Қаз 17, 2016 11:25 Asia/Almaty

Нәміл сүресінің 41-44 аяттарының тәпсірі

"Нәміл" сүресінің 41-42-43 аяттары:

«قَالَ نَکِّرُ‌وا لَهَا عَرْ‌شَهَا نَنظُرْ‌ أَتَهْتَدِی أَمْ تَکُونُ مِنَ الَّذِینَ لَا یَهْتَدُونَ»، «فَلَمَّا جَاءَتْ قِیلَ أَهَـکَذَا عَرْ‌شُکِ قَالَتْ کَأَنَّهُ هُوَ وَأُوتِینَا الْعِلْمَ مِن قَبْلِهَا وَکُنَّا مُسْلِمِینَ»، «وَصَدَّهَا مَا کَانَت تَّعْبُدُ مِن دُونِ اللَّـهِ إِنَّهَا کَانَتْ مِن قَوْمٍ کَافِرِ‌ینَ»

 (Сүлеймен Ғ.С.): "Оның тағын өзгертіңдер. Жолға келер ме екен, немесе жолға келмейтіндерден болар ма (Тағын тани ма, танымай ма) екен? Көрейік" деді. (41) Былқыс келгенде: "Тағың осындай ма еді?",-деп сұрағанда ол: "Осы бейне сол сияқты. Негізінде бізге бұрын мәлімет беріліп, бой ұсынған едік" деді. (42) Оны Алладан өзге шоқынған нәрселері тосқан еді. Шынында олар, кәпір елден еді (43).

Алдыңғы бағдарламада Саба патшайымының сарай басшыларының бірқатарын ертіп, өздерінің Сүлейменге бағынатындықтарын мәлімдеу үшін Йеменнен Шамға келгендерін, сондай-ақ Сүлейменнің бұйрығымен патшайымның тағының көзді ашып-жұмғанша патшайымның сарайынан Сүлейменнің сарайына алдырылғанын айттық. 

Осы аяттар былай дейді: «Сүлеймен патшайымның түсінік-таным деңгейін сынап көру үшін, сонымен қатар таңғажайып істі оған көрсету үшін патшайымның тағын бұрынғыдан өзгеше болып көрінетіндей етіп безендіруді бұйырды. Патшайым Сүлейменнің сарайына кірген кезде оған тақты көрсетіп: «Сенің тағың да осыған ұқсас па еді» деп сұрады. Алайда ол оның сыртқы бейнесінің өзгертілгеніне қарамастан оны танып: «Тап соның өзіндей» деді. Саба патшайымы өінің тағын таныған соң Сүлеймен мен оның адамдарына: «Егер бұл істегі сендердің мақсаттарың сендердің күш-құдіреттеріңді байқап, сендерге бағынуымыз болса, біз осы жерге келуден бұрын сендердің күш-құдіреттеріңнен хабардар болып, мойынсұнған болатынбыз» деді. Аяттардың жалғасы былай дейді: «Саба патшайымы үлкен кәпірлердің ортасында өскендіктен күнге табынушылық пен пұтқа табынушылықтың олардың ортасында тарағаны соншалықты, адамның Құдайға табыну және Хақты тану туралы ойлауына рұқсат бермейтін. Бірақ оған Хақ таныстырылған кезде ол оны танып, қабылдап, оның алдында бойсұнды. Осы аяттардан үйренетініміз:

Көзжұмбайлықпен еліктеу арқылы емес, ғылым мен мағрифат негізінде иман келтіріп, бойсұнудың құны бар.

Егер қоғамды ырымшыл ой-пікірлер мен бұрмаланған сенімдер жайласа, онда Хақты танып, адамдардың иман келтіруіне кедергі болады.

