Фұрқан сүресі, 632-ші бөлім, 56-59 аяттар
Фұрқан сүресі, 632-ші бөлім, 56-59 аяттар
«Фұрқан» сүресінің 56-57 аяттары:
وَمَا أَرْسَلْنَاکَ إِلَّا مُبَشِّرًا وَنَذِیرًا»، «قُلْ مَا أَسْأَلُکُمْ عَلَیْهِ مِنْ أَجْرٍ إِلَّا مَن شَاءَ أَن یَتَّخِذَ إِلَى رَبِّهِ سَبِیلًا»
Мұхаммед (Ғ.С.) негізінде сені қуандырушы, қорқытушы ғана етіп жібердік. (56) Оларға: "Бұған сендерден ақы сұрамаймын, тек Раббыларыңның жолын ұстағысы келген кісіні ғана қалаймын" де. (57)
Алдыңғы бағдарламада кәпірлер мен мүшіріктердің дәлелсіз қарсыласулары мен олардың өздері үшін не пайдасы, не зияны жоқ пұттар мен заттарға табынуда табандылық танытқандары туралы айтылды. Бұл аяттар пайғамбарға қаратып былай дейді: «Бұл топтың алдындағы сенің міндетің ескерту ғана. Егер қабылдамаса ол сенің ісіңнің кемшілігі емес. Себебі олардың өздері тура жолға нұсқалуды, адасушылықтан шығуды қаламайды. Уа, пайғамбар! Саған соны төлеуден қашу үшін сенен теріс айналатындай сен олардан ақы немесе сый сұраған жоқсың. Сенің ісіңнің сыйын Құдай жаққа баратын жолды іздеп жүрген және сенің жетекшілігің мен жол нұсқауларыңа еріп, Құдайға жетуді қалайтын адамдар береді». Осы аяттардың тәпсірі:
1.Пайғамбарлардың міндеті – адамдарды дінді қабылдауға мәжбүрлеу емес, оларға жетекшілік ету.
2.Жетекшілік пен уағыздау ісінде ескерту мен сүйінші хабар бір-бірін толықтырып, нәтижеге жеткізеді.
3.Пайғамбарлар адамдарды өздеріне емес, Алла тарапына шақырады. Олар өз істерінің сыйын адамдардан емес, Алладан алады.
«Фұрқан» сүресінің 58 аяты:«وَ تَوَکَّلْ عَلَى الْحَیِّ الَّذِی لَا یَمُوتُ وَسَبِّحْ بِحَمْدِهِ وَکَفَى بِهِ بِذُنُوبِ عِبَادِهِ خَبِیرًا»
Сондай еш өлмейтін тірі Аллаға тәуекел ет. Оны дәріптей мақта. Ол құлдарының күнәларынан хабар алуға жетіп асады. (58)
«Пайғамбар адамдардан материалдық тұрғыдан өтініш жасамайды» деген алдыңғы аяттың жалғасында осы аят былай дейді: «Оның сүйеніші тек бір Алла. Ол өзінің барлық ісін Оған тапсырып, тек Оған тәуекел етеді. Құдайдан басқаның барлығы пәни, өткінші. Олар арқа сүйеп, тәуекел етуге татымайды. Тек Құдай ғана тұрақты және мәңгілік. Адам Оған тәуекел ете алады. Құдайға тәуекел ету арқылы адам ешкімнен де, ешнәрседен де қорықпайды, ісі зиянға ұшырамайды. Мұндай адам шетсіз-шексіз мұхитқа қосылған тамшы сынды. Тек Аллаға ғана тәуекел ету керек».
Аят жалғасында пайғамбарға былай дейді: «Сен қарсыластардың теріс айналғандары мен бағынбаушылық танытуларының алдында жауапты емессің. Олардың ісін Құдайға тапсыр. Олардың істерінен хабардар Алла әділет пен хикметінің негізі бойынша оларға қатынас көрсетеді». Осы аяттан үйренетініміз:
1.Дін уағыздаушылар адамдардың байлығы мен мүмкіндіктеріне көз тікпеулері керек. Өздерін мәңгілік тірі Құдайға тапсырып, Оны өздерінің өмірлерінің әртүрлі істеріне уәкіл етіп алулары керек.
3.Илаһи ерлер барлық жағдайда Құдайға шүкіршілік білдіреді. Оған ешқандай айып тақпайды.
3. Ешкім адамдардың күнәларынан хабардар болуды мақсат етпеуі керек. Құдай адамдардың істерінің жай-жапсарын біледі. Соның өзі жеткілікті.
«Фұрқан» сүресінің 59 аяты:
«الَّذِی خَلَقَ السَّمَوَاتِ وَالْأَرْضَ وَمَا بَیْنَهُمَا فِی سِتَّةِ أَیَّامٍ ثُمَّ اسْتَوَى عَلَى الْعَرْشِ الرَّحْمَنُ فَاسْأَلْ بِهِ خَبِیرًا»
Ол сондай көктер мен жерді және екі арасындағыларды алты күнде жаратып, сосын ғаршыны меңгерді. Ол тым қамқор. Барлық нәрсені білетін одан сұра.
(59)
Алдыңғы аяттың жалғасында осы аят Құдайдың жаратылыс пен әлемді басқарудағы құдіретіне сілтеме жасап: «Құдай аспандар мен жерді алты кезеңде жаратып, мақұлықтарды жаратуға кірісті. Ол барлық нәрсеге үстемдік етеді. Әлемнің билігі мен үстемдігі Оның қолында. Оның билігінен ештеңе тысқары емес. Әлемнің жаратылыс жүйесі Құдайдың рақымы негізінде қалыптасты. Жаратылыстардың барлығы, соның ішінде адамдар әрдайым Оның мейірімі мен махаббатына бөленеді. Мүмін болсын, кәпір болсын Оның дастарханының басына отырып, Оның нығметтерін пайладанады. Уа, пайғамбар! Мүміндер! Болмыстың ақиқаты мен жаратылыс тәсілі және оның хикметі туралы барлық нәрседен хабардар Құдайға жүгініңдер. Не өздері Жаратушы емес, не жаратылысты жаратудағы бақылаушы да емес, күдік-күмәндары арқылы өздерінің болжамдарын айтатын адамдарды емес, барлық нәрседен хабардар Құдайды іздеңдер!».
Осы аяттан үйренетініміз:
1.Әлем бір демде, бір сәтте емес, біртіндеп, әртүрлі кезеңдерде жаратылды.
2.Жаратылыстың хикметі Алланың рақымына негізделген.
2.Құдай һәм әлемді жаратып, Һәм оған толығымен үстемдік етіп, басқарады. Ақиқатты тауып, өзіміздің діни сауалдарымыздың жауаптарын табу үшін білетін мамандарға жүгінейік.