Қаз 17, 2016 11:06 Asia/Almaty

Нәміл сүресінің 6-11 аяттарының тәпсірі

«Нәміл» сүресінің 6 аяты:

«وَإِنَّکَ لَتُلَقَّى الْقُرْآنَ مِن لَّدُنْ حَکِیمٍ عَلِیمٍ»

(Мұхаммед Ғ.С.) рас, сен бұл Құранды хикмет иесі, толық білуші тарапынан алып отырсың. (6)

«Нәміл» сүресі Құранның ұлылығы мен оның мүміндерге жетекшілік ету мен бақытқа жеткізудегі ролін баяндаумен басталды. Содан кейін мүміндердің ерекшеліктері мен қияметке сенбейтін адамдардың тағдыры туралы баяндады. Сол аяттардың жалғасы мен пайғамбарлар туралы хикаялар басталмас бұрын алтыншы аятта Құдай «Бұл кітаптағы ағартушылық тәлім илаһи ғылым мен хикметтен алынған» дейді. Құдайдың шексіз ілімі адамның пайдасы мен бейбастақтығына да қатысты. Оның хикметі адамды жаратылудағы мақсатына жақындататын міндеттері мен заңдарын түсіндіруінде. Келесі аяттарда ғылым мен илаһи хикметтің пайғамбарлардың беғсат ағымындағы үлгілері аталады. Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Құран – илаһи ғылым мен хикметтің көрінісі. Уәһиді қабылдаушы пайғамбардың ғылымы да жүре келе қабылдаған ғылым емес, илаһи ғылым.

2. Діни ахкамдар мен бұйрықтар илаһи ғылымнан бастау алған. Дін акхамдарының әрқайсында біз оны білмесек те, оны түсінетін жолымыз болмаса да жасырын хикмет бар.

«Нәміл» сүресінің 7-8-9 аяттары:

 «إِذْ قَالَ مُوسَى لِأَهْلِهِ إِنِّی آنَسْتُ نَارًا سَآتِیکُم مِّنْهَا بِخَبَرٍ أَوْ آتِیکُم بِشِهَابٍ قَبَسٍ لَّعَلَّکُمْ تَصْطَلُونَ»، «فَلَمَّا جَاءَهَا نُودِیَ أَن بُورِکَ مَن فِی النَّارِ وَمَنْ حَوْلَهَا وَسُبْحَانَ اللَّـهِ رَبِّ الْعَالَمِینَ»، «یَا مُوسَى إِنَّهُ أَنَا اللَّـهُ الْعَزِیزُ الْحَکِیمُ»

Сол уақытта Мұса (Ғ.С.) жұбайына: "Рас, мен бір от көрдім. Сендерге тез арада бір хабар немесе жылынуларың үшін шоқ әкелемін" деді. (7) Ол сол араға келген сәтте: "Отта әрі оның маңында болған әркімге мүбарак қылынды. Әлемдердің Раббы Алла пәк" деп дабысталды. (8) "Әй, Мұса! Рас, мен тым үстем, хикмет иесі Алламын". (9)

Бұл сүреде Құдайдың үлкен бес пайғамбары мен олардың қауымдарының басынан өткендері баяндалады. Алдымен хазірет Мұсаның пайғамбарлық қызметінің жолынан басталады. Рауаяттарда былай деп айтылған: «Хазірет Мұса әулетімен бірге хазірет Шұғайыптың үйінен Мысырға қарай бет алып бара жатқан кезде түнде жолда адасып, суыққа ұрынып, жел мен дауылға душар болды. Мұса хазірет отбасына панажай тауып, оларды құтқаруды ойлап тұрған кезде кенеттен алыстан жанып тұрған отты байқайды. Ішінен: «Ана жерде от жанып тұрғанына қарағанда,  ол жерде міндетті түрде адамдар бар. Олар бізге көмектесер, тым болмағанда жөн сілтер» деп ойлайды.  

Хазірет отбасын өзімен бірге ертіп кете алмайды. Себебі ол жақтағылар ұры-қары болуы мүмкін еді. Сол себепті отбасына: «Мен барып келгенше осы жерде қала тұрыңдар. Бізге жол көрсететін хабар әкелемін немесе тым құрығанда суықтан құтқарылуымыз үшін шоқ алып, қайтып келемін» деді.

