Қар 23, 2016 16:18 Asia/Almaty
  • Ұлы тұлғаның алдында 49

Иран Ислам революциясының қазіргі жетекшісі аятолла Хаменеи ахлақ туралы: «Ахлақ – жағымды ауа. Егер ол адамзат қоғамында болған жағдайда адамдар сонымен дем алу арқылы сау өмір сүре алады»,- деген.

 Жақсы ахлақ магнит сынды жүректерді өзіне тартады. Мінез-құлқы жақсы адам баршаға жағымды және онымен қарым-қатынас орнату самал жел сынды адамның жанын тыныштыққа бөлейді. Исламның бақытқа жолдайтын тағылымдары жақсы мінез-құлықты мұсылманның ең жақсы ерекшеліктерінің бірі деп таныстырады. Құран Кәрім хазірет Мұхаммад-Мұстафа (с.ғ.с.)-ды осы ерекшелігі үшін мадақтап, пайғамбарды жақсы ахлақ иесі деп атайды. Діни тұлғалардың өмірі басынан аяғына дейін олардың барша халықты жақсы мінез-құлыққа шақырғанын және олардың өздерінің ахлақтың үлгісі болғанын көрсетеді. Исламның ұлық пайғамбары Алланың соңғы елшісі ретінде де дәл осы мәселені, яғни жақсы ахлақты таратуға міндеттелген. Алла елшісі өзінің пайғамбарлық міндетінің мақсатын ахлақи қасиеттерді кемелдендіру деп атап: «Мен ахлақтық жағымды қасиеттерді кемелдендіру үшін жіберілдім»,- деген болатын. Осылайша, ахлақ исламның барлық тағылымдарымен араласқан, бұл қасиетті діннің ең жоғары бұйрықтарының бірі деген нәтижеге жетеміз. Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеидің пікірі бойынша, ахлақ – сабыр сақтау, қарсыласу, әділет, батылдық, жанкештілік пен пәктік. Алла қабылдайтын барлық сипаттар адамдардан өздерін осы  жоғары ерекшеліктермен безендіруді қалайды. Аятолла Хаменеи: «Ахлақ – діннің рухы, адами ахлақ әр адам үшін оның діндарлығының рухы. Ахлақ ерекшеліктерге аадмның сабыр сақтауы, қарапайымдылығы, әділдігі, адалдығы, ақ ниеті мен халыққа жақсылық тілеуі жатады. Еңбекқор болып, жалқау болмауы да исламдық ахлаққа кіреді»,- деп айтқан болатын. 

