Фұрқан сүресі, 635-ші бөлім, 70-73 аяттар
Фұрқан сүресі, 635-ші бөлім, 70-73 аяттар
«Фұрқан» сүресінің 70-71 аяттары:
إِلَّا مَنْ تَابَ وَآمَنَ وَ عَمِلَ عَمَلًا صَالِحًا فَأُولَئِکَ یُبَدِّلُ اللَّهُ سَیِّئَاتِهِمْ حَسَنَاتٍ وَکَانَ اللَّهُ غَفُورًا رَحِیمًا»، «وَمَنْ تَابَ وَعَمِلَ صَالِحًا فَإِنَّهُ یَتُوبُ إِلَى اللَّهِ مَتَابًا»
Бірақ кімде-кім тәубе қылса, сондай-ақ кім иман келтіріп, ізгі іс істесе, міне Алла олардың жамандықтарын жақсылықтарға ауыстырады. Алла өте жарылқаушы, ерекше мейірімді. (70) Кімде-кім тәубе қылып, түзу іс істесе, рас, ол Аллаға лайықты түрде қайтқан болады. (71)
Алдыңғы бағдарламада шерк пен кісі өлтіру және зинақорлық туралы сөз болды. Солардың салдары осы дүние мен ақыретте адамды жағасынан алатын болады. Осы аяттар былай дейді: «Адам шынайы түрде тәубеге келіп, ізгі және жақсы істерімен бұрынғы қателіктерінің орнын толтыратын болса, яғни шерк келтіруді қойып, таухидке бет бұрып, адамдардың бұзған құқықтарын шамасы келгенше, өзінің мүмкіндігінше жоятын болса мейірімді Құдай ондай күнәларды да кешіреді». Осы аят тәубенің нәтижесінде күнәлардың кешірілуі туралы ғана емес, сонымен қатар «Нағыз тәубенің адамның бойында өзгеріс пен төңкеріс тудыратындығы сондай, тіпті оның жаман әдеттері мен қылықтары оларға қарама-қарсы сипаттарға айналады. Шерк пен рия рухы таухид пен риясыздық рухына айналады; әлсіздерге зұлымдық жасау залымдармен күреске айналады; пәксіздік пәктік және адалдықпен орнын алмастырады. Құран күнәһарларды тәубеге келуге көбірек ынталандыру үшін тағы да «егер жаман іс істеуді қойып, олардың орындарын жақсы істермен толтыратын болсаңдар міндетті түрде сендердің тәубелерің қабылданып, илаһи рақым мен мейірімге бөленесіңдер» деп қуаттайды. Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Исламда тұйықтық пен тығырық жоқ. Күнәһар үшін де қайта оралатын жол бар. Кез келген күнәні тәубе мен жақсы ғамал жасау арқылы жоюға болады.
2.Тәубе деген ішкі төңкеріс. Бұл бір сөздерді айту арқылы қолға түсетін үстірт және сыртқы көрініс емес. Нағыз тәуба түзу ғамалмен бірге болатын іс.
3. Тәубе адамның ойы мен ісін өзгертеді.
«Фұрқан» сүресінің 72 аяты:«وَالَّذِینَ لَا یَشْهَدُونَ الزُّورَ وَ إِذَا مَرُّوا بِاللَّغْوِ مَرُّوا کِرَامًا»
Олар өтірікке айғақ болмайды да бос (пайдасыз) сөздерге кездессе өтіп кетеді. (72)
Осы аят Құдайдың жақсы құлдарының келесі бір ерекшелігіне сілтеме жасап, былай дейді: «Олардың үлкен сипаттарының біріне басқалардың құқықтарын құрметтеп, сақтау жатады. Олар ешбір жағдайда жалғандыққа куәлік етпейді. Адамдардың құқығы зая болуға себеп болатын сөз айтпайды. Сондай-ақ бос жиылыстарға қатыспайды. Бос сөздерге құлақ қоймайды. Себебі ондай жиылыстарға қатысу күнәны растап, жүрек пен рухтың ластануының бастамасы деген мағынаны білдіреді».
Аяттың жалғасы түзу пенделердің келесі ерекшеліктеріне тоқталып, былай дейді: «Олар бос істер мен бос сөздердің адамдары емес. Бос іспен бетпе-бет келген кезде үлкендік танытып, оларға мән берместен өтіп кетеді. Олардың мәрттіктері сондай, лас кеңістіктер оларға әсер етпейді. Алайда олардың немқұрайдылығы ахлақтық мәрттікпен қатар болып, басқаларды ренжітпейді». Осы аяттан үйренетініміз:
Күнә жасау ғана емес, сонымен қатар күнәға қарап, оған куә болуға да болмайды. Иманды адам өзі де күнәға батпау үшін күнә жиындарға қатысудан бойын аулақ салады.
Күнәларды теріске шығарудың жолдарының бірі күнәһарға назар аудармай, күнә жасалатын жиыннан шығып кету болып табылады. Құдайдың пенделері өмірде мақсаттарға ие. Олар өз өмірлерін бос, пайдасыз істерге жұмсамайды.
«Фұрқан» сүресінің 73 аяты:
«وَالَّذِینَ إِذَا ذُکِّرُوا بِآیَاتِ رَبِّهِمْ لَمْ یَخِرُّوا عَلَیْهَا صُمًّا وَ عُمْیَانًا» ترجمه این آیه چنین است
Қашан оларға Раббыларының аяттары арқылы үгіт берілсе, оған құлақ салмай, көз жұмып, кете бермейді. (73)
Құдайдың жақсы құлдарының маңызды ерекшеліктерінің бірі олардың көреген көз бен мағрифатқа ие болуы. Илаһи аяттармен кездескен кезде Құдайдың мақсаттарын түсініп, солар туралы ойланады. Терең ойға ие қырағы мүміндер анау-мынаудың ойыншығына айналмайды. Олар әрдайым тау сияқты тұрақты. Себебі олар аяттардың сырт көрінісін ғана көретін, оның ішін түсінуден мақұрым қалатын үстірт адамдар емес. Оларға керісінше көздері мен құлақтары жабық адамдар бар. Ондай адамдар жылдам алданып, хақ жолдан теріс кетіп, күпірлік пен адасушылық жолына түседі. Осы аяттан үйренетініміз:
1.Ойлану – мүміннің барлық істерінің негізі. Құдай пенделерінің хабардарлық және көрегенділіктің арқасында дінге бет бұруын қалайды.
2. Иманды адамдар көздері мен құлақтары бітеу күйде ғибадат етпейді. Олардың ғибадаты хабардарлық пен мағрифат негізінде орындалады