Ұлы тұлғаның алдында 48
Мұсылмандардың көзқарастары бойынша Алла елшісінің ұрпағынан шыққан он екінші имамның келуінен кейін ғана әлемде шынайы әділет орнатылып, қоғам үстемшілердің қолынан босайды. Басқаша айтқанда, әрбір адам өзінің құқығына жетеді.
Тыныштыққа жету – адамның негізгі қалауларының бірі. Адам ең жақсы сәттерін өткізіп, рухани және физикалық кемелдікке жететін тыныштықты қалайды. Адамның құқықтарының бұзылмауы оларға тыныштық сыйлайды. Тыныштықа жеткізетін ең маңызды факторлардың бірі қоғамда әділеттің орнатылуы болып табылады. Исламдық тағылымдарда әділет аясында өмір сүру адамның кемелдікке жетіп, рухани дамуына жол ашады. Осыған орай құтқарушының маңызды мақсаттарының бірі адамдарға әділеттің тәтті дәмін татыру болып саналады. Мұсылмандардың көзқарастары бойынша Алла елшісінің ұрпағынан шыққан он екінші имамның келуінен кейін ғана әлемде шынайы әділет орнатылып, қоғам үстемшілердің қолынан босайды. Басқаша айтқанда, әрбір адам өзінің құқығына жетеді. Исламның ұлық пайғамбары бұл турлы: «Мәһди (ғ.с.) – менің перзенттерімнің бірі. Ол жасырын қалады. Келген кезде зұлымдыққа толған жерді әділетке толтырады»,- деген.
Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи хазірет Мәһди (ғ.с.)-ның келуінен кейінгі ең маңызды ұрандардың бірін тауһид аясында әділет орнату деп санайды. Аятолланың көзқарасы бойынша тек тауһидтік, яғни Аллаға иман келтірген қоғамда ғана шынайы әділет орнатылады. Хазірет Мәһди (ғ.с.) тауһид, рухани даму және діндарлық ұранымен әділет орнату жолында көтеріліс жасайды. Ислам революциясының жетекшісі маһдавияттың ең маңызды ұранын әділет деп атады. «Нудбе» дұғасында Жаратушының сипаттарын атауды бастап, содан соң қасиетті әулеттің ата-бабаларына тоқталған бірінші сөйлемінде: «Адамзаттың жүрегі құтқарушы келіп, зорлық-зомбылықты тамырымен жойып, адамзаттың тарихында ежелден осы кезде дейін кездесетін зұлымдықтың негіздерін жойып, залымдарды өз орындарына отырғызуын күтеді»,- деп айтылған. Бұл – хазірет Мәһди (ғ.с.)-ды күтушілердің бірінші қалауы. «Әл-Ясин» зияратында хазіреттің ерекшеліктерін атаған кезде олардың ең маңыздысының бірі оның бүкіл әлемде әділет орнатуы болады. Хазірет Мәһди (ғ.с.) туралы рауаяттардың бірінде дәл осы мәселе баяндалған. Сондықтан хазірет Мәһди (ғ.с.)-ды күтушілер біріншіден әдлеттің орнатылуын күтеді. Исламдық тағылымдарда хазірет Мәһдидің халықтың күшіне сүйеніп, шынайы әділет орнатқысы келетіндігі қуатталған. Аятолла Хаменеидің көзқарасы бойынша хазірет Мәһди (ғ.с.) күш-қуаты мен жоғары иманы және жақтастары мен достарының иманына сүйеніп, залымдарды биліксіз қалдырып, зұлымдықтың сарайларын қиратады. Діни жетекші бұл туралы: «Әлем деңгейінде немесе оның бір аймағында әділет орнату әділ әрі адал адамдарды қажет етеді. Олар құдыретке ие болып, зорлық-зомбылық көрсетушілермен күш-қуаттың тілімен сөйлесе білуі керек. Залым биліктің басындағылармен насихат тілімен сөйлесуге болмайды. Илаһи пайғамбарлар шақыруын насихат тілімен бастады, бірақ өз жақтастарын жинаған соң адамзат пен тауһидтің дұшпандарымен күшпен сөйлесті»,- деді. Аятолла Хаменеидің пікірі бойынша әділет насихат тілімен әлемнің ешбір аймағында орнатылмайды. Сондай-ақ хазірет Мәһди (ғ.с.) залымдарға зұлымдық пен зорлық-зомбылық жасамаңдар, сендерге қарсы көтеріліс жасаймын деп насихат айту үшін келмейді. Кейбір сенімді рауаяттарда хазіреттің залымдар мен үстемшілдерге қарсы көтерілісінің сегіз айға созылатындығы, сегіз айдан кейін барлық үстемшілдердің жойылып, әлемдік биліктің хазірет Мәһди (ғ.с.)