Шұғара сүресі, 649-шы бөлім, 83-89 аяттар
Шұғара сүресі, 649-шы бөлім, 83-89 аяттар
«Шұғыра» сүресінің 83-84 аяттары:
«رَبِّ هَبْ لِی حُکْمًا وَأَلْحِقْنِی بِالصَّالِحِینَ»، «وَاجْعَلْ لِی لِسَانَ صِدْقٍ فِی الْآخِرِینَ»
) "Раббым маған даналық беріп, мені игілерге қоса көр!" (83) "Мені кейінгі ұрпақтың тілінде де шынайы үлгі қыла көр!" (84)
Алдыңғы бағдарламада хазірет Ибраһимнің пұттардың қолынан ештеңенің келмейтінін, барлық істің әлемнің Жаратушысы арқылы жасалатынын көрсету үшін өзінің Құдайын мүшіріктердің құдайларымен салыстырғанын естідік. Осы аяттар мен кейінгі аяттарда хазірет Ибраһим «Раббым!» деп басталатын сөздермен Құдайдан өзінің тілектерін сұрайды. Мұның өзі адамның Құдаймен жақын байланысын көрсетеді. Хазірет Ибраһим: «Ол әлемдіктер мен барлық жаратылыстың ғана Құдайы емес, сондай-ақ маған да жақындығы соншалықты мен оны өзімнің Құдайым көріп, Онымен «Уа, менің Құдайым!» деп сөйлесемін» деді.
Хазірет Ибраһим Құдайдан бірнеше нәрсені сұрайды: біріншісі – ақиқатты ғылым мен мағрифат және мықты да дәлелді қисын арқылы танитын хикмет; келесі сұрағаны – өзіне ізгі іс жасауда игілермен бірлесіп, бірге болуды нәсіп ету. Ғылым мен мағрифатқа ие пайғамбар ізгі істерде алғы шептен көрінеді. Сөйте тұра Құдайдан жолдан тайып кетпеуге және ғылым мен ғамалдың жоғары да биік деңгейлеріне қол жеткізу үшін оған осы екі бағытта: ой және ғылыми бағыттарда жәрдемдесуді сұрайды. Хазірет Ибраһимнің үшінші өтінішіне өзінен кейін де оның ойы мен іс-әрекетінің жалғасын табуын сұрауы жатады. Шын мәнінде Ибраһимнің қалауы – өзі өлген соң да бірқұдайға табынушылық пен таухид болып табылатын діннің жойылмауы және өзінің есімінің естен шығарылмауы. Ол Құдайдан өзінен кейінгі адамдар үшін илаһи үлгі болып, әрдайым есімі жақсы түрде аталып, болашақ ұрпақтың оның бағдарламасын жалғастыруын сұрайды. Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Барлық істерде, әсіресе ғылыми және рухани кемелдікке жетуде Құдайдан жәрдем сұрайық.
2.Ғылым мен хикмет – пәк және дайын жүректерге сыйланатын илаһи сый.
4.Хикметке ие болып, игі жақсылардың ортасында болу – бақыттың ең жоғарғы дәрежесі.
«Шұғыра» сүресінің 85-86 аяттары:
«وَاجْعَلْنِی مِنْ وَرَثَةِ جَنَّةِ النَّعِیمِ»، «وَاغْفِرْ لِأَبِی إِنَّهُ کَانَ مِنَ الضَّالِّینَ»
"Мені нығметті жаннаттың мұрагерлерінен қыл!" (85) "Әкемді жарылқа! Өйткені ол адасушылардан" (9-С. 114-А.) (86)
Хазірет Ибраһимнің төртінші дұғасы өлімнен кейінгі дүниеге қатысты. Біздің барлығымыз дүниелік істерге талпыныс жасаумен қатар ақыретті де ойлап, соның жолында қам-қарекет жасауымыз керек. Сол себепті Құдайдан бізге өзінің мейірімі мен хикметін сыйлап, нығметке толы пейішке енгізуді сұраймыз. Әке балаларына мұраға жеміске толы бақ қалдырғанда балалары еңбек сіңірмей-ақ оның жемістерін жейтіндіктері сынды Құдай да пенделеріне біздің азғантай ғамалдарымызбен қол жеткізу мүмкін емес, оны сипаттап жеткізу қиын жұмақ әзірлеп қойды.
