Қаз 25, 2016 18:17 Asia/Almaty

Шұғара сүресі, 662-ші бөлім, 210-216 аяттар

«Шұғыра» сүресінің 210-211-212 аяттары:

 «وَمَا تَنَزَّلَتْ بِهِ الشَّیَاطِینُ»، «وَمَا یَنبَغِی لَهُمْ وَمَا یَسْتَطِیعُونَ»، «إِنَّهُمْ عَنِ السَّمْعِ لَمَعْزُولُونَ»

Бұл Құранды шайтандар түсірмеді. (210) Оларға лайық та емес. Шамалары да келмейді (211). Рас олар тыңдаудан мүлде кенде қалған.  (212)

Алдыңғы аяттардың жалғасында осы аяттар дұшпандардың келесі бір жөнсіз айыптауларын баяндап: «Олар былай десті: «Мұхаммед жынмен байланыста. Осы аяттарды оған сол үйретеді» десті. «Жынды» деген сөз Құранда пайғамбарларға қатысты қарсыластар тарапынан көптеген жерде кездесіп, шайырлықпен қатар айтылып, ақылсыз деген емес, жын соққан деген мағынада қолданылды. Себебі шайыр ақылсыз емес». 

Құдай Меккенің мүшіріктерінің ислам пайғамбарына жапқан жалаларына берген жауапта былай дейді: «Сендер бұл сөздерді шайтандармен байланыстырасыңдар. Құрандық жоғары тағылымдардың шайтандық ойлар мен сендірулермен ешқандай байланысы жоқ. Шайтандар мұндай тағылымдардың түсірілуіне еш лайық емес. Сонымен қатар оларды Құдайдың сөзі ретінде пайғамбарға түсіруге шамалары жетпейді».

Мұнымен қатар ислам пайғамбарының келуімен жындардың жоғары әлеммен байланысы үзілді. Егер бұрын олар періштелердің арасына бара алып, аспандық хабарларды біле алатын болса, енді бұл байланыс толығымен тоқтаған болатын. Сол себепті олар тың-тыңдап, ғайыптың хабарын тіпті олармен байланыста болған адамдарға да жеткізе алмайды.

Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Құран мықтылық пен қасиеттілік және ерекше қорғанысқа ие әрі кез келген қолсұғушылықтан сақталған. Себебі шайтандар, не уәһи ала алмайды, не оны жібере алмайды.

2.Шайтандар өздерінің әулиелері мен серіктеріне түсіп, сөздерін соларға жеткізе алады. Бірақ пайғамбарлар мен қасиетті адамдарға түсіп, оларды өз сөздеріне  сендіре алмайды.

3.Егер дайындық болмаса, адам илаһи сөзді естіп, пайдаланудан мақұрым қалады.

«Шұғыра» сүресінің 213-214-215 аяттары:

 

 «فَلَا تَدْعُ مَعَ اللَّـهِ إِلَهًا آخَرَ فَتَکُونَ مِنَ الْمُعَذَّبِینَ»، «وَأَنذِرْ عَشِیرَتَکَ الْأَقْرَبِینَ»، «وَاخْفِضْ جَنَاحَکَ لِمَنِ اتَّبَعَکَ مِنَ الْمُؤْمِنِینَ»، «فَإِنْ عَصَوْکَ فَقُلْ إِنِّی بَرِیءٌ مِّمَّا تَعْمَلُونَ»

 

(Мұхаммед Р.С.) Алламен бірге тәңір шақырма. Онда сен де азапқа ұшыраушылардан боласың. (213) Жақын ағайындарыңа ескерт! (214) Мүміндерден саған ергендерге қанатыңды жай. (215).Сонда егер олар өзіңе қарсы шықса, онда: "Сендердің істегендеріңнен бездім" де. (216)

Осы аяттарда Құдай пайғамбарына қаратып, бірнеше мәселе бойынша нұсқау береді:

Бірінші бұйрығы қарсыластарға қатысты: «Мүшіріктерге қарсы мықты да табанды бол. Олардың назарын аударып, тарту үшін тоухид пен бірқұдайға табынушылықтан қол үзбе. Әйтпегенде, сен де солар сияқты азапқа душар боласың». Екінші бұйрық туған-туыстарға қатысты: «Адамдарды тоухидке шақыру үшін өзіңнің туыстарыңнан баста. Басқалардан бұрын соларға шерк пен пұтқа табынушылық және соның салдарлары туралы ескерт». Үшінші бұйрық мүміндер туралы: «Өзіңнің ізбасарларыңмен қарапайым түрде қатынас жаса. Тәкәппарлықпен өзіңнің қол астындағыларға бұйрық беріп, өзін басқалардан артық санайтын сұлтандар сынды қатынас жасама. Ізбасарларыңмен сенің қатынасың мейірім мен жанашырлық негізінде, балапандарын қанатының астына алып, оларға мейірімін төгетін құстың мейіріміндей болсын».

Төртінші бұйрық екінші бұйрықтың жалғасында былай дейді: «Егер тоухидке шақыратын туыстарың сенің сөзіңді қабылдамай, шерктен бас тартпаса, сен өзіңнің ұстанымыңды кесімді түрде анықтап, кез келген шерктен безін».

Тарихи кітаптарда осы аяттар түсірілгеннен кейін пайғамбардың өзінің туыстары мен жақындарын бірқұдайшылыққа шақырғаны жазылған. Олардың арасында Әбу Талеб пен Әбу Лаһаб және Хамзе болды. Ас ішкеннен кейін Әбу Лаһаб пайғамбарға оларды шақыруының себебін қатысып отырғандардың құлағына жеткізуге рұқсат етпей, жиылыстың шырқын бұзды.

Келесі күні пайғамбар оларды тағы да шақырып, қонақ етіп күткен соң: «Құдай маған сендерді тоухид дініне шақыруға бұйрық берді. Мен сендерге осы дүние мен ақыреттің жақсылығын тілеймін. Сендерге мен әкелгеннен артық нәрсені өз қауымына әкелген адамды танымаймын. Маған жәрдемдескендерің менің өсиетімді орындаушым және орынбасарым болады» деді.

 Отырғандардың арасынан Әли ибн Әби Талебтен басқа ешкім тұрмады. Сонда пайғамбар: «Біліңдер, ол – сендердің араларыңдағы менің бауырым, орынбасарым және өсиетімді орындаушым. Оның сөзіне құлақ асып, оның бұйрығына бағыныңдар» деді. Көптеген ислам тарихшылары баяндаған бұл оқиға пайғамбардың өз туыс-туғандарының арасында бөтен болғанын көрсетеді. Әлидің пайғамбармен достығы мен серіктестігі содан басталған.

Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Құдайдан басқаны іздеп бару адамды бейшаралық пен азапқа душар етеді. Себебі шерк бұрынғы үмбеттердің өліміне себеп болған.

2. Туыстық байланыс адамның көбірек жауапкершілік танытуына себеп болады. Адам өзінің отбасына жауапты болғандай өзінің туыстарына жетекшілік етуде де жауапкершілікке ие. 

3. Туыстық байланыс міндеттерді орындауға, әсіресе жамандықты теріске шығаруға кедергі болмауы керек.

4. Қоғамның жетекшілері мен дін уағыздаушылары үшін қажетті қасиетке серіктері мен ізбасарларына және қол астындағы адамдарға қатысты қарапайым болу жатады.

5. Қоғамның жетекшілері тура жолдан таюға  қарсы ұстаным білдіріп, өздерінің ұстанымдарын кесімді түрде жариялауы керек.