Жақсы ахлаққа ие болып, оның кемелдігіне жету оңай емес. Барлық илаһи пайғамбарлар адамдарға кемелдікке жетудің жолдарын көрсетуге және адамды хайуандық өмірден жоғары мақсатты өмірге жігерлендіру үшін жіберілген. Иран ислам революциясының жетекшісі ахлақи кемелдікке өзі мен өз нәпсісін тәрбиелемей, бір мезгілде  жету мүмкін емес деп қуаттап, адамның рухын тазартауды ахлақи ерекшеліктерге жетудің бастамасы деп санайды. Ислам революциясының жетекшісі «Әли-Ғымран» сүресінің 164-ші аятына сүйеніп, Исламның ұлық пайғамбары халықты Аллаға қарай шақырып, исламның нұрлы тағылымдарын баяндап, жүректерді жоғары ахлақты қабылдауға дайындады дейды. «Әли-Ғымран» сүресінің 164-ші аятында Исламның ұлық пайғамбарының міндеті туралы: «...оларды тазартатын және оларға Кітап, хикмет үйрететін...»,- деп айтылған. Діни жетекші: «Бұл аятта тазарту, яғни ахлақи даму туралы тағылымынан бұрын айтылған. Бұл ахлақи тәрбиенің өзі. Бүгін біз, яғни Иран халқы, исламдық қоғам және ислам әлемі, үлкен исламдық үмбет пен мұсылмандар қоғамы ахлақтық тәрбиені қажет етеміз»,- деп баса айтты. Аятолла Хаменеидің пікірінше исламдық үмбет дінді үкіметтен, ахлақты қоғамды басқарудан алыстатқаннан бері қайшылықтармен кезікті. Қасиетті Ислам қатыгездік пен үрейді емес, ахлағы жоғары адамдарды тәрбиелейтін ислам саналады. Пәк Исламның тағылымдары жеке адам мен қоғамға өзін тәрбиелеуге көмектеседі. Шынайы Ислам уаххабшылар мен ДАИШ лаңкестері өтірік «ислам» деп атайтын қатыгездік емес. Бұл рақым дінінің тағылымдарынан алыстаған кезде ахлақсыз қоғамға айналамыз. Аятолла Хаменеи бұл туралы: «Ахлақ болмаған жағдайда қоғамды ахлақсыздық билеп, адамдардың бойынан кек, нәпсіге бағыну, надандық, дүниеқұмарлық, қызғаныш, сараңдық анық байқалады. Бұл сипаттар пайда болған кезде өмір сүру қиындап, кеңістік тарылып, адам дем алу мүмкіндігінен айрылады»,- деген болатын. Ол жалғасында Батыс қоғамын ахлақсыз қоғамының  анық үлгісі ретінде таныстырып: «Бүгін Батыс дүниесіндегі бұзықтық  қисыны – бейімділік. «Бір жыныстықты неге таратасыңдар?» деп сұрағанымызда, олар: «Бұл жақсы. Бұл адамның бейімділігі» дейді. Бұл – олардың қисыны. Олар бейбастақтық пен жыныстық шаһуат және адамның әртүрлі мәселелері бойынша шек пен шекараны сақтамайды. Одан әрі алға ілгерілеп, айуандыққа жеткен кезде жазықсыз адамдарды өлтіреді, ешбір қылмыс жасамаған халықтарды басып жаншиды. Бұл – осы күнгі надандық, бұл заманауи надандық»,- деді. Иран ислам революциясының жетекшісі халықтың барлық таьын  өздерін тәрбиелеу жолда табанды қадам басуға шақырады. Оның пікірінше, біз барлығымыз өңделмеген материалмыз. Егер еңбектенсек, бұл материалды жақсырақ өнімге айналдыра аламыз. Бұл істі өмірде орындау қажет. Жастық шақ адамның жүрегіндегі рухани даму  кезеңі болғандықтан, Ислам революциясының жетекшісі жастарды өздерін тәрбиелеуге жігерлендіріп: «Жастар, сендер өздеріңді тәрбиелеңдер. Ғылым, ахлақ, дін және физикалық тұрғылар бойынша тәрбиелеп, өздеріңнің рухтарың мен үміттеріңді осы елді қорғауға сақтаңдар. Бұл өте үлкен қор»,- деді.  Үкімет басындағылар мен басқа басшылардың адамгершілігі мен өнегелері өте маңызды мәселе болып табылады. Өйткені олардың іс-қимылдары халықтың бақылауында болады, адамдар оларды үлгі тұтады. Сондықтан басшылардың тақуалығы мен ахлақ, өнегесі жоғары болған сайын, жақсырақ қоғам құрылады. Аятолла Хаменеи басшылардың осы маңызды міндетіне назар аударып, халық өкілдеріне: «Заңдарыңызда  исламдық ахлақты қалыптастырғыларыңыз келетін сіздер (мәжіліс депутаттары) іс жүзінде білім мен ахлақ  отырыстарын өткізіңіздер. Адам босауы керек, адам жұмыс  кезінде босауы керек. Яғни, жұмыс ортасында илаһи істермен айналысып, жоғары көтеріліп, жеңілдеп, қайтып оралу керек. Мен кейде аспаннан жауатын таза, мөлдір жаңбырдың суын мысал ретінде келтіремін. Бұл таза су кейін бассейндер мен теңіздер және өзендерде ластанады. Ластанған соң, қайтадан буланады, жоғары көтеріледі, қайтадан тазарып, қайтып жауады. Бізде жоғары көтеріліп, тазарып, қайтып оралайық»,- деген ақыл-кеңес береді. Ахлақ пен адамды тәрбиелейтін тағылымдардан алыстау адамның рухына қысым келтіреді. Күнәлар рухтың бет-әлпетін көріктен айырып, сол кезде адам ішкі аурудың бір түріне шалдығады. Жыныстық бұзақылық адам Жаратушы мен діни ахлақтан алыстаған кезде басталып, жұқпалы вирус сынды рухтың жанына түседі. Қазіргі кез жоғары тағылымдарға оралып,  қияметте құтылу жолында қадам басатын уақыт.   Аятолла Хаменеи: «Халықпен орнатқан қатынасы жақсы іс-әрекет болды. Халықтың ортасында көңілді болып, жалғыз қалғанда хазіреттің уайым-қайғысы анық байқалды. Өз уайымын халыққа білдірмеді. Баршамен амандасып, өзінің алдында адамды балағаттап, жамандауға рұқсат бермеді. Өзі еш уақытта басқаны жамандап, балағаттамаған. Балаларды жақсы көретін, әйелдермен мейірімді болды, әлсіздермен жақсы қатынас орнатты»,- деді.

 

 

 

 

 

Тегтер