Нәміл сүресі, 670-ші бөлім, 36-40 аяттар
Нәміл сүресінің 36-40 аяттарының тәпсірі
:Нәміл» сүресінің 36-37 аяттары
«فَلَمَّا جَاءَ سُلَیْمَانَ قَالَ أَتُمِدُّونَنِ بِمَالٍ فَمَا آتَانِیَ اللَّهُ خَیْرٌ مِّمَّا آتَاکُم بَلْ أَنتُم بِهَدِیَّتِکُمْ تَفْرَحُونَ»، «ارْجِعْ إِلَیْهِمْ فَلَنَأْتِیَنَّهُم بِجُنُودٍ لَّا قِبَلَ لَهُم بِهَا وَلَنُخْرِجَنَّهُم مِّنْهَا أَذِلَّةً وَهُمْ صَاغِرُونَ»
(Елшілер) Сүлеймен (Ғ.С.)-ға келген сәтте: "Сендер маған малмен көмек етпекшісіңдер ме? Алланың өзіме бергені сендер бергеннен жақсы. Сыйлықтарыңмен өздерің-ақ мәз болыңдар" деді. (36) "Елдеріңе қайтыңдар! Әрине олар қарсы тұра алмайтын ләшкермен барып, ол жерден оларды қорлап шығарамын, олардың соры қайнайды." (37)
Алдыңғы бағдарламада хазірет Сүлейменнің хатына берген жауапта Саба патшайымы оның хат жіберудегі мақсаты дүниенің мал-байлығы мен билігі болды ма, жоқ па, соны сынасын деп Сүлейменге сыйлықтармен елшілерін жібергенін айттық. Ол елшілерінен өзі жіберген сыйлықтарға Сүлейменнің қандай реакция көрсететінін көріп, нәтижесін өзіне айтуды тапсырған болған. Осы аяттардан хазірет Сүлейменнің сыйлықтарды көргенде қуаныш білдірмеуімен қатар оларды өзін алдау үшін әкелген параның бір түрі деп атап: «Маған осындай сыйлық әкелетіндей, мен дүниенің мал-байлығына қол жеткізуді қалайды деп ойладыңдар ма? Сендердің әкелгендерің Құдайдың маған сыйлағанының қасында түкке тұрмайды. Мені мақсатым сендердің Хақтың алдында мойынсұнуларың болған. Егер бағынбасаңдар, үлкен қолмен сендердің патшалықтарыңа барып, билікті сендерден тартып аламын. Қорлыққа ұшырап, сол аймақтан мәжбүрлі түрде кететіндей боласыңдар. Сендер менің хатымды алған соң сыйлық жіберу арқылы мені алдауға тырысады деп емес, зерттеу жасап, менен пайғамбарлық пен дәлелдер туралы сұрайтын шығар деп күттім» деп айтқанын оқимыз. Осы аяттардан үйренетініміз:
1. Құдайдың пайғамбарлары істерінде материалды түрткілерге ие емес. Олар өздерінің илаһи мақсаттары мен міндеттері және жауапкершіліктерін дүниенің ақшасымен, затымен мәміле жасамайды.
2. Басқалармен бетпе-бет келгенде қисынды пайдаланған жөн. Бірақ хаққа мойынсұнғылары келмейтін адамдармен бетпе-бет келген кезде кейде күш көрсеткен де лазым.
3. Джиһад бұрынғы діндерде де қарастырылды.
«Нәміл» сүресінің 38 аяты:
«قَالَ یَا أَیُّهَا الْمَلَأُ أَیُّکُمْ یَأْتِینِی بِعَرْشِهَا قَبْلَ أَن یَأْتُونِی مُسْلِمِینَ»ترجمه این آیه چنین است:«[سلیمان] گفت: ای بزرگان! کدام یک از شما تخت او [بلقیس، ملکه سبا] را برای من می آورد، پیش از آنکه آنان به حالت تسلیم نزد من آیند؟»
"Уа, басшылар! Олар маған бой ұсынып, келуден бұрын, оның тағын маған қайсың әкелесіңдер?",- деді (38).
Тәпсірлерде Саба патшайымының елшілерінің Сүлейменмен кездескен соң Балғис патшалығына қайтып, сыйлыққа қатысты Сүлейменнің наразылығын, оның күш-құдіреті мен сарайының ұлылығын Балғисқа айтып барғаны айтылған. Сол кезде Саба патшайымы сарайындағы үлкендермен бірге өзі Сүлейменге барып, оған қарсы тұруды мақсат етпейтінін айтуға шешім қабылдады. Хазірет Сүлеймен илаһи ғылым арқылы Саба патшайымының бұл әрекетінен хабардар болды. Сол себепті өзінің илаһи құдіретін көрсету үшін сарайындағылардан патшайым Шамға келерден бұрын оның тағын Йемендегі сарайынан Шамдағы Сүлеймен патшаның сарайына жеткізуді сұрады. Осы аяттардан үйренітініміз:
1. Илаһи пайғамбарлар ғайып іліміне ие. Қажет жерде олар лайықты түрде соны пайдаланады.
