шұғара-сүресі,-651-ші-бөлім 102-109 аяттары
шұғара-сүресі,-651-ші-бөлім
«Шұғара» сүресінің 102-103-104 аяттары:
« فَلَوْ أَنَّ لَنَا کَرَّةً فَنَکُونَ مِنَ الْمُؤْمِنِینَ»، «إِنَّ فِی ذَلِکَ لَآیَةً وَمَا کَانَ أَکْثَرُهُمْ مُؤْمِنِینَ»، «وَإِنَّ رَبَّکَ لَهُوَ الْعَزِیزُ الرَّحِیمُ»
Әттең! Қайтарылсақ, иман келтіргендерден болар едік." (102) Рас, осында бір ғибрат бар. Дегенмен олардың көбі иман келтірмеді. (103) (Мұхаммед Ғ.С.) Расында, Раббың тым үстем, аса мейірімді. (104)
Алдыңғы бағдарламада күнаһарлар мен қылмыскерлердің соңдарына ергендеріне өкініп, соларды кінәлы санаған тозақтықтардың сөздері баяндалды. Осы аяттарда Құдай олардың осы дүниеге қайтып келгісі келіп: «Шіркін, мүмкіндік болғанда ғой, осы дүниеге қайтып оралып, мүміндердің тобына қосылған болар едік» деп армандаған тілектері мен олардың «Әттең, біздің дүниедегі жолымыздың қате болғанын, өзімізді өзіміздің өлімге лақтырғанымызды түсіндік» деген сөздерін баяндайды. Бірақ онда өкінгеннің еш пайдасы болмайды. Себебі дүниеге қайтып оралатын жол жабылып қалады. Құран олардың осы сөздеріне берген жауапта былай дейді: «Дүниеде олардың жетекшілікке нұсқалуы үшін көптеген белгілер болды. Бірақ олар ақиқатты түсініп, оны қабылдауды мақсат етпеді. Құдай олар жалған жолдан оралып, Хаққа қосылсын деп, өздеріне бір ғұмырлық мұрсат бергеніне қарамастан, олар сол мұрсатты теріс пайдаланып, өздерінің бұрыс жолдары мен тәсілдерін жалғастырды. Ондай болса олардың айтып отырғандары жай сөз. Егер тағы да бұл дүниеге қайтып оралатын болса олардың иман иесі болатындықтары неғайбіл».
Осы аяттардан үйренетініміз:
Қиямет күні – қасірет пен өкініш күні. Бірақ ол кездегі өкініштің пайдасы болмайды әрі орнын толтыру да мүмкін емес.
Егер адамдар қырсығып, хақты қабылдағысы келмесе, илаһи үлкен белгілер мен нышандар оларды жетекшілікке нұсқауда іске жарамайды.
Құдай мейірімді де рақымды бола тұра құдірет пен ғиззат иесі де. Ол Хаққа қарсы қырсықтық танытатындарға қатаң қатынас көрсетеді.
«Шұғара» сүресінің 105-106-107 аяттары:
«کَذَّبَتْ قَوْمُ نُوحٍ الْمُرْسَلِینَ»، «إِذْ قَالَ لَهُمْ أَخُوهُمْ نُوحٌ أَلَا تَتَّقُونَ»، «إِنِّی لَکُمْ رَسُولٌ أَمِینٌ»
Нұх (Ғ.С.)-тың елі де пайғамбарларды жасынға айналдырды. (105) Сол уақытта олардың туысы Нұх (Ғ.С.): "Қорықпайсыңдар ма?",- деді. (106) "Рас, мен сендер үшін сенімді бір Елшімін." (107)
Хазірет Ибраһимнің басынан өткен оқиғаларды баяндаған соң Құранда хазірет Нұхтың хикаялары баяндалады. Бірақ тарих тұрғысынан хазірет Нұх хазірет Ибраһимнен бұрын болған пайғамбар. Құран хазірет Ибраһимді оның дінінің ізбасары деп атайды. Алайда Құран тарих кітабы емес және бұрынғылардың тарихына қатысты көзқарасы тарихи көзқарас емес болғандықтан тарихи тұрғыдағы біріншілік пен соңғылықты сақтауды қажет етпейді.
