Қаз 17, 2016 11:03 Asia/Almaty

Нәміл сүресі 1-5 аяттарының тәпсірі

Өткен бағдарламада «Шұғара» сүресінің аяқталуымен, бүгін «Нәміл» сүресінің аяттарына жасалған тәпсірлермен таныстыруымызды бастаймыз.

 Құран сүрелерінің кейбіреулері табиғи заттардың немесе жануарлардың аттарымен аталған. Сондай сүрелердің бірі болып табылатын осы сүре «Нәміл» – «құмырсқалар» деп аталған.

18-ші аятында Сүлеймен пайғамбардың әскерінің қозғалысы кезіндегі құмырсқалармен сұхбатқа сілтеме жасалғандықтан осы сүре «Нәміл» деп аталған.

«Нәміл» сүресінің 1-2 аяттары: «طس تِلْکَ آیَاتُ الْقُرْآنِ وَکِتَابٍ مُّبِینٍ»، «هُدًى وَبُشْرَى لِلْمُؤْمِنِینَ»

 

«Та», «син». Ұғымын Алла біледі. Бұл ап-ашық Кітап; Құранның аяттары. (1) Мүміндер үшін тура жол әрі қуаныш. (2)

 

Бұл сүре Құранның басқа 28 сүресі сынды «моқаттат», яғни жеке әріптерден басталып, сол сүрелер сынды Құранның ұлылығын баяндайды. Құран – баршаға қолжетімді әліппенің қарапайым әріптерімен жазылған, бірақ ешбір адам тіпті сол сияқты бір де бір сүре әкеле алмайтын кітап. Бұл кітаптың аяттары – айқын да айқындаушы, хақты жалғаннан ажыратушы. Бұл кітап барша халыққа жетекшілік ету үшін түсірілген. Бірақ оны пайдаланған адамның ғана бақытқа жетіп, оған иман келтіріп, оның ақиқаттарын қабылдайтындығы қалыпты жағдай. Бұл аяттар ұлы Құдайдың сөзі.      Пайғамбарға түсірілген аяттардың екі атауы бар: бірі – Құран. Бұл пайғамбардың аяттарды халыққа оқуына байланысты; келесісі – кітап; олай аталуының себебі пайғамбар халыққа аяттарды оқығаннан кейін оның хазіреттің кейбір сахабалары тарапынан жазылуына байланысты. 

Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Пайғамбарлардың қоғамдағы қозғалысы – оқу, жазумен бірге болған, хақ пен жалғанның арасын түсіндіру негізіндегі мәдени  қозғалыс.  2.Құранның артықшылықтарына жазбаша болуы, тағылымдылығы, адамға жетекшілік етіп, сүйінші хабарды жеткізуі  жатады.

3.Адамдарға шынайы сүйінші хабардың келуі олардың хақ пен ақиқат жаққа нұсқалуына байланысты.    

«Нәміл» сүресінің 3-4-5 аяттары.

 

«الَّذِینَ یُقِیمُونَ الصَّلَوةَ وَیُؤْتُونَ الزَّکَوةَ وَهُم بِالْآخِرَةِ هُمْ یُوقِنُونَ»، «إِنَّ الَّذِینَ لَا یُؤْمِنُونَ بِالْآخِرَةِ زَیَّنَّا لَهُمْ أَعْمَالَهُمْ فَهُمْ یَعْمَهُونَ»، «أُولَئِکَ الَّذِینَ لَهُمْ سُوءُ الْعَذَابِ وَهُمْ فِی الْآخِرَةِ هُمُ

الْأَخْسَرُونَ»

Олар намазды толық орындайды, зекет береді де олар ахиретке нақ сенеді. (3) Рас ахиретке сенбегендердің өздеріне қылған істерін әдемі көрсеттік те олар сандалып жүреді. (4) Міне, сондайлар, оларға азаптың жаманы бар. Әрі олар, ахиретте де өздері зиянда болады. (5).

Алдыңғы аяттардың жалғасында Құдай алдымен мүміндердің ерекшеліктерін баяндайды. Ол ерекшеліктерге іс-әрекеттің екі ерекшелігі мен ойдың бір ерекшелігі жатады. Намаз оқу мен зекет беру – мүміндердің айқын да айшықты екі ерекшелігі. Осы екі сипаттан кенде адамның иман туралы сөздері шынайы емес. Алайда намаз бен зекеттерден маңызды нәрсе – өлімнен кейінгі әлемге деген сенім. Егер адам оған сенбесе ол осы  дүние мен оның қызығына салынады. Олар бұл дүниенің мал-байлығына ықыластарының ауғандығына байланысты ақыретті теріске шығарып, Құдай жолында іс жасамайды. Ақыретке иман келтірмейтін адамға жаман, тыйым салынған істер көркем және құнды көрініп, солардың соңынан жүгіретіндігі түсінікті. Ондай істердің қияметтегі қатты жазасы болады.   

Құранның әртүрлі аяттарында шайтанның жаман істерді адамға әдемі етіп көрсететіндігі айтылған. Бірақ тек осы аят пен Құран аяттарының тағы бірінде ғана адамдарға жаман істерді жақсы етіп көрсету Құдаймен байланыстырылған. Бәлкім, Құдайдың кез келген істі қайталаудың оның мінезіне әсер етіп, біртіндеп, оның ахлағын өзгертетін ерекшелікті адамның болмысына орналастырғаны да сол себептен болар.   

Адам жаман іс жасаған кезде біртіндеп оның жамандығы оның көз алдында азайып, өзінің лайықсыз ісін ақтауға дейін  әдеттеніп кетеді. Егер осы күйде жалғастыратын болса соңында іс оның өзінің әрекетін көңілге қонымды санап, басқаларды да соған шақыруға дейін жетеді. Мұндай адам жақсы іс істеп жүрмін деп ойлап, өзінің бұрыс істерін жасауды арттыра түседі. Бірақ оның сол жолдағы талпынысы артқан сайын хақ жолынан ауытқып, жолсыздыққа шырмалуы көбейе түседі. Оның өмірінің қоры зая кетіп, қияметте өзін өзіне ең зиян келтірген адам ретінде көреді.

 Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Исламның артықшылықтарының біріне Құдаймен байланысты адамдар және мақұрым топпен байланыспен бір қатарға қоюы жатады.

2.Жақсы немесе жаман істерге әдеттену адамның шарасыз және табиғи істерінің нәтижесі мен салдары. Егер бұл илаһи заң мен сүннет дұрыс қолданылмайтын болса, адам зияндар мен орны толмайтын шығындарға ұшырайды.

3.Егер қияметке сенетін болсақ, біздің көзімізге әдемі болып көрінетін көптеген істерден бас тартқан болар едік. Ол кезде илаһи тағылымдар негізінде әрекет етіп, илаһи емес құндылықтарды қабылдамайтын боламыз. Сол кезде жалаңаштықты өркениеттің белгісі, ысырапшылық пен бақуаттылықты адами өлшем санамаймыз. Сонымен қатар біздің көзқарасымыз бойынша жеке немесе ұлттық мүдде хақ пен жалғанның өлшемі бола алмайды.

4. Қияметке күпіршілік келтіріп, оны теріске шығару адамға үлкен зиян келтіреді.