Отқа жеткен кезде ол жерден ешкімді кездестірмегенімен, таңқаларлық көрініске кезікті. От жап-жасыл ағаштардың арасынан жанып, жан-жаққа шашырап жатты. Мұсаға да шоқ тиді. Ол шошып, кейін шегінді. Сол кезде: «Ей, Мұса! Қорықпа!» деген үн естілді. «Мен дана да мейірімді Құдаймын! Сені пайғамбарлыққа таңдаймын. Мына от – менің құдіретімнің көрінісі. Ол не сені, не мына жасыл ағаштарды күйдірмейді. Сол жерде және оның айналасында кім болса да менің қорғанымда болады».

Осы аяттардан үйренетініміз:

Пайғамбарлар қалыпты өмір сүрді. Олар да басқа адамдар сияқты өмір сүрді. Мұса өзінің отбасының қажеттілігін шешу үшін талпыныс жасады. Сол ретте Құдай оны пайғамбарлыққа таңдады.

Егер Құдай қаласа от та күйдіру қасиетінен айырылып, қауіпсіз болады. Хазірет Ибраһимді отқа лақтырғанда оны күйдірудің орнына суық болып, қатер тудырмады.

 

«Нәміл» сүресінің 10-11 аяттары:

    «وَأَلْقِ عَصَاکَ فَلَمَّا رَآهَا تَهْتَزُّ کَأَنَّهَا جَانٌّ وَلَّى مُدْبِرًا وَلَمْ یُعَقِّبْ یَا مُوسَى لَا تَخَفْ إِنِّی لَا یَخَافُ لَدَیَّ الْمُرْسَلُونَ»، «إِلَّا مَن ظَلَمَ ثُمَّ بَدَّلَ حُسْنًا بَعْدَ سُوءٍ فَإِنِّی غَفُورٌ رَّحِیمٌ»

"Таяғыңды таста!". Оның жыланша иреңдегенін көрген сәтте бұрыла жөнеліп, қайрылып қарамады. "Әй, Мұса! Қорықпа! Рас, Менмін. Менің алдымда пайғамбарлар қорықпайды." (10) "Бірақ кім кесір істесе де, сосын жамандықтан кейін жақсылыққа ауыстырса, онда рас, Мен өте жарылқаушы, ерекше мейірімдімін." (11)

 

Сол дауысты естіп, зияны жоқ отты көрген Мұсаның ішінен «естіп, көріп тұрғандарым Құдайдың сөзі мен ісі екендігіне қайдан сенем»  деп күдіктенуі табиғи іс еді. Сол себепті Құдай оған қолындағы ағаш таяқты жерге тастауға бұйырды. Ол Құдайдың айтқанын орындады. Бірақ кенет таяқтың орнына кішкентай жылан пайда болып, оған қарай бет алды. Мұса қорыққанынан қаша жөнелді. Себебі мұндай таңқаларлық көрініске куә боламын деп ойламаған еді. «Бұл сенің пайғамбарлығыңның белгісі!» деген дабыс естілді. «Сен енді пайғамбарлық дәрежесі мен міндетке жеттің. Сенің көргенің саған сенім сыйлайтын мұғжиза болды. Естіп тұрғаның – шайтанның сендіруі емес, Құдайдың үні. Осы мұғжизаны халыққа көрсету арқылы өзіңнің сиқыршы немесе жадылаушы емес, Құдай тарапынан таңдалған пайғамбар екендігіңе сендіресің. Уа, Мұса! Біздің жанымыз – қауіпсіз әрі тыныш жер. Бұл жерде қорқыныш пен алаңдаушылыққа орын жоқ. Өзі мен басқаларға зұлымдық жасайтын адам қорқуы керек. Бірақ, егер ол да тәубеге келіп, күнәдан бас тартса біздің рақымымызға бөленеді» деді.

Осы аяттардан үйренетініміз:

Мұғжиза пайғамбарлардың қолымен жасалғанымен, олар Құдайдың қалауы және жігеріне байланысты. Сол себепті мұндай таңқаларлық істер адамдар үшін мұғжиза болуымен қатар пайғамбарлардың өздері үшін де мұғжиза және оларға сенім сыйлайтын іс болып табылады.   

Құдайдың көзқарасы бойынша залым қауіпсіздік пен тыныштықта емес, үнемі қорқынышта болуы керек.

Адам жақсы ғамал жасап, күнәларын өтесе Құдай оны кешіреді.