Фұрқан сүресі, 634-ші бөлім, 64-69 аяттар
Фұрқан сүресі, 634-ші бөлім, 64-69 аяттар
«Фұрқан» сүресінің 64-65-66 аяттары:
«وَالَّذِینَ یَبِیتُونَ لِرَبِّهِمْ سُجَّدًا وَقِیَامًا»، «وَالَّذِینَ یَقُولُونَ رَبَّنَا اصْرِفْ عَنَّا عَذَابَ جَهَنَّمَ إِنَّ عَذَابَهَا کَانَ غَرَامًا»، «إِنَّهَا سَاءَتْ مُسْتَقَرًّا وَمُقَامًا»
Олар түнді Раббыларына сәжде қылып, тіке тұрумен өткізеді. (64) Олар: "Раббымыз! Тозақ азабын аулақ қыл! Рас оның азабы тұрақты" дейді. (65) Шынында, тозақ орынның да, мекеннің де жаманы. (66)
Алдыңғы бағдарламада аяттар Құдайдың жақсы құлдарының ерекшеліктерін таныстыруды бастап, екі жәйтқа сілтеме жасады. Осы аяттар солардың жалғасында былай деді: «Олар шынайы ғибадат жасайтын, Аллаға ғашық құлдар. Жұрттың барлығы ұйқыда жатқанда олар тәтті ұйқыларын қиып, үлкен ықылас және ынтамен түннің жартысын өздерінің Пәруәрдігеріне мінәжат етумен өткізеді. Бұл мүміндер мен иман туралы уәж айтып, күнделікті уәжіп намазды кеселденіп, жиренішпен оқитындардың арасындағы айырмашылық жер мен көктей. Құдайдың жақсы құлдары ешқашан өздерінің істері мен ғибадаттарына кеуде кермейді. Олар әрдайым Алланың нақты есеп алатындығынан қорқып, ұлы Алладан тозақтан құтқаруды сұрайды. Олар тозақтың тұрақтайтын жер емес екендігін және өздерінің ол жердің қиындықтары мен азабына шыдай алмайтындықтарын біледі. Есеп пен жазадан қорқу міндеттерді дұрыс орындап, міндеттерді орындамаудан аулақ болудағы ішкі фактор болып табылады.
Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Түн ұйықтау мен демалыс үшін ғана емес, сондай-ақ Пәруәрдігерге мінәжәт етіп, сырласу үшін ең жақсы уақыт.
2. Құдайдың жақсы құлдары үнемі қияметті естерінен шығармай, ақыреттегі өздерінің жағдайларының не болатындығына алаңдайды. Бұл өмірдің тіршілігі мен әртүрлі істермен айналысу оларды аталмыш мәселеден қапыл қалдырмайды.
«Фұрқан» сүресінің 67 аяты:
«وَالَّذِینَ إِذَا أَنْفَقُوا لَمْ یُسْرِفُوا وَلَمْ یَقْتُرُوا وَکَانَ بَیْنَ ذَلِکَ قَوَامًا
Олар мал жұмсағанда ысырап та қылмай, сараңдық та істемей, осы екеуінің ортасын таңдайды. (67)
Құдайдың жақсы пенделерінің ахлақтық және тақуалық ерекшеліктерін баяндағаннан кейін осы аят былай дейді: «Олар экономикалық істерде орта қалыпты ұстанып, ысырапшылдыққа салынбайды. Күнделікті тіршіліктің қаржысы мен жұбайлары мен отбасының нәпақасын қамтамасыз етіп, жарлы-жақыбайлар мен мұқтаждарға инфақ етуде де олар не артық кетпейді, не сараңдық жасамайды. Олар ақылға сай, қалыпты түрде ғамал етеді. Тіпті мұқтаждарға қайырымдылық жасауда да ортақалыпты сақтау Құранның басқа аяттарында да айтылып, діни жетекшілердің өмір салттары мен сөздерінде қуатталған. Исламның ахкамы бойынша адам мүлкінің үштен бірінен артық өсиет ете алмайды немесе бүкіл мал-мүлкін басқаларға сыйлай алмайды. Алланың елшісі өлімі алдында осылай еткен кісі туралы: «Егер маған хабар бергенде оның мәйітін мұсылмандардың зиратына қоюға рұқсат бермеген болар едім» деген екен. Осы аяттан үйренетініміз:
1.Түн намазы мен ғибадат жасауды қуаттау қоғамнан оқшауланып, соған қатысты немқұрайдылық таныту деген сөз емес. Себебі Құдайдың жақсы құлдары әрдайым мұқтаждардың қамын жеп, олардың қажеттіліктері мен қиындықтарына көмектесуді ойлайды.
