Қаз 25, 2016 18:06 Asia/Almaty

Шұғара сүресі, 657-ші бөлім, 157-166 аяттар

«Шұғара» 157-158-159 аяттары:

 «فَعَقَرُ‌وهَا فَأَصْبَحُوا نَادِمِینَ»، «فَأَخَذَهُمُ الْعَذَابُ إِنَّ فِی ذَلِکَ لَآیَةً وَمَا کَانَ أَکْثَرُ‌هُمْ مُؤْمِنِینَ»، «وَإِنَّ رَ‌بَّکَ لَهُوَ الْعَزِیزُ الرَّ‌حِیمُ»

 

Олар оны өлтіріп тастап, өкініште болды. (157) Сонда оларды апат қолға алды. Расында бұнда ғибрат бар. Олардың көбі сенбеген еді. (158) Расында Раббың тым үстем, ерекше мейірімді. (159).

Алдыңғы бағдарламада Самуд қауымы хазірет Салеһтен мұғжиза көрсетуді сұраған кезде Құдайдың қалауымен таудың ортасынан түйенің шыққанын айттық. Сол оқиғаның жалғасын осы бағдарламада тыңдайсыздар. Самуд қауымының ақсақалдары түйенің аяқ-қолын кесіп, оны өлтіруді бір адамға тапсырды. Олар түйенің адамдардың арасында тірі жүруін адамдардың Салеһке иман келтіріп, өздерінің дінінен алыстауына себеп болады деп ойлады.  Сол себептіі илаһи белгі мен мұғжизаның адамдардың арасында қалуын қаламады. Бірақ адамдардың көпшілігі бұл іске келісім бергендіктен, Құран түйені өлтіруді баршамен байланыстырады. Бұл мұғжиза адамдардың өздерінің қалауымен орын алғандықтан түйені өлтіру арқылы илаһи азап белгілі болды. Адамдар азаптың белгілерін байқаған соң өз істеріне өкінді. Бірақ енді одан пайда болмады. Себебі азапты көрген кездегі өкініш пен тәубе кеш жасалғандықтан оның пайдасы жоқ еді. Олардың істерінің салдарынан илаһи жаза келді. Ажал нажағайы қатты жерсілкінісімен бірге бұзық та бейбастақ қауымның үстіне түсіп, оларды өлтірді. Құран Самуд қауымы оқиғасының соңында Нұх, Худ, Ибраһим қауымдарының тағдырының соңындағы оқиғаны қайталап: «Бұл пайғамбарлардың заңдылығының белгілері адамдарға айқын болды. Бірақ олар хақты қабылдағылары келмеді. Сол себепті қарсыласты. Бұл қауымдардың әрқайсының оқиғасы басқалар үшін ғибрат көзі болды. Алайда олар ғибрат алмай, өздерінің бұрынғы бұрыс тәсілдерінде табандап тұрып алды. Олар Құдай мен оның пайғамбарларын жеңеміз деп ойлады. Алайда Құдай жеңілмейді. Дегенмен, шын мәнінде тәубеге келген адамдарға Құдай өзінің мейірімі мен рақымының есіктерін ашады» дейді.

Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Жер бетіндегі илаһи белгілерді жою –пайғамбарлардың қарсыластарының ісі. Олар шеркпен күрес дегенді сылтауратып, илаһи пайғамбарлардан қалған ескерткіштерді бұзып, қаласын, қаламасын осы жолда әрекет етеді.

2.Басқалардың ісімен келісу адамды оның сауабына, не оның жазасына ортақ етеді. Хазірет Әли былай деген: «Халықтың көпшілігі түйені өлтіруге келіскендіктен жазада да олар ортақ болды».

3. Құдайдың қаһары біздің өзіміздің істерімізге байланысты. Әйтпегенде ол рақымды да мейірімді.