-ның қолына түсетіндігі айтылған. Қолда бар рауаяттардың біріне сәйкес, хазірет Мәһди (ғ.с.)-ның әлемдік үкіметі толық халықтық үкіметі болып, оның негізін халық құрайтын болады. Бұл сөзді түсіндіру үшін Ислам революциясы жетекшісінің сөздеріне тоқталамыз. Аятолла Хаменеи хазірет Мәһди (ғ.с.)-ның үкіметін былай деп сипаттайды: «Хазірет Мәһди (ғ.с.)-ның келешек үкіметі барлық тұрғыдан халықтық үкімет болады. Халықтық үкімет дегеніміз не? Бұл – халықтың иманы мен жігері және сенімдеріне сүйенетін үкімет. Имам Мәһди (ғ.с.) халықтың мүмін жамағатына сүйеніп, әлемнің бүкіл жерінде илаһи әділет орнатып, толығымен халықтық үкімет құрады»,- деді. Аятолла Хаменеи хазірет Мәһди (ғ.с.)-ның үкіметін бүгінгі үкіметке ұқсас деп санамайды. Хазірет бұл туралы: «Бұл халықтық үкіметтің халықтық және демократиялық деп уәж айтатын үкіметтерден айырмашылығы жер мен көктей. Бүгінгі әлемде өздерін демократиялық және халық-демократиялық деп атаған үкіметтер – бұрынғы диктатуралар. Олар тек үстеріне жаңа киім киген диктатуралық топтар. Ол топтарға халықтың қатысы жоқ. Бір топ билік басына жетіп, елдің барлық істері оның ықтиярына тапсырылғанда олар билікті өз мүдделеріне пайдаланып, байлық пен ақшаны өз пайдаларына жинап, қайтадан билік басына келу жолында жұмсайды. Дүниежүзінің бүгінгі демократиясы жалған, алдамшы үгіт-насихаттарға сүйенеді. Бұл демократия ақшаға тәуелді. Имам Мәһди (ғ.с.)-ның халықтық демократиясы діни халықтық демократия болып, басқалардан өзгеше болады»,- деп айтқан болатын. Әрине, әлемде әділетке сүйенген үкімет орнатылады деген шыңдық үстемшілерге ұнамайды. Билікті халықтарға қарсы қатыгездік пен олардың байлықтарын талан-таражға салу үшін пайдаланатын үстемшілдер – әділетті орнататын құтқарушының ең негізгі дұшпандары. Сондықтан олар әртүрлі құралдарды пайдаланып, әсіресе фильмдер мен түрлі ақпарат өнімдерін шығарып, құтқарушының келуіне кедергі жасап, ол келгеннен кейін әлем алаңдаушылықтарға толады деп көрсетуге әрекет жасауда. Олар барлық құралдарымен халықтың жүрегіндегі үміт нұрын өшіруге күш салуда. Аятолла Хаменеи бұл тұрғысында маңызды мәселеге тоқталып: «Біздің пікірталастарымыз бұл сенімді қолдайтын дана дұшпандар туралы. Мен ондаған жылдар бұрынғы кезеңге, яғни отаршылдықтың Солтүстік Африкаға таралуының басталуына қатысты құжатты көрдім. Солтүстік Африканың елдері пайғамбар әулетінің жақтастары болды. Олардың мазхабтары әртүрлі болғанымен барлығы Исламның ұлық пайғамбарының әулетіне ғашық болды. Судан, Марокко және басқа елдерде маһдавиятты қолдаушылар өте көп. Отаршылдық аталмыш аймаққа аяқ басқан кезде маһдавият сеніміне үлкен соққы берді. Мен көрген құжатта отаршылардың басшылары мен қолбасшылары «Біз бірте-бірте маһдавият мәселесі халықтың арасынан жойылатындай әрекет жасауымыз қажет. Сол кезде Франция мен Ұлыбританияның үстемшілері африкалық аймақтардың кейбір елдерінде оналасқан болатын. Үстемшілердің қай елден болғандарында айырмашылық жоқ. Олар бөгде үстемшілер. Олар халықтың арасында маһдавият таралғанша біз мемлекеттерді басқар алмаймыз деп ойлады. Маһдавиятқа деген сенімнің қандай маңызды екендігін қараңыздар» деп қуаттаған. Бұл маһдавият сенімі үшін жасалған талпыныстардың тек бір кішкентай ғана үлгісі. Аятолла Хаменеи халықты анық жолға шығуға насихаттап: «Әлем үстемшілдері айтқылары келгенін айта берсін, өздерін күшті деп санасын. Бірақ шындық пен адамзаттың керуені әділетке қарай алға ілгерілеуде. Жылдар өткенімен, олардың жүректеріндегі үмітті жоюға болмайды. Келешекте адамзаттың әділеттің дәмін тататындығына үміттенемін»,- деді.