2. Жарамсыз, пайдасыз істерге ысырап етуге рұқсаттың жоқтығы өз алдына, тіпті мұқтаждарға инфақ жасауда да ысырап етуге рұқсат жоқ.
3.Құдайдың ерекше құлдары сараң емес.
4. Жеке бас және қоғамдық істерде ысырапшылдықтан алыс болу ислам дінінің маңызды тапсырмасы.
«Фұрқан» сүресінің 68-69 аяттары:
«وَالَّذِینَ لَا یَدْعُونَ مَعَ اللَّهِ إِلَهًا آخَرَ وَلَا یَقْتُلُونَ النَّفْسَ الَّتِی حَرَّمَ اللَّهُ إِلَّا بِالْحَقِّ وَلَایَزْنُونَ وَمَنْ یَفْعَلْ ذَلِکَ یَلْقَ أَثَامًا»، «یُضَاعَفْ لَهُ الْعَذَابُ یَوْمَ الْقِیَامَةِ وَیَخْلُدْ فِیهِ مُهَانًا»
Олар Алламен бірге басқа тәңірге жалбарынбайды. Алла өлтірілуін арам еткен кісіні орынсыз өлтірмейді де зина қылмайды. Кімде-кім оларды істесе күнәға жолығады. (68) Қиямет күні еселеніп азап болады. Олар онда қор болып, мүлде қалады. (69)
Құдайдың жақсы құлдарының ерекшеліктерін баяндаған алдыңғы аяттардың жалғасында осы аят басқа бірнеше ерекшелікке сілтеме жасап, былай дейді: «Олар Құдаймен ешнәрсені де, ешкімді де қатар қоймай тек қана Құдайды шақырып, тек Оған табынады. Оларды не байлардың байлығы мен мүмкіндіктері, не билеушілер мен басшылардың билігі ққызықтырмайды. Олар тек Аллаға ғана тәуекел етеді. Құдайдың жақсы құлдары адамдардың жанын құрмет тұтып, басқаларға кішкентай болса да зардап келтірмейді. Олар ешқашанда басқаларды өлтіруді мақсат етпейді, егер өздері басқалардың зұлымдықтары мен зорлық-зомбылығына ұшыраса шындық пен әділет негізі бойынша әрекет етеді. Олар адамдардың ар-намысын құрметтеп, ешқашан әйелдерге зорлық жасамайды. Өздерін зинақорлық пен бейбастақтықтан сақтайды. Олар осындай ұят әрі жағымсыз әрекеттерге барған адамдардың һәм осы дүниеде, һәм ақыретте қатты жазаланатындықтарын біледі».
Шерк пен кісі өлтіру және зинақорлықтың күнәсінің әрқайсының жеке түрде үлкен күнә екендігі белгілі. Егер бұл күнәлар бір жерде жиналса соңы тозақтағы екі еселенген әрі мәңгілік азап болады.
Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Мүмін өзінің нәпсілік тілектерін бақылауда ұстауы керек. Себебі кісі өлтіру және зинақорлық ашу-ыза мен шаһуаттан шығады. Бұл екі инстинкт адамды үнемі күнә жасауға итермелейді.
2. Күнәсіз қан толығымен құрметті. Бірақ басқалардың қанын нақақтан нақақ төгетін немесе қоғамның қауіпсіздігін бұзатын адамның қаны құрметті емес.
3.Заңсыз байланыс Құдайға шерк келтіру және күнәсіздерді өлтірумен бірдей.
3. Құранның шерк пен зинақорлық және кісі өлтіруден аулақ болу туралы бұйрығы уағыз ғана емес, оны бұзудың қатты жазасы болатын заң да