Адам өзгерісті жылдам қабылдайтындықтан бұрынғы теріс қылықтардың жалғыз өзі жаман болашаққа ие болудың себебі емес. Жаман өмір сүріп, бірақ кейін түзу жолға түсіп, түзелуді мақсат еткен адамдар қаншама.   «Нәміл» сүресінің 44 аяты:

«قِیلَ لَهَا ادْخُلِی الصَّرْ‌حَ فَلَمَّا رَ‌أَتْهُ حَسِبَتْهُ لُجَّةً وَکَشَفَتْ عَن سَاقَیْهَا قَالَ إِنَّهُ صَرْ‌حٌ مُّمَرَّ‌دٌ مِّن قَوَارِ‌یرَ‌ قَالَتْ رَ‌بِّ إِنِّی ظَلَمْتُ نَفْسِی وَأَسْلَمْتُ مَعَ سُلَیْمَانَ لِلَّـهِ رَ‌بِّ الْعَالَمِینَ»

 Оған: "Сарайға кір!" делінді. Оны көргенде, су деп ойлап, балтырын ашты. (Сүлеймен Ғ.С.): "Расында ол әйнектен жарқыратылып жасалган сарай" деді. (Былкыс): Раббым, шынында өзіме кесір еткен екенмін. Сүлейменмен бірге барша әлемнің Раббы Аллаға бойсұндым" деді. (44)

Осы аяттардан хазірет Сүлейменнің сарайларының бірінің ауласын әйнек пен хрустальдап, оның астынан су ағызуды бұйырғаны белгілі болды. Саба патшайымы одан өтпек болғанда оны су екен деп ойлап, су тиіп кетпесін деп көйлегінің етегін түреді. Сүлеймен патшайымның бұл ісін көріп, оған: «Сарайдың ауласы әйнек пен хрустальдан салынған. Адамдар оны көрген кезде су екен деп аяқтарын шешеді» деді.

Тақ пен тәжге, салтанаттты сарайға ие Саба патшайымының мұндай көріністерді көріп, таңданғаны түсінікті іс. Ол Сүлеймен сарайының ұлылығы мен салтанатының қасында өз патшалығын түкке тұрғысыз санады.  Сол себепті хазірет Сүлейменнің алдында өзінің билігі мен мүмкіндіктерін көрсетуге орын қалмады. Басқаша айтқанда, хазірет Сүлеймен өзінің материалдық және материалдық емес күш-қуаты мен құдіретін және мүмкіндіктерін көрсету арқылы Саба патшайымына қарсыласу мен соғыс туралы ойламай, екі тарап үшін де  соғыстың ауыр шығыны болатындай әрекет етпеуді түсіндірді.Саба патшайымының материалдық әлеуеті жеңіліс тапқан соң ол рухани тұрғыдан да хазірет Сүлейменнің дінінің алдында мойынсұнып, бойсұнды. Себебі осыншама салтанат пен ұлылықтың Сүлейменді алдандырмағанын, оның дүниелік қызықтарға тәуелді болмағанын, керісінше паташылықпен қатар пайғамбарлық міндеті мен Құдай тарапына шақыру жауапкершілігін шынайылықпен жалғастырып отырғанын, бұл екі істің бір-біріне кереғар еместігін түсінді.

Сол себепті Құдайдың алдында өткен істеріне кешірім сұрап, өзінің Құдайдың алдында мойынсұнғанын мәлімдеп, күнге табынуды қойып, бір Құдайға табынатын дінді қабылдады. Саба патшайымы сол кезде «мен Сүлейменнің алдында бойсұндым» демей, «Мен Құдайға мойынсұндым. Себебі Сүлеймен де Құдайға мойынсұнады. Біздің екеуіміз де Құдайдың пендесіміз» деді. Шәксіз, Саба патшайымының бір Құдайға иман келтіруі Саба аймағы халқының күнге табынудан қол үзіп, олардың Құдайға табынуы үшін негіз дайындады. Осы аяттан үйренетініміз:

1.Материалдық мүмкіндіктер дінді уағыздап, оны тарату жолында жұмсалуы керек. Сүлеймен материалды мүмкіндіктерін адамдарға жөн нұсқап, жетекшілік ету үшін пайдаланды.

2. Кәпірлердің бойсұнуларына себеп болатын исламдық үкіметтердің өнер, сұлулық, өнеркәсіп, дамыған технологиялар сынды факторларға ие болуы құптарлық іс.  3.Шынайы тәубе деген бұрынғы қателіктерін мойындап, Құдайдан кешірім сұрап, болашақтың жолын Алланың жетекшілік нұрымен жүру деген сөз.

4.Иманның рухы – әлемдіктердің Пәруәрдігерінің алдында мойынсұну. Саба патшайымы соңында Құдайдың алдында мойынсұнғанын мәлімдеді