Қар 17, 2016 18:29 Asia/Almaty
  • Ұлы тұлғаның алдында 47

Хазірет Мәһди (ғ.с.)-ның келген кезеңі адамзат тарихының ең құнды кезеңі болып табылады. Бұл кезеңде илаһи уәделер орындалып, үкімет адал азаматтардың қолына түседі.

Әрбір күзден кейін көктем де келеді. Табиғаттың көктемнің гүлденуін бастан өткергені сынды адамдардың өмірінің көктемі де адамзаттың құтқарушысы келетін кезең саналады. Хазірет Мәһди (ғ.с.)-ның келген кезеңі адамзат тарихының ең құнды кезеңі болып табылады. Бұл кезеңде илаһи уәделер орындалып, үкімет адал азаматтардың қолына түседі. Адал адамдар билік басына келген кезде жер тұрғындары әділеттің дәмін татады. Бұл кезеңде әлем әділет пен тауһид туының соңғы  көтерушісінің илаһи күш-қуатымен Жаратушыға жасалатын ғибадаттардың ең салтанатты сахналарына куә болады. Халықтың ақылы кемелденіп, ымыраға келетін ахлақ кеңінен байқалатын болады. Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеидің айтуы бойынша хазірет Ибрахимнің барлық діндері құтқарушының келуіне сенеді. Бірақ, тек Ислам діні ғана оның есімі мен дүниеге келетін уақытын анықтаған. Оның есімі – Мәһди. Ол Алла елшісінің пәк әулетінен шыққан. Ол – имам Хасан Аскари (ғ.с.)-ның перзенті. Ислам революциясының жетекшісі: «Біз имам Мәһди (ғ.с.)-ның қасиетті болмысының илаһи уәде екенін білеміз. Біз имам Мәһди (ғ.с.)-ның уаһи әулеттің ұрпағы және Алланың жер бетіндегі елшісі екенін білеміз. Ол халықтың арасында өмір сүріп, халықты көріп, адамдардың қиындықтарынан хабардар. Бақытты әрі мүмкіндіктерге ие адамдар кейбір кездерде өздері білмесе де, оны көреді. Ол бар. Оның есімі, әкесі мен анасы белгілі адамдар. Ол халықтың арасында және олармен бірге өмір сүреді. Бұл біздің, шиіттердің наным-сенімдеріміздің  ерекшелігі»,- деді.  Құтқарушы келгеннен кейінгі кезеңнің сұлулығы мен ерекшелігі туралы естіген соң адам сол таңғалдырарлық тамаша уақытты көремін бе екен деп ойланады.  Егер құтқарушы келетін уақыт туралы білгіміз келсе, исламдық рауаяттарда  бұл кезеңнің тек белгілері туралы ғана айтылғанын көреміз. Ең маңызды белгілердің бірі әлемде зұлымдықтың  шектен артық таралуы мен жәбір көрушілердің қорғансыз қалуы болып табылады. Осыған орай залымдар әлемнің әртүрлі аймақтарын  соғыс пен қантөгіске тіреп, халықаралық ұйымдар оларды қолдап отырған қазіргі жағдайда адамзат құтқарушысының келетін уақыты жетті ме деген сұрақ туындайды. Мүмкін құтқарушының келетін уақыты жақындаған болар, бірақ әлем Жаратушысынан басқа ешкім құтқарушының қашан келетіні туралы білмейді. Құтқарушыны  күту жүректердегі үміт отын оятады. Исламдық рауаяттар құтқарушыны күтуді ең жақсы ғибадат деп санайды. Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи шынайы құтқарушының келуі туралы: «Хазірет Мәһди (ғ.с.)-ды күту деген не? Адамдар құтқарушыны қанша уақыт күтеді?  Қиындықтар бар кезде адам күтуді қажет етеді. Күту, яғни мәселені  шешу. Бұл маңызды мәселе»,- деді. Ислам мен исламның ұлық пайғамбарының әулетіне иман келтірген мүмін дүниенің жағдайы мен адамның өміріндегі наным-сенімді таниды. Күту адамзаттың қиындықтарын шешеді. Мәселе мені мен сіздердің істеріңізге қатысты емес. Имам Мәһди (ғ.с.) бүкіл адамзат үшін келеді. Ол адамды құтқарады, адамзат қоғамын құтқарады, адамзаттың келешегін құтқарады. Құтқарушыны күту, яғни адамдардың надандығының салдарынан қалыптасқан  жағдайды  қабылдамау. Құтқарушыны күтудің мағынасы осы»,- деп деді. 