2.Ұзақ қашықтықты өте қысқа уақытта өткеру – мүмкін іс. Оны пайғамбарлардан басқалар да жасай алады. Сол себепті хазірет Сүлеймен сарай адамдарынан кімнің қолынан осы іс келсе орындауды сұрады.
«Нәміл» сүресінің 39-40 аяттары:
«قَالَ عِفْرِیتٌ مِّنَ الْجِنِّ أَنَا آتِیکَ بِهِ قَبْلَ أَن تَقُومَ مِن مَّقَامِکَ وَإِنِّی عَلَیْهِ لَقَوِیٌّ أَمِینٌ»، «قَالَ الَّذِی عِندَهُ عِلْمٌ مِّنَ الْکِتَابِ أَنَا آتِیکَ بِهِ قَبْلَ أَن یَرْتَدَّ إِلَیْکَ طَرْفُکَ فَلَمَّا رَآهُ مُسْتَقِرًّا عِندَهُ قَالَ هَـذَا مِن فَضْلِ رَبِّی لِیَبْلُوَنِی أَأَشْکُرُ أَمْ أَکْفُرُ وَمَن شَکَرَ فَإِنَّمَا یَشْکُرُ لِنَفْسِهِ وَمَن کَفَرَ فَإِنَّ رَبِّی غَنِیٌّ کَرِیمٌ»
Жындардан бір ифрит: "Оны орныңнан тұруыңнан бұрын келтіремін. Шын оған күшім жетеді де сенімдімін" деді. (39) Сондай өзі кітап ғылымына ие біреу де: "Оны кірпік қағуыңнан бұрын келтіремін" деді. (Сүлеймен Ғ.С.) оның жанына келтіріліп, қойылғанын көрген сәтте: "Бұл Раббымның кеңшілігі. Шүкірлік кылам ба, шүкірсіздік қылам ба, мені сынау үшін. Кім шүкірлік қылса, әрине өзі үшін қылады. Ал кім шүкірсіздік етсе, Раббым бай да (оның шүкірлігіне мұқтаж емес.) өте жомарт."(40))
Хазірет Сүлейменнің өтінішінен кейін қоластындағылардан екеу Саба патшайымының тағын өте қысқа уақытта Йеменнен Шамға алып келуге әзірліктерін мәлімдеді. Олардың бірі Сүлейменнің сарайындағы оның бұйрығын орындайтын жын болды. Ол жиын аяқталғанша, Сүлеймен өзінің патшалық тағынан тұрғанша тақты алып келетінін мәлімдеді. Бірақ Сүлейменнің уәзірлерінің бірі болған, кейін Сүлеймен көз жұмғаннан кейін оның орнына отырған Асаф ибн Бархия атты екінші адам көзді ашып-жұмғанша Саба патшайымының тағын алып келетінін мәлімдеді. Оның ұсынған уақыты өте қысқа болғандықтан Сүлеймен соған келісіп, осы істі Асаф ибн Бархияға тапсырды. Ол өте қысқа уақыт ішінде тақты Сүлейменнің алдына алып келді. Хазірет Сүлейменнің қоластындағы шәкірттерінің бірі орындаған бұл таңқаларлық іс оның тәкәппарлығына себеп болуы мүмкін еді. Сондықтан Сүлеймен мұндай іске кедергі болып, оларды Құдайды еске алуға шақыру үшін және баршаға «Мұндай істі орындаудағы сәттілік біздің құдіретіміз болған жоқ. Бұл бізге сыйлаған Құдайдың құдіреті болды. Біз сол үшін оған шүкіршілік білдіруіміз керек. Ол тіпті біздің алғысымызға да мұқтаж емес, өзінің пенделерінің алғысына ие болуды мақсат етуден өте ұлы» дегенді үйрету үшін Құдайдың атын аузына алды.
Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Адам илаһи білімді пайдаланып, оның табиғаты мен заңдарына билік етіп, табиғатты қалауынша бағындыра алады.
2. Адам бүгін технологиялардың көмегімен заттар мен адамдардың дыбыстары мен суреттерін бір мезгілде әлемнің барлық жеріне жеткізе алады. Материалды уақыт пен мекеннен тыс заттардың өзін жеткізу адамзат ғылымы мұндай әлеуетке әлі қол жеткізбегенімен жасалмайтын іс емес.
3.Өзіміздің біліміміз бен күшімізге мақтанбайық. Біздің ықтиярымыздағы нығмет біздің өзіміздікі емес, Құдайдың шексіз даналығы мен мейірімінің сыйы