Қаз 25, 2016 17:58 Asia/Almaty

Шұғара сүресі, 655-ші бөлім, 137-150 аяттар

«Шұғара» сүресінің 137-138-139-140 аяттары:

 

«إِنْ هَذَا إِلَّا خُلُقُ الْأَوَّلِینَ»، «وَمَا نَحْنُ بِمُعَذَّبِینَ»، «فَکَذَّبُوهُ فَأَهْلَکْنَاهُمْ إِنَّ فِی ذَلِکَ لَآیَةً وَمَا کَانَ أَکْثَرُ‌هُمْ مُؤْمِنِینَ»، «وَإِنَّ رَ‌بَّکَ لَهُوَ الْعَزِیزُ الرَّ‌حِیمُ»

 

"Бұл бұрынғылардың ғана салты. (137) "Біз азапқа душар болмаймыз." (138) Сонда олар оны жасынға айналдырды да оларды жоқ еттік. Расында бұнда бір өнеге бар. Дегенмен олардың көбі сенбеген еді. (139) (Мұхаммед Ғ.С.) Әрине, Раббың Ол тым үстем, ерекше мейірімді. (140).

Өткен бағдарламада хазірет Худтың Ғад қауымын тақуалық пен жөнсіз істерден тыюға шақырған кезде олардың берген жауаптарын естідік. Олар былай десті: «Өзіңді босқа шаршатпа. Ақыл айтасың ба, айтпайсың ба, бізге бәрібір. Бізге ол еш әсер етпейді». 

Бұл аяттарда өздерінің жөнсіз істерін ақтау үшін ата-бабаларының жолдары мен әдет-ғұрыптарына жабысқан Ғад қауымының сөздерінің жалғасы айтылған. Олар: "Бізді жөнсіз кінәлап, бізді бұрмаланған жолға түскен деп ойлайсың. Біз бұрынғылардың дұрыс жолдарымен жүреміз. Сен айтқанға қарсы, біз жазаланбаймыз. Себебі біз теріс іске ұрынған жоқпыз» десті. Құдай оларға берген жауапта: «Олар Худтің сөздерін өтірік санап, оның елшілік міндетін теріске шығарды. Сол себепті олар бұ дүниеде қиындықтарға шырмалып, ажал құшты. Себебі олардың көпшілігі не иман келтірмеді, не иман келтіру үшін хақты танығылары келмеді» деді. 

Аяттардың жалғасы былай дейді: «Құдайдың оларға жасаған бұл қатынасынан  әртүрлі қауымдар сабақ алуы керек. Ол Алланың құдіреті мен әлеуетінің сабақ аларлық, ғибрат боларлық белгілері».

Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Ата-бабалардың әрекеттері олардың жолының заңдылығының ақиқат екендігінің дәлелі емес. Сонымен қатар бұрынғылардан қалған әдет-ғұрыптарға жөнсіз еліктеп, олардың істеріне әсірешілдікпен, көзсіз соқырлықпен еру ақылға сыймайды.

2.Өзіміздің бұрыс істерімізді бұрынғылардың тәсілдеріне жауып, ақтамайық. Осылайша өзімізді жауапкершіліктен босатпайық.

«Шұғара» сүресінің 141-145 аяттары:

 

 «کَذَّبَتْ ثَمُودُ الْمُرْ‌سَلِینَ»، «إِذْ قَالَ لَهُمْ أَخُوهُمْ صَالِحٌ أَلَا تَتَّقُونَ»، «إِنِّی لَکُمْ رَ‌سُولٌ أَمِینٌ»،

«فَاتَّقُوا اللَّـهَ وَأَطِیعُونِ»، «وَمَا أَسْئَلُکُمْ عَلَیْهِ مِنْ أَجْرٍ‌ إِنْ أَجْرِ‌یَ إِلَّا عَلَى رَ‌بِّ الْعَالَمِینَ»

Сәмүд елі де елшілерді жасынға айналдырды. (141) Сол уақытта туыстары Салих (Ғ.С.): "Алладан қорықпайсыңдар ма?",- деді (142) "Рас мен сендер үшін сенімді бір Елшімін." (143) "Алладан қорқып, маған бағыныңдар." (144) (Бұған сендерден ақы сұрамаймын. Менің ақым әлемдердің Раббына міндетті." (145).

Бұл сүренің аяттары Нұх, Ибраһим, Мұса және Худ сынды пайғамбарлардың оқиғаларын баяндаған соң хазірет Салехтің бастан кешкені мен ол хазіреттің Самуд қауымын жетекшілік етуге шақырған тәсілін баяндап, барлық пайғамбарлардың тәсілі болған үш маңызды негізге сілтеме жасайды: біріншісі, Құдайға бағынбаушылықтан тыю; келесісі, осы дүние мен ақыреттің бақытына жету үшін шыншыл және сенімді пайғамбардың соңынан еру; үшіншісі, пайғамбарлар адамдардан ештеңе дәметпейді. Олар Құдай жолында әрекет етеді.

Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Барлық пайғамбарлардың шақыру тәсілі мен олардың жолдаулары бірдей болды. Олардың барлығы адамдарды бір Құдай жаққа шақырып, оған бағынбаушылық танытудан тыйды.

2.Пайғамбарлық міндетті мойнына алатын адамның өткені оның шыншылдығы мен сенімділігін дәлелдейді. Елшілердің жолын жалғастырушылар мен дінді уағыздаушылар да осындай ерекшеліктерге ие болуы керек.

«Шұғара» сүресінің 146-150 аяттары:

 

 

 «أَتُتْرَ‌کُونَ فِی مَا هَاهُنَا آمِنِینَ»، «فِی جَنَّاتٍ وَعُیُونٍ»، «وَزُرُ‌وعٍ وَنَخْلٍ طَلْعُهَا هَضِیمٌ»، «وَتَنْحِتُونَ مِنَ الْجِبَالِ بُیُوتًا فَارِ‌هِینَ»، «فَاتَّقُوا اللَّـهَ وَأَطِیعُونِ»

"Сендер осы жерде бейбіт қала аласыңдар ма?" (146) "Бақшаларда, бұлақтарда." (147) "Егіндерде, жұмсақ қауашақты құрма ағаштарында?" (148) "Сондай-ақ таулардан ойып, шеберлікпен үй жасайсыңдар ма?" (149) "Алладан қорқыңдар да маған бағыныңдар." (150) 

Осы аяттарда хазірет Салех қауымына шынайы ескерту жасап: «Неліктен бұл дүниеде мәңгілік қалып, бақуаттылық пен тыныштықта мәңгілік өмір сүреміз  деп ойлайсыңдар? неліктен Жеміске толы осынау бақтар мен құрма ағаштары сендерге мәңгілікке қалады, солардың жемістерін жейміз деп ойлайсыңдар? Неліктен осыншалықты қарындарыңның құлына айналып, дүниенің қызығына түстіңдер? Алланың нығметтерін пайдалана тұра үнемі оған бағынбаушылық танытасыңдар? Тым құрымағанда бағынбаушылықты қойып, Құдайдан қорықсаңдаршы. Егер бұ дүние мен ақыреттің бақытына жеткілерің келсе менің сөздеріме құлақ қойыңдар. Мен өзімнен ештеңе айтпаймын. Сендерге Құдайдың сөзін айтамын» деді. Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Бұл дүниенің нығметтерін пайдаланайық, бірақ оларға құмартпайық. Себебі олар мәңгілік емес.

2.Бақуаттылық пен рахат өмір бейбастақтық пен дінсіздікке негіз қалайды. Гүлденген, бақуатты қоғам үнемі ескертуді қажет етеді.