Нәміл сүресі, 668-ші бөлім, 23-28 аяттар
Нәміл сүресінің 23-28 аяттарының тәпсірі
«Нәміл» сүресінің 23-24 аяттары:
«إِنِّی وَجَدتُّ امْرَأَةً تَمْلِکُهُمْ وَأُوتِیَتْ مِن کُلِّ شَیْءٍ وَلَهَا عَرْشٌ عَظِیمٌ»، «وَجَدتُّهَا وَقَوْمَهَا یَسْجُدُونَ لِلشَّمْسِ مِن دُونِ اللَّـهِ وَزَیَّنَ لَهُمُ الشَّیْطَانُ أَعْمَالَهُمْ فَصَدَّهُمْ عَنِ السَّبِیلِ فَهُمْ لَا یَهْتَدُونَ»
"Расында оларға патша болған бір әйел таптым. Оған әр түрлі нәрсе берілген әрі оның үлкен тағы бар" (23) "Оның да, елінің де Алладан өзге күнге табынғанын көрдім. Шайтан оларға істеген істерін әдемі көрсетіп, жолдан тосқан. Сондықтан тура жол таба алмайтын көрінеді." (24).
Алдыңғы бағдарламада бәбісектің Сүлейменнің сарайында өзінің айыбын ақтау үшін ол хазіретке: «Мен Саба өлкесіне бардым. Сол жерден маңызды хабар әкелдім» деп айтқанын баяндадық. Осы аяттар бәбісектің хабарын былайша баяндайды: «Басқа аймақтар сынды емес, ол аймақты үлкен мүмкіндіктерге ие әйел патша басқарады. Ол салтанатты сарайға ие». Сүлеймен бұл хабарды естіп, мұндай патшалықтың бар екендігіне таң қалды. Бәбісек өз есебінің негізгі мазмұнына тоқталып: «Маңызды нәрсе – ол ханымның тәжі мен тағы емес. Құдайдың пайғамбары ретінде сенің білуің керек нәрсе – ол сол өлкенің халқының барлығының күнге табынып, неше түрлі күнәға батқандығында. Себебі шайтан жаман нәрселерді оларға әдемі етіп көрсетеді. Сол себепті бұл халыққа жетекшілік ету қиын іс» деді. Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Құдайдың нығметтеріне ие болу адамдардың жақсы немесе жамандығын білдірмейді. Сүлеймен мен Балғистің екеуі де көптеген мүмкіндіктерге ие болды. Бірақ бірі Құдайдың пайғамбары болса, екіншісі кәпір билеуші болды.
2. Адамдар көбінесе өздерінің басшыларының сенімдері мен солардың дінін қабылдайды. Сол себепті үкімет халықтың діни сенімдерінің қалыптасуында әсерлі рөлге ие.
«Нәміл» сүресінің 25-26 аяттары:
(Сәжде аяты бар) "Көктер мен жердегі көместі көрнеуге шығаратын, өсімдіктерді өсіретін, сондай-ақ олардың көрнеу, көмес істегендерін білетін Аллаға неге сәжде қылмайды?" (25) "Ұлы ғаршының Раббы – Алла. Одан басқа ешбір Құдай жоқ." (26)
«أَلَّا یَسْجُدُوا لِلَّـهِ الَّذِی یُخْرِجُ الْخَبْءَ فِی السَّمَوَاتِ وَالْأَرْضِ وَیَعْلَمُ مَا تُخْفُونَ وَمَا تُعْلِنُونَ»، «اللَّـهُ لَا إِلَـهَ إِلَّا هُوَ رَبُّ الْعَرْشِ الْعَظِیمِ»
Бәбісек Саба өлкесінің күнге табынатын халқы туралы хабарды айтқан соң таңданып: «Аспан мен жердің көрінбейтін нәрселерін сыртқа шығаратын, адамзаттың көрінеу, көмесін білетін Құдайға табынудың орнына олар неліктен күнге табынады екен?» дейді.