«Шұғара» сүресінің 160-164 аяттары:

«کَذَّبَتْ قَوْمُ لُوطٍ الْمُرْ‌سَلِینَ»، «إِذْ قَالَ لَهُمْ أَخُوهُمْ لُوطٌ أَلَا تَتَّقُونَ»، «إِنِّی لَکُمْ رَ‌سُولٌ أَمِینٌ»، «فَاتَّقُوا اللَّهَ وَأَطِیعُونِ»، «وَمَا أَسْئَلُکُمْ عَلَیْهِ مِنْ أَجْرٍ‌ إِنْ أَجْرِ‌یَ إِلَّا عَلَى رَ‌بِّ الْعَالَمِینَ»

Лұт елі де елшілерді жасынға айналдырды. (160) Сол уақытта туыстары Лұт (Ғ.С.): "Қорықпайсыңдар ма?",- деді. (161) "Мен сендерге сенімді бір Елшімін." (162) "Енді Алладан қорқыңдар да маған бойсұныңдар." (163) "Бұған сендерден ақы сұрамаймын. Менің ақым әлемдердің Раббына міндетті." (164)

Бұл аяттар да осы сүреде айтылған бұрынғы пайғамбарлардың сөздеріне ұқсас, яғни пайғамбарлардың барлығының негізгі сөздері мен негізі үндеулерінің бір екендігін, бір-бірінен айырмашылығының жоқ екендігін көрсету үшін айтылған. Тақуалық пен жаман істерден аулақ болу – қоғамда ізгі істерді таратуға негіз дайындайтын барлық пайғамбарлар айтқан бірінші сөз. 

«Шұғара» сүресінің 165-166 аяттары:

«أَتَأْتُونَ الذُّکْرَ‌انَ مِنَ الْعَالَمِینَ»، «وَتَذَرُ‌ونَ مَا خَلَقَ لَکُمْ رَ‌بُّکُمْ مِنْ أَزْوَاجِکُمْ بَلْ أَنْتُمْ قَوْمٌ عَادُونَ»

 

"Дүниеде (әйелдер тұрып,) еркектерге қосыласыңдар ма?" (165) "Раббыларыңның сендер үшін жаратқан әйелдеріңді тастайсыңдар ма? Сендер шектен шыққан елсіңдер." (166)

 

Құдайға бағынбаушылық танытудан тыюдан соң хазірет Лут осы аяттарда адамдардың арасында таралған ұят істі анық түрде баяндап, олардың ұждандарын ояту үшін былай дейді: «Басқа ер адамдармен жақындасатындай сендердің әйелдерің жоқ па? Сендердің бұл істеріңнің илаһи шектен шығушылық екендігінен басқа қандай сылтауы бар?» Біржынысты байланыс жыныстық қатынастағы бейбастақтықтың  бір түрі болып табылады. Бұл істің Лут қауымының арасында кең таралғаны соншама, ер адамдар үшін табиғи бір құқық саналғандықтан хазірет Луттың сөздері хаққа қарсы сөздей көрінді. 

Қазіргі ғасырда да өкінішке орай, біржынысты қатынас тек ерлердің арасында ғана емес, әйелдердің арасында да таралған. Әдетте біржынысты қатынасқа душар адамдар адамның өзінің тәніне деген меншіктік хақ дегенге сүйеніп, бұл хақты өзі үшін дұрыс санайды. Діни мәдениетте негізінен адам өзінің денесі нені қаласа, соның қажеттіліктеріне сай шешім қабылдайтындай, өзінің денесінің иесі емес. Адам Құдайдың еншісінде. Дене – оған берілген аманат. Адам өзінің денесіне Құдай рұқсат бергенді ғана жасай алады. Егер оған теріс әрекет етсе, заңсыздыққа барғаны. Тіпті, кейбір елдердің заң шығарушы өкілдерінің көпшілік дауысымен қабылданған заңдары бұл сорақы да жөнсіз істі заңдастырып, рұқсат берсе де – заңсыз.

Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Әрбір қоғамда таралған тыйымдарды тану керек. Олардың таралуының алдын алу үшін лайықты тәсілмен адамдарды жамандықтан тыю керек.

2.Тыйым салынған жағымсыз істердің алдын алу үшін алдымен табиғи қажеттіліктерді өтейтін  дұрыс жолдарды көрсету керек. Хазірет Лут үйленуді жыныстық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ыңғайлы да ақылға қонымды іс деп атады.

3.Құдай адамның жыныстық қажеттіліктерін қанағаттандыруы үшін оның алдынан табиғи жол көрсетті. Сол себепті аспандық діндердің барлығы адамды үйленуге ынталандырады. 

4.Біржынысты байланыс сынды жыныстық бұрмаланушылық табиғи заңдылықтардан шығу және илаһи, сонымен қатар адами құндылықтардың кеңістігіне жасалған бүлік пен шапқыншылықтың бір түрі саналады.