Фұрқан сүресі, 636-шы бөлім, 74-77 аяттар
74-77 аяттар
«Фұрқан» сүресінің 74 аяты:
وَالَّذِینَ یَقُولُونَ رَبَّنَا هَبْ لَنَا مِنْ أَزْوَاجِنَا وَذُرِّیَّاتِنَا قُرَّةَ أَعْیُنٍ وَاجْعَلْنَا لِلْمُتَّقِینَ إِمَامًا»
Олар: "Раббымыз! Бізге жұбайларымыздан, ұрпақтарымыздан көзайымдық бер. Сондай-ақ бізді тақуалардың алды ет",- дейді. (74)
Алдыңғы бағдарламаларда Құдай шыншыл мүміндердің ерекшеліктерін атады. Олардың он бірінші ерекшелігін баяндайтын осы аят былай дейді: «Олар отбасы мен бала тәрбиесіне ерекше мән беріп, өздерін олардың алдында жауапты санайды. Сол себепті Құдайдан оларды пәк және түзу ұрпақ тәрбиелеуге, оларды көргенде қуанатын, егер қайғылы болса қайғыларын ұмытатын перзент тәрбиелеуге жәрдемдесуді сұрайды. Ерлі-зайыптылардың қатынасы ахлақтық және адами сезімдерге негізделіп, ата-ананың әрқайсысы бір-бірі мен перзенттері алдындағы міндеттерін жақсы орындайтын, сондай-ақ осы істе аянып қалмайтын отбасыда балалар жақсы өседі».
Аяттың жалғасы Құдайдың жақсы құлдарының ерекшеліктеріне тоқталып: «Олар қоғамнан оқшау қалатын адамдар емес. Керісінше олар сахнадағы өздерінің құзырымен қоғамды да даму мен кемелдікке бағыттайды. Олар тек өздерінің бақыттарын ғана ойламай, қоғамның басқа адамдарының да бақытты болуын қалап, Құдайдан оларды тақуалардың алды етіп, Алланың тура жолында болу үшін жәрдемдесуді сұрайды. Олардың өздерін қалыптастырып, жетілдіруде талпыныс жасайтындықтары сондай, мүміндер үшін үлгіге айналады» дейді. Осы аяттан мынадай қорытынды жасаймыз:
1.Перзент тәрбиелеу жолында қажетті хабардарлыққа ие болумен қатар талпыныс жасап, Құдайдан медет сұрауымыз керек.
2.Түзу перзент – ата-ананың көз нұры; олардың мақтаныштарының мәйегі.
3.Ерлі-зайыптылар бір-бірінің қуанышы мен шаттығын қамтамасыз етуі керек. Олардың бір-біріне қарасы ынтықтық пен махаббат және мейірімге толы болуы керек.
4. Ислам қоғамының жетекшісі болып, басқару міндетіне дүниеқұмар, билікке ұмтылушы адамдар емес, Құдайдың пәк және шыншыл құлдары лайық.
«Фұрқан» сүресінің 75-76 аяттары:
أُولَئِکَ یُجْزَوْنَ الْغُرْفَةَ بِمَا صَبَرُوا وَیُلَقَّوْنَ فِیهَا تَحِیَّةً وَسَلَامًا»، «خَالِدِینَ فِیهَا حَسُنَتْ مُسْتَقَرًّا وَمُقَامًا»
Міне бұлар, сабыр еткендіктеріне байланысты жоғарғы сыйлыққа бөленеді. Аман, сәлеммен қарсы алынады. (75) Олар онда мәңгі қалады. Ол нендей көркем тұрақ, жақсы орын! (76)
Бұл аяттар Құдайдың жақсы құлдарының он екі ерекшелігін сипаттаудың соңында олардың жұмақтағы орындарына тоқталып: «Олардың қиындықтар мен мәселелер алдындағы шыдамдылықтары және міндеттері мен бұйрықтарды орындаудағы табандылықтары олардың жұмақтың ең жақсы орындарына енуге лайық деп танылуға, жұмақтықтар мен періштелер тарапынан мадақ пен құрметке ие болуға себеп болды. Олар сенімділік және тыныштықпен жұмақтағы өздерінің мәңгілік өмірлерін жалғастырып, мұндай мекеннен айрылып қалу туралы алаңдамайды» дейді. Осы аяттардағы маңызды нәрсе, ол Құранның сабыр мен шыдамдылық, төзімділікті қуаттауы. Құдайдың құлдары үшін он екі ерекшеліктің баяндалғанына қарамастан, Құран илаһи сый мен сауапты баяндаған кезде бұл ерекшеліктердің ешқайсын қуаттамай, тек сабырды олардың жұмаққа жол табуларының факторы ретінде атайды. Бәлкім, бұл кемелдіктердің көбісіне қол жеткізу адамдардың көбі үшін қолжетімді болғанымен бүкіл ғұмыр бойы осы ерекшеліктерді сақтап, жалғастыру некен-саяқ адамның қолынан келетін қиын іс болуында болар. Осы аяттардан шығатын түйін мынадай:
1.Құдайдың құлы болу сабыр мен үлкен табандылықты қажет етеді. Табандылықсыз илаһи дәргаһқа жақындау мүмкін емес.
2. Жұмақ қоғамына тән ерекшеліктерге оның мүшелері арасындағы тыныштық пен пәктік, кексіздік және риясыздық жатады.
«Фұрқан» сүресінің 77 аяты:«قُلْ مَا یَعْبَأُ بِکُمْ رَبِّی لَوْلَا دُعَاؤُکُمْ فَقَدْ کَذَّبْتُمْ فَسَوْفَ یَکُونُ لِزَامًا»
(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Егер құлшылықтарың болмаса, Раббым, сендерді неге бағаласын? Рас, сендер жасынға айналдырдыңдар. Сондықтан азапқа душар боласыңдар" де. (77)
«Фұрқан» сүресінің соңғы аяты болып табылатын осы аят дұға мен мінәжаттың илаһи мейіріммен қатынасына сілтеме жасап: «Адамдарды осы дүние мен ақыретте жазаға ұшыраудан құтқаратын нәрсе илаһи дәргаһқа қарап налып, мұңын шағып, жылап, күнәларына қатысты тәубаға келуден басқа ештеңе емес. Алайда адамдардың көбі Алланың белгілерін теріске шығарады. Кәпірлер мен мүшіріктер Хақты һәм жүректерімен, һәм тілдерімен теріске шығарғандарымен Құдайдың заңдылығын жүректерімен қабылдап, оны тілдерімен мойындаған мүміндер де кейде Құдайдың бұйрығына қарсы істерге барады» дейді. Бұл іс жүзінде теріске шығару саналады.
Осы аяттан үйренетініміз:
1.Құдайдың адамға қатысты мейіріміне Алла Тағаланың дәргаһына қарап дұға тілеп, ғибадат ету себеп болады.
2. Күнә жасау мен Құдайды теріске шығару Алланың қаһарына душар етеді. Дұға тілеп, ғибадат жасауды қою илаһи белгілер мен нығметтерді теріске шығарудың бір түрі болып табылады.