Аспандар мен жердегі жасырындарды сыртқа шығарудың дәлелдеріне жаңбырдың жаууы мен өсімдіктердің өсуі жатады. Біз барлығымыз дәнектің алдымен дәннің ішінде болатынын, бірақ Құдайдың құдіреті және қалауымен дәннің өзегінен әдемі өскін түрінде шығатынын білеміз.
Бәбісектің көзқарасы тұрғысынан, тіпті һәм Құдайдың пайғамбары болып табылатын, һәм үлкен патша Сүлеймен табынуға лайық емес. Себебі оның ғылымы шектеулі. Сол себепті тіпті оның Саба өлкесінде не болып жатқаннан хабары жоқ. Тек жаратылған әлем мен адамзаттың жасырын барлық істерінен хабардар, қалаған уақытта көместі көрінеу етіп, басқаларды оның бар екендігінен хабардар ететін Құдай ғана табынуға лайық.
Осы аяттардан үйренетініміз:
Табыну – болмыста қаланатын қасиет. Тарих бойында адам қатты заттар, жан-жануарлар, өздері сынды адамдарды қасиетті, ықпалды деп санап, соларға табынды.
Күн сынды табиғи фактор өсімдіктердің өсуі мен жаратылыс иелерінің тіршілігінде маңызды рөл атқармайды. Бірақ олар өздерінің жаратушысы емес, өздерінің қасиеттері мен ерекшеліктеріне ие емес.
Күнге емес, күнді Жаратқанның алдында сәждеге жығылу керек. Күнді де Құдай жаратқан.
Шайтанның адамдарға жаманды әдемі етіп көрсетудегі мақсаты олар әлемнің Жаратушысының алдында сәждеге жығылмасын дейді. Әлемнің жалғыз жаратушысы Құдайдың алдында сәждеге жығылу – Құдайға табынудың белгісі.
Ғаршының Раббы – ұлы Құдай. Ештеңе де, ешнәрсе де одан жасырын емес.
«Нәміл» сүресінің 27-28 аяттары:
«قَالَ سَنَنظُرُ أَصَدَقْتَ أَمْ کُنتَ مِنَ الْکَاذِبِینَ»، «اذْهَب بِّکِتَابِی هَـذَا فَأَلْقِهْ إِلَیْهِمْ ثُمَّ تَوَلَّ عَنْهُمْ فَانظُرْ مَاذَا یَرْجِعُونَ»
(Сүлеймен Ғ.С.): "Шын айттың ба? Немесе өтірікшілерденсің бе? Көреміз" дед (27). "Мына хатымды алып барып, оны оларға таста да бұрылып тұрып күт. Не жауап қайтарар екен?" (28).
Хазірет Сүлеймен бәбісектің хабарын естіген соң оның жоқ болғанын дәлелді деп қабылдап, оған қарсы әрекет жасаған жоқ. Бірақ оның хабары маңызды әрі ойланарлық болғандықтан, соған қатысты пікір білдірместен, ол туралы зерттеу қажет деп шешті. Сол себепті хат жазып, бәбісекке хатты Саба патшайымына апарып беріп, оның қандай жауап беретінін күте тұруды тапсырды.
Хат жазып, басқаларды Құдайға табынуға шақыру және оларға жөн нұсқау Құдайдың пайғамбарларының тәсілі болды. Тарихта исламның ардақты пайғамбарының да Византия мен Иран патшаларын шақыру үшін оларға хат жазғаны белгілі.
Осы аяттардан үйренетініміз:
Хақ дінге адамдарды шақыру үшін жағдай мен қажеттіліктерге көңіл аударып, әртүрлі құралдарды пайдалану керек. Кейде сөз сөйлеп, кейде хат жазып, кейде өкіл жіберіп әрекет еткен жөн.
Басқалардың уәждері мен үгіт-насихаттары бізді зерттеу мен тексеруден тыймауы керек. Бәбісек өзінің хабарының нақты екендігі туралы уәж айтқанымен Сүлеймен оның растығы мен шындығын тексеру керектігін қуаттады.
Қарсыластарға қатысты кез келген шешім қабылдаудан бұрын оларды жөнге салып, хабардар етуге қатысты әрекет ету жасау керек. Олардың жауаптарына сәйкес тиісті әрекет еткен жөн.