Хусейн (ғ.с.)-ның шөлден құрғаған еріндері пайғамбар әулетінің дұшпандарының адамгершіліктен жат болмысын әшкереледі. Адамның көбінің шындықты жалғандықтан ажырату күш-қуаты болмаған заманда хазірет Әлиасқардың шәһид болу оқиғасы шындық майданынының жәбір көруін және жалғандық майданының арсыздығын баршаға анықтады.