Қаз 10, 2016 10:54 Asia/Almaty
  • Имам Хусейн (ғ.с.)-ның мектебі (6)

Имам Хусейн (ғ.с.) өзі мен әулетінің тағдырынан хабардар бола тұра, Алланың дінін сақтауды өзінің жанынан да маңызды санады. Омеяд үкіметіндегі бұрмаланушылықтардың көбейгені соншалықты, хазірет көтеріліс жасамаған жағдайда Ислам бұрынғы халифалар ойлап тапқан бедғаттар, қаралаушылықтар мен ауытқушылықтардың астында көміліп, одан ешқандай белгі қалмас еді. Имам өзінің шәһид болатынын біле тұра Исламды сақтап қалу үшін көтеріліс жасады.

Адамзат тарихында көптеген соғыстар болды. Олардың арасында әділетті қорғау мақсатындағы көтерілістер де аз емес. Ақиқатты талап етуші көптеген адамдар әділетті жүзеге асыру үшін және илаһи мақсаттарда өздері мен жақындарының жанын құрбан етеді. Хақ жолында бас көтерген әрбір адамның Жаратушының ризашылығына ие болатындығы белгілі. Алайда кейбіреулерінің тарихта есімі қалмағанымен, кейбіреулерінен жақсы ат қалады. Пәк адамдардың ақиқатты талап етуші көтерілістерінің арасында бір мың төрт жүз жылдан кейін миллиондаған адамның жыл сайын аза тұтуына себеп болып отырған тек имам Хусейн (ғ.с.)-ның көтерілісі ғана. Дәл осы көтерілістің ұрандары мен құндылықтары ұлы өзгерістердің бастауы болған. Дін ғұламалары бұл көтерілістің естелігінің сақталып қалуының құпиясы имам Хусейн (ғ.с.) мен оның серіктерінің адалдығында деп санайды. Себебі Жаратушының алдында Алланың ризашылығы үшін жасалған істер ғана құнды болып табылады.

Құран Кәрімде  барлық илаһи тапсырмалар адалдық пен Аллаға жақындыққа ұмтылуға байланысты. Алла Тағала Құранда джиһад туралы «Жаратушының жолында джиһад жасағандар» және шәһид болу туралы «Алланың жолында өлтірілген адамдар», ал қайырымдылық туралы «Алланың жолында өз мал-мүлкін қайырымдылыққа бергендер» дейді. Сонымен қатар пайғамбар үмбеті (ғ.с.) туралы «Инсан» сүресінде былай дейді: «Тамақты жақсы көре тұра міскінге, жетімге және тұтқынга жегізеді. (8) «Олар: "Шын мәнінде сендерді Алланың ризалығы үшін тамақтандырамыз. Сендерден бір төлеу, алғыс тілемейміз" (9) деді».

Имам Хусейн (ғ.с.)-ның қозғалысының айқын ерекшелігі оның еш риясыз, адал ниетпен жасалуында. Құран Кәрімде: «Жұрттарынан шендене адамдарға мақтанып шыққандар, сондай-ақ Алланың жолынан тосатындар тәрізді болмаңдар! Алла (Т.) олардың істегендерін толық біледі» (Әнфал сүресі, 47-ші аят) деп айтылған. Имам Хусейн (ғ.с.) өзінің көтерілісі туралы былай деген: «Мен мақтаншақтық пен менмендіктен, тәкаппарлық пен үстемшілдіктен бой көтерген жоқпын, өз атамның үмбетінің істерін түзету үшін көтеріліске шықтым». Осы көтерілісте имамға адал серіктері көмектесті, бірақ Алланың ризашылығынан басқа нәрсені көздеген жаман ниетті адамдар нұр кереуеніне қосылмады немесе орта жолда одан шығып кетті. Ал имам Хусейн (ғ.с.) мен серіктерін Жаратушының ризашылығынан басқа еш нәрсе қызықтырмады. Ашураның құпиясы да осында. Ашура көтерілісі уақыт өте келе ескіріп, ұмытылудың орнына, оның тартымдылығы күннен күнге артып отыр. Бұл – адал ниеттің нәтижесі. Себебі жаратылыс жүйесінде адал ниетпен жасалған іс-ғамал ешқашан жойылмайды.