Хазірет Нұхтың есімі Құранда 43 рет аталған. Құдай Нұх пайғамбарға арнайы сәлем жолдады. Нұхтың қауымы пайғамбарды теріске шығарды. Бірақ Құран былай дейді: «(Бұл іспен) Нұхтың қауымы барлық пайғамбарды теріске шығарған болып табылады. Себебі пайғамбарлардың барлығы біртұтас мақсатқа ие. Олардың бірін теріске шығару олардың барлығын теріске шығару дегенді білдіреді. Әр пайғамбар өз уақытында сенімді, адал, шыншыл адам саналған. Халық оны осы ерекшеліктеріне қарап таныды. Алайда адамдардың бағынбаушылық, қырсықтық пен қыңырлық рухы пайғамбар хақ пен ақиқат жайлы айтқан кезде оның сөзін қабылдамай, өздерінің жеке бас қызықтары мен мүдделері және пайдаларын сақтауды ойлауға себеп болды. Пайғамбарлар сауал қою тәсілі мен бауырмал және жанашыр леппен халықпен сөйлесіп, олардан: «Неліктен өздеріңнің Жартушыларыңнан ұялмай, жаман істерге барасыңдар?» деп сұрады. Алайда олар тіпті бұл насихат-кеңестер мен олардың ақылдарын тыңдауға әзір болмай, адамдарға жанашыр болған пайғамбарлардан бойларын аулақ салды.
Осы аяттардан үйренетініміз:
Илаһи пайғамбарлардың барлығы бір мақсатты көздеді. Олардың біреуін теріске шығару шын мәнінде барлық пайғамбарды теріске шығару деген сөз.
Пайғамбарлардың өз замандарындағы адамдармен қарым-қатынасы мен ахлағы тәкәппарлық тұрғыдан болған жоқ. Олар өздерін адамдардың басшысы деп емес, бауыры деп таныстырды.
Адамдардың ұйқыдағы ұждандарын ояту үшін бұйрық тәсілін емес, сауал тәсілін қолдану керек.
Пайғамбарлар өз ғасырларында халықтың арасында жақсы ат пен жақсы беделге ие болды. Сөйте тұра адамдардың көбісі оларға иман келтірмеді.
«Шұғара» сүресінің 108-109 аяттары:
«فَاتَّقُوا اللَّهَ وَأَطِیعُونِ»، «وَمَا أَسْأَلُکُمْ عَلَیْهِ مِنْ أَجْرٍ إِنْ أَجْرِیَ إِلَّا عَلَى رَبِّ الْعَالَمِینَ»
"Енді Алладан қорқып, маған бағыныңдар." (108) "Бұған Сендерден ақы сұрамаймын, менің ақым әлемдердің Раббына тән." (109)
Осы жерде тағы да илаһи тақуалық айтылып, қайталанды. Себебі адамның күнә жасауына себеп болатын нәрсе бізге нығмет беріп, міндет жүктеген Құдайды ұмыту болып табылады. Құдды хазірет Нұх өзімінің қауымына былай дегісі келгендей: «Күн сайын таңертең, кешке оның берген ырзығын жей отырып, оның қалауымен тірі бола тұра, қалайша оған бағынбайсыңдар?». Содан кейін күнәдан алыс болып, ақиқатқа жететін жолды көрсетіп: «Мен Құдай тарапынан сендерге жеткшілік ету үшін келдім. Сондықтан, егер менің сөзіме құлақ салсаңдар, өздеріңнің пайдалаларың үшін әрекет еткендерің. Себебі сендердің ғамалдарыңнан маған еш пайда келмейді. Мен атақ-даңқ немесе байлық пен мал-мүлікке қол жеткізуді көздемеймін. Сендерден де еш талап-тілегім жоқ. Егер өзімнің міндетімді дұрыс атқарсам, Құдай маған сауап жазып, мені мұқтажсыз етеді» деді.
Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Халықты тәрбиелеп, оларға жетекшілік ету жолында адамдар қапылдық пен бұрмалаушылыққа душар болмау үшін тақуалық пен Құдайды естен шығармау сынды кейбір кеңестер қайталанады.
2.Дінді уағыздаушылар мен адамдарды діндарлыққа шақыратын адамдар халықтан материалды тұрғыдан ештеңе күтпеуі керек. Керісінше, риясыздықпен Құдай жолында әрекет етуі керек. Сөйткен кезде олардың сөздері адамдарға көбірек әсер ететін болады.