Қар 05, 2016 18:12 Asia/Almaty
  • Ұлы тұлғаның алдында 46

Алла елшісі ұрпағының он екінші имамы, жердегі Алланың соңғы нұры хазірет Маһди (ғ.с.)-мен таныстырамыз. Оның келуімен жер бетіндегі жамандықтар жойылып, шынайы әділет орнатылады.

Мұтазад Аббаси имам Хасан Аскари (ғ.с.)-ды уландырып өлтірген кезде хазіреттің Маһди деген ұлы бар екендігі туралы азғана адам білетін. Имам Хасан Аскари (ғ.с.) шәһид болған кезде оның перзенті әкесінің жаназа намазын оқып, өзін көрсетті. Сол кезде барша жұрт имам Хасан Аскари (ғ.с.)-ның ұлы бар ма еді деп таңғалды. Бұл оқиғадан кейін хазірет Маһди (ғ.с.) өз ерекшелігі мен айбындылығын көрсетіп, ғайып болуының сырын айтып, илаһи жіпке жақындығы мен имамат пен илаһи басшылыққа лайық екенін көрсетті. Діндар халық жылдам оған бет бұрды. Алла елшісінің  пәк имамдарынан қорқатын Аббаси халифалары бұл имамды да өлтіруді ойластырды. Сондықтан хазірет халықты дұрыс жолға нұсқау саласында көптеген қиындықтармен кезікті. Ол төрт орынбасары арқылы  халықпен жасырын қарым-қатынас орнатты. 69 жылға созылған «Кіші жасырыну» кезінде имам халықпен қарым-қатынас орнатты. Имамның соңына түскен Аббаси халифалары халықтың пайғамбар әулетіне жақын болуынан қорқып, хазіретті Саммера қаласынан тапты. Олар хазіретті қамауға алмақ болған кезде ол жер беті зұлымдыққа толып, әділет қалмаған жағдайда қайтып оралып, әлем халықтарын құтқарып, шындықтың көктемін тарату үшін Алланың бұйрығымен ғайып болды. Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи хазірет Маһди (ғ.с.)-ның дүниеге келуін бүкіл адамзаттың үмітінің мизаны ретінде таныстырып, хазірет туралы: «Имам Маһди (ғ.с.)-ның дүниеге келуі мен бұл ақиқат тек бір халыққа немесе бір белгілі уақытқа  тиесілі емес, бұл бүкіл адамзатқа қатысты оқиға. Бұл – Алла мен адамның байланысы, бұл Алланың уәдесі. Барлық адамдар бүкіл тарих бойында осы  таңғалдыратын құбылысты жүректерімен қажет ететіндіктерін сезді. Өйткені тарихтың басынан бастап осы кезге дейін және әлемде күн шығып тұрғанша дүние зұлымдық және жамандықтармен аралас болды әрі болады. Тарих пен адамзаттың құтқарушысының дүниеге келуімен  өздеріне зұлымдық жасағандар немесе басқалардан зорлық-зомбылық көргендердің жүректерінде үміт пайда болды»,- деді. Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеидің көзқарасы бойынша, хазірет Маһди (ғ.с.)-ның жоғары дәрежесі туралы айтып, хазіретті сипаттау оңай емес. Аятолла Хаменеи бұл туралы: «Менің жүрегім мен миым бұл тұлғаның рухани дәрежесі мен илаһи ақиқатын түсініп, сөзбен жеткізе алмайды. Имам Маһди (ғ.с.) туралы пәк имамдардың өздері баяндаулары керек. Олардың өздері хазірет Әли бен Абиталеп (ғ.с.) пен басқа имамдар мен әулиелер туралы айтуы керек. Біз имам Маһди (ғ.с.)-ды илаһи уәде санап, мадақтаймыз. Имам Маһди (ғ.с.) – уаһи әулетінің ұрпағы, жер бетіндегі Алланың өкілі, Алланың адамдарға сыйлаған мейірімділігінің белгісі. Ол – илаһи үгіт-насихатшы. Мұның барлығын олардың өздері айтқан. Біз мұның барлығын түсінсек жеңіске жетер едік»,- деді. Аятолла Хаменеидің көзқарасы бойынша хазірет Мұхамад-Мұстафа (с.ғ.с.)-ның қасиетті болмысы барлық адамдар үшін үлгі. Ол хазірет әулетінің пәк имамдары тарихтағы ең артық әрі ең жоғары адамдар болып саналады. Олар күн сынды жарқырап, жер бетіндегі адамдарды илаһи ғарыш және ғайып әлемімен байланыстырады. Ислам революциясының жетекшісі пайғамбар әулетін ғылым мен жақсы ахлақтың, жанкештілік пен шындықтың, барлық  жақсылықтар мен сұлулықтардың қоры  деп атап, жастарға хазірет Маһди (ғ.с.)-ның болмысы туралы: «Құрметті жастар! Жарқыраған күндердің бірі Жаратушының көмегі және қалауымен қазіргі біздің ғасырымызда заманның иесі және илаһи басшы имам Маһди (ғ.с.) жер бетінде ғұмыр кешуде. Оның болмысы мен нұрының берекесі бүгін де  адамзатқа өз әсерін тигізуде. Осы кезде адамзат барлық осалдықтары, адасушылықтары және қиындықтарына қарамастан пайғамбар әулеті ұрпағының жарқыраған нұрынан пайдалануда. Осы күні хазірет Маһди (ғ.с.)-ның жер бетіндегі адамдардың арасындағы қасиетті болмысы береке, білім, сұлулық пен барлық жақсылықтардың бұлағы. Біздің көзіміз оны көре алмайды, бірақ ол жарқыраған күн сынды жүректер мен рухымызға жақын. Білімді адамдар үшін Алланың орынбасары мен имамын және адал пендесін сезетін нығмет сыйланған. Алланың тарапынан сайланған адамдар  оны көріп, онымен қарым-қатынас орната алады»,- деп айтқан болатын. Исламның тағылымдарын таратуымен бірге имам нығметтердің таралуына себеп болды. Алла Тағала бұл беделді және пәк адамның болмысы үшін бүкіл әлемге нығмет сыйлады. Басқаша айтқанда, осы кезде имам Маһди (ғ.с.) аспан пен жерді бір-біріне жалғап тұрған арқан сынды. Ол бұлттың артынан жарқырап тұрған күн сынды. Ол халықты дұрыс жолға нұсқайды. Аятолла Хаменеи бұл туралы: «Бүгінде де илаһи елшілердің тізбегі тоқтаған жоқ. Имам Маһди (ғ.с.)-ның қасиетті болмысы – илаһи елшілер тізбегінің жалғасы, сондықтан «Зиарат әл-Ясиннен»: «Бүгін сіздер хазірет Ибрахим, хазірет Мұса, хазірет Иса, барлық пайғамбарлар және Исламның ұлық пайғамбарының  шақыруын имам Маһди (ғ.с.)-ның болмысынан көресіңдер. Бұл тұлға – олардың барлығының мұрагері. Ол хазірет қолына олардың барлығының туын  көтеріп, дүниені пайғамбарлардың адамзатқа таратқан тағылымдарына бет бұруға шақырды»,- деп оқимыз»,- деді. 

                                                                                                                                                                                                                                                     

 

Тегтер