 Құтқарушыны күту таңғалдыратын еркшелікке ие. Бұл ерекшелік жүректерде үміт нұрын тудырады. Үміт – адамды алға ілгерілететін қозғаушы күш. Егер үміт болмаса, жүректер тоқтап қалады. Жарқын келешекке үміті жоқ қоғам артта қалатын қоғам болады. Залымдардың зорлық-зомбылықтарына қарсы тұрмайтын, жарқын келешектен үмітсіз әрі құтқарушының келетіндігіне сенбейтіндер залымдарды күшейтіп, зұлымдықтығ артуына себеп болады. Иран ислам революциясының жетекшісі маһдавият теориясына иман келтіруді үміттендіретін наным-сенім деп таныстырып: «Маһдавияттың ерекшелігі бар. Бұл ерекшелік әр халық үшін тамырларындағы қан және денелеріндегі жан сынды. Олардың бірі – үміт. Кейбір кезде құдыреттілер әлсіз халықтарды  үміттерінен айырылатындай жағдайға жеткізеді. Үмітнен айырылған халық еш әрекет жасамайды. «Олардың не пайдасы бар? Қандай әрекет жасаймыз? Не үшін талпынамыз?  Біз енді еш нәрсе жасай алмаймыз» деп ойлайды. Керісінше маһдавиятты қабылдайтын адамдардың жүректерінде үміт пайда болып, олар еш уақытта үмітсіз қалмайды. Неліктен? Өйткені олар жарқын келешектің бар екендгіне сенеді. Сондықтан өздерін соған жеткізуге талпынады»,- деді. Іс-әрекет және талпыныспен болмаған үміт қураған ағаш сынды пайдасыз әрі жеміс бермейді. Егер адам құтқарушының келуіне ғана үміттеніп, өзін оны күтіп алуға дайындап, алға ілгерілеуге талпыныс жасамаса, мұндай үміт пайдасыз. Аятолла Хаменеи бұл салада маңызды мәселеге назар аудартады. Ол хазірет ислам тағылымдарына сүйеніп, қоғамдық дайындықты құтқарушының келуі үшін маңызды санап, қоғамның хазірет Маһди (ғ.с.)-ды күтіп алуға дайын болғаны жөн санап: «Сіздер бүгін хазіреттің келуі үшін жағдайды дайындауларыңыз керек. Сол үшін іс-әрекет жасау қажетті. Қоғам тарихтағы пайғамбарлар мен әулиелер сынды оны күтіп алуға дайындалуы керек.  Пайғамбарлардың біразы келді, бірақ дүниені жамандықтардан тазарта алмады. Неге? Өйткені негіз әзір болмады»,- деді. Құтқарушы келіп, Алланың көмегі және адамдардың талпыныстарымен жер бетінен зұлымдықты жойып, адамдардың өмірінде  әділет орнатады. Ислам революциясының жетекшісі сөзінде күту дегеннің қол қусырып отыру емес екендігін, күтудің іс-әрекет пен талпыныс және дайындық екендігін қуаттады.  Аятолла Хаменеи қоғамның барлық таптарынан, әсіресе жастардан өздерін құтқарушыны күтіп алуға дайындауды талап етеді. Ол жастарға: «Сіздер, жастар  өмірлеріңіз бен талпыныстарыңыздың басындасыздар, сондықтан өздеріңізді зұлымдық пен зорлық-зомбылықтың ешбір түрі қалмайтын, адамзаттың ойы мен ақылы басқа кезеңдерден белсендірек болып, халықтар бір-бірімен соғыспайтын, аймақ пен әлемде соғыс ашқысы келетіндер соғысты бастау күштерінен айырылатын және әлемде  бейбітшілік пен қауіпсіздік  орнатылатын кезеңге дайындаңыздар»,- деп ақыл-кеңес берді.

 

Тегтер