Күрес майданына аяқ басып, дұшпанға қарсы сап түзеген әр адам өзінің жеңіске жетіп, дұшпанның жеңілуін қалайды. Имам Хусейн (ғ.с.)  де осы қағидадан тыс қалмай, жеңіске жетуді көздеді. Алайда имам Хусейн (ғ.с.) сол кездегі жағдайда жеңіске жете алар ма еді? Егер жеңіске жете алмаса, неліктен бұл майданға аяқ басты? Бұл сұрақтарға мынадай жауап беруге болады: исламда жеңіс илаһи тапсырманы орындау және міндеттелген жауапкершілікті аяқтау болып табылады. Кейде жағдай адамды өз мақсатына жету үшін, тіпті оны өлімге жеткізсе де, оны қолынан келетін бар істі жасауға итермелейді. Илаһи бұйрықтарды орындап, Исламды қорғау үшін Бадр, Хейбар, Ахзаб және тағы басқа майдандарға асыққан Ислам тарихындағы күрескерлер де джиһад майданына өз еріктерімен барудың соңы олардың шәһид болуымен аяқталатынын білген. Себебі дінді қорғап, оны сақтап қалу үшін қайта оралмайтын майданға аяқ басудан басқа амал жоқ екенін олар жақсы білді.

Көптеген рауаяттарда айтылғандай, егер бір адамның өміріне қауіп төнсе, ол жанын сақтап қалу үшін бар мал-мүлкін береді. Егер қауіп ислам дініне төнсе, мүмін дінді қорғау үшін жанын береді. Сол себепті дінді сақтап қалу үшін кез келген түрде жанкештілік көрсетуге болады. Имам Хусейн (ғ.с.) де жанкештілік жасады.

Имам Хусейн (ғ.с.) Кербалаға барар жолдағы өзі мен әулетінің тағдырынан хабардар болғанымен, Алланың дінін сақтауды өзінің жанынан жоғары қойды. Өзін исламдық деп атаған Омеяд үкіметі, одан кейінгі Язид үкіметінде ауытқушылықтардың көбейгені соншалықты, егер  хазіріт көтеріліс жасамаған жағдайда Ислам, Құран мен тарих бойында пайғамбарлар алып келген нәрселер бұрынғы халифалар ойлап тапқан бедғаттар, қаралаушылықтар мен ауытқушылықтардың астында көміліп, олардан ешқандай белгі қалмас еді. Ал имам өзінің шәһид болатынын біле тұра Исламды сақтап қалу үшін көтеріліс жасады. Бұрынғы діндер осындай қоқыстың астында көміліп қалғандықтан, олардан дұрыс көрініс қалмады. Сондықтан Имам Хусейн (ғ.с.) дін мен оның негіздерін сақтап қалу үшін өзі мен пайғамбар әулеті және сахабаларының жанын құрбан етті. Осылайша бұл көтеріліс тарихтың беттерінде мәңгілікке сақталып, ақиқат пен әділет жолындағы барлық күрескерлер үшін үлгі болып қалды.

Сәлем саған , йа, Абу Абдолла әл-Хосейн!

Имам Хусейн (ғ.с.) Кербалаға жеткен кезде Пайғамбар (с.ғ.с.)-ның сахабаларының бірі әрі әкесі Әли бен Абиталебтің жақын достарының бірі болған Хабиб бен Мозахерге хат жолдап, былай деп жазды: «... Уа, Хабиб! Сен менің Алла елшісіне (с.ғ.с.) жақындығымды басқалардан жақсырақ білесің. Бізді танисың. Оның үстіне, сен көпті көрген мейірімді адамсың. Бізден көмегіңді аяп қалма. Атам, Алла елшісі қиямет күні саған алғысын білдіреді».