Солай бола тұра Құдай өзінің даналығымен ізгі жандарды соған мұрагер етеді. Хазірет Ибраһим келесі бір дұғасында мүшірік болған өзінің қамқоршысын жарылқауды сұрады. Хазірет Ибраһим оның иманға келетіндігіне үміттенді. Сол себепті оған Құдайдан жарылқау сұрайтынын айтып уәде берді. Хазірет өзінің уәдесіне берік болып, оның кешірілуін сұрады. Алайда ол тоухид дініне иман келтірмеді. Соңында Ибраһим одан бойын аулақ салды. Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Жұмақтың сансыз, мәңгілік нығметтері азғантай ғамалдарымыз үшін ізгі адамдарға мұраға берілетін үлкен сый.
2. Жақындар мен туыстарды кешіру үшін дұға тілеу Алланың пайғамбарларының сүннеті болып табылады.
«Шұғыра» сүресінің 87-88-89 аяттары:
وَلَا تُخْزِنِی یَوْمَ یُبْعَثُونَ»، «یَوْمَ لَا یَنْفَعُ مَالٌ وَلَا بَنُونَ»، «إِلَّا مَنْ أَتَى اللَّـهَ بِقَلْبٍ سَلِیمٍ»
"Қабырдан тұратын күні мені қорлыққа душар етпе!" (87) "Ол күні мал да, балалар да пайда бермейді." (88) "Бірақ кім Аллаға нағыз жүрекпен келсе ғана (пайда береді.)" (89)
Хазірет Ибраһимнің соңғы дұғасы ол хазіреттің мойнына Құдай жүктеген міндетін атқарудағы жауапкершілік сезімін көрсетеді. Оны орындаудағы кез келген салғырттық қияметтегі ұятқа себеп болатын және ешкім де, ешнәрсе де оның орнын толтыра алмайтын ауыр жауапкершілік. Егер бұл дүниеде байлық пен ақша, сондай-ақ айыппұл төлеу немесе пара беру арқылы жазадан құтылуға болса қияметте адамның қолында ақша мен байлық болмайды. Тіпті болған жағдайда да қиямет жүйесінде ол іске жарамайды. Егер бұл дүниеде перзенттер ата-анаға көмектесіп, олардың жәрдемшілері болса қияметте отбасылық жүйе жойылып, әркім өзінің қарақан басының ғана қамын ойлайтын болады. Тіпті бұл дүниеде мейірім мен махаббатың символы саналатын әйел-ана да перзенттерін естен шығарып, өзінің жағдайын ғана ойлайтын болады. Адамның қияметтегі жалғыз қоры – жүрегі мен ғамалы. Бірақ оның өзі илаһи түрткімен жасалып, пәк және сау жүректен шығып орындалған ғамал болуы керек. Күнә мен шеркке және күпіршілікке салынған адамның жақсы ғамалдары ақыретке жетпейді. Ол өзінің сыйын осы дүниеде алады.
Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Адам ешқашан өзі мен өзінің істеріне сенімді болмауы керек. Керісінше, міндетін атқаруда олқылық болды ма деп алаңдап, қиямет күні қорлыққа душар болмауы үшін Құдайдан жәрдем сұрауы керек.
3.Ақыретте қорлық пен ұятқа ұшырау – қияметтегі ең қиын жағдай. Себебі онда басқалар біздің кемшіліктеріміз бен мінімізден хабардар болады. 87 аятта хазірет Ибраһим қияметтегі қиындықтардың ішінен ұятқа қалдырмау деген мәселені айтты.
3.Байлық, перзент және мансап пен лауазым, жағдай сынды материалдық, дүниелік істер ақыреттке іске жарамайды. Олар адамды күнәдан құтқармайды.
4.Пәк жүректен шыққан, шерк пен ластықтан ада ізгі ғамалдар ғана қабылданады.