Имамның хаты Хабибтің қолына жеткен кезде ол Убайдулла бин Зиядтың қызметкерлерінен қорқып, өзін науқастанған сияқты көрсетіп, өз тайпасының адамдарының арасында кәрілікке мойынсұнғанын айтады. Хабиб қабылдаған шешімі жария болып, Убайдулланың ашуына ұшырамас үшін айтқан сөздеріне де сақ болады. Ақырында, Хабиб түнделетіп, Куфадан кетіп, өзінің құлымен бірге Кербалаға жетеді.

Хабиб бен Мозахер Кербалаға жеткен соң имам Хусейн (ғ.с.)-ға деген адалдығын іс-жүзінде майданда көрсетеді. Имамның жәрдемшілері аз, ал дұшпандары көп екенін көрген кезде имамға: «Осы маңда Бани Асадтың бір тайпасы бар. Егер рұқсат етсеңіз, соларға барып, сізге жәрдем етуге шақырайын. Алла Тағала оларға тура жол көрсетер» деді. Хазірет оған рұқсатын бергеннен кейін асыға сол жерге жетіп, тайпа адамдарына: «Сендер үшін жақсы сый алып келдім. Бұл тайпа жетекшісі өз адамдары үшін алып келетін ең жақсы нәрсе. Мүміндердің әміршісінің перзенті Хусейн мен Фатима Захра сендерге жақын жерге келді. Олардың қасында бір топ мүміндер бар. Оларды дұшпандар өлтіру үшін қоршап алды. Сендерді оны қорғауға және пайғамбардың оған деген құрметін сақтап қалуға шақыру үшін келдім. Алланың атымен ант етемін! Егер оған көмектессеңдер, Жаратушы сендерге дүние мен ақыретте шапағатын жаудырады» деді.

Олардың арасынан Абдолла бин Башир есімді адам орнынан тұрып: «Ей, Хабиб, Алла Тағала талпынысыңа нұр жаудырсын! Бір адам өзінің ең жақынына беретін сый алып келдің. Мен сенің шақыруыңды құптайтын бірінші адаммын» деді. Осылайша, басқалар да орындарынан тұрып, осындай сөздер айтып, имам Хусейн (ғ.с.)-ға қосылып, оған көмектесу үшін әзірліктерін жария етті. Олардың саны 70-90 адамға жетті. Олар Кербалаға қарай аттанбақ болды. Алайда олардың арасында Омар Саадтың бір тыңшысы болған еді. Ол бұл хабарды оған ілезде жеткізді. Омар Саад Азрак сияқты қанішер қызметкерін 500 салт аттымен бірге соларға қарай жіберді. Жендеттер сол түні жетіп, тайпа адамдарына бөгет болды. Осылайша, Бани Асад тайпасы имамға көмектесе алмады. Олар Ашура оқиғасы аяқталып, пайғамбар үмбеті тұтқынға алынғаннан кейін Кербалаға келіп, шәһидтердің мәйіттерін жерледі.

Иманды әрі адал Хабиб бен Мозахер дұшпанмен бетпе-бет келген кезде айқайлап, дұшпанға қарай ұмтылды. Хабиб пен кекшіл әскер шайқасып жатқанда, кенеттен Бани Тамим тайпасынан бір адам оны қылышпен ұрды. Осы кезде  тағы бір адам оны найзамен ұрып, жерге құлатты. Хабиб орнынан тұруға ұмтылған кезде Хосейн бен Тамим оның басын шауып түсіріп, шәһид етті. Осы қарттың шәһид болуы имам (ғ.с.) мен оның серіктеріне ауыр тиді. Имам Хусейн (ғ.с.) оның жаназасын шығарар кезде: «Өзімнің және өзімді жақтаушы серіктерімнің сыйын Алла Тағаладан күтемін» деді.

 

Тегтер