Фұрқан сүресі, 628-ші бөлім, 41-44 аяттар
Фұрқан сүресі, 628-ші бөлім, 41-44 аяттар
«Фұрқан» сүресінің 41-42 аяттары:
« وَإِذَا رَأَوْکَ إِن یَتَّخِذُونَکَ إِلَّا هُزُوًا أَهَذَا الَّذِی بَعَثَ اللَّهُ رَسُولًا»، «إِن کَادَ لَیُضِلُّنَا عَنْ آلِهَتِنَا لَوْلَا أَن صَبَرْنَا عَلَیْهَا وَسَوْفَ یَعْلَمُونَ حِینَ یَرَوْنَ الْعَذَابَ مَنْ أَضَلُّ سَبِیلًا»
(Мұхаммед Ғ.С) Олар сені көрсе-ақ болды: "Алланың жіберген Елшісі осы ма?",- деп тәлкекке алады. (41) Олар: "Егер оған шыдамасақ, тәңірлерімізден адастыра жаздады" дейді. Олар азапты көрген сәтте, кімнің жолдан адасқаын біледі. (42)
Құран алдыңғы аяттарда мүшіріктердің ислам пайғамбарына қатынас жасау тәсілін баяндады. Осы аяттар алдыңғы аяттардың жалғасында былай дейді: «Олар пайғамбармен кездескен кезде ол хазіреттің сөзі мен қисынын тыңдап, солар туралы ойланудың орнына қолдарынан келетін жалғыз істері келеке еткен түрде: «Құдай осы адамды біздің пайғамбарымыз етіп таңдаған ба? Не байлығы, не аты жоқ. Жетім өскен бала емес пе?! Егер біз пұттарымызға адал болмасақ, ол тез арада бізді адастырып, ата-бабаларымыздың жолынан алыстатады» десті.
Құдай пұтқа табынушылардың қисынсыз сөздеріне берген жауапта былай дейді: «Жазаның белгілерін көрген кезде пайғамбар қателесуші, жоқ әлде өздерің қателесуші ме екендіктеріңді түсіндіңдер ме? Жылдар бойы араларыңда өмір сүрген, одан адалдық пен туралықтан өзге ештеңе көрмеген сендер оны адасушы санайсыңдар ма? Сөйте тұра пұтқа табынуда өздеріңннің ата-бабамыздың жолын жалғастырамыз деуден өзге дәлел келтіре алмайтын сендер өздеріңді тура жолдамыз деп санайсыңдар ма?».
Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Қисын мен дәлел келтіре де алмайтындардың Құдайдың елшілерін кемсітіп, келеке етуден басқа жолдары жоқ. Бұл кәпірлердің тұрақты істері.
2.Қырсық та тәкәппар адам хақты қабылдамайды. Сол себепті көптеген адамдардың күпірліктерінің тамыры Құдайға сенушілердің дәлелдерінің осалдығында емес, олардың өздерінің қырсықтықтарында.
3.Жалған жолда емес, хақ жолында табандылық танытудың құны жоғары. Қырсықтық пен ырымшылыдық орынсыз.
«Фұрқан» сүресінің 43 аяты:
«أَرَأَیْتَ مَنِ اتَّخَذَ إِلَهَهُ هَوَاهُ أَفَأَنتَ تَکُونُ عَلَیْهِ وَکِیلًا»
(Мұхаммед Ғ.С.) ойын тәңір жасап алғанды (ойының құлы болғанды) көрдің бе? Сонда сен оларға кепіл боласың ба? (43)
Бұл аят ислам пайғамбарына қаратып: «Мүшіріктер сенің сөзіңді қабылдамайды. Себебі сенің сөзің олардың ойлары мен қалауларымен сәйкеспейді. Олар көңілдері қалаған істі жасағылары келеді. Оның жамандығы мен жақсылығы оларға маңызды емес. Олар үшін тіпті өздерінің ақылдары қабылдамаса да өздерінің нәпсілік тілектеріне жету маңызды. Содықтан уа, пайғамбар өздерінің ақылдары мен болмыстарынан бас тартқандардың сенің хақ сөзіңе құлақ қойып, оны қабылдайтындығы мен оларға тура жолды нұсқаудан үміттенбе» дейді.
Осы аяттан үйренетініміз:
1.Күпіршілік пен шерктің тамыры қисын мен ақылда емес, нәпсіқұмарлықта.
2.Құдайды іздеу сезімі әр адамның болмысына қаланған. Сол себепті адамдардың кейбіреуі оның шынайы дәлелін табуда қателікке бой ұрады. Ол деген әлемнің жалғыз Пәруәрдігері болып табылады.
Иманның құны мәжбүрлікте емес, ерікті болуында. Сол себепті пайғамбарлар қайткенде де, мәжбүрлі түрде болсын, жиіркенішті түрде болсын оларды тура жолға нұсқайтын адамдардың қорғаушысы емес.
«Фұрқан» сүресінің 44 аяты:
«أَمْ تَحْسَبُ أَنَّ أَکْثَرَهُمْ یَسْمَعُونَ أَوْ یَعْقِلُونَ إِنْ هُمْ إِلَّا کَالْأَنْعَامِ بَلْ هُمْ أَضَلُّ سَبِیلًا»
Немесе олардың көбін, тыңдайды я түсінеді деп, ойлайсың ба? Олар мүлде хайуандар тәрізді. Бәлкім олар жолдан тым адасқан. (44)
Бұл аят пайғамбар мен мүміндерді жұбатып: «Мүшіріктердің жаман сөздері мен қылықтарына ренжімеңдер. Орынсыз оларға жанашырлық танытпаңдар. Себебі олар хақты түсіну үшін өздерінің ақылдарына жүгінбейді. Хақ сөзді еститін олардың құлақтары жоқ. Олар бұл тұрғыдан не өздерінің иелерінің сөздерін түсінбейтін, не соның негізінде шешім қабылдап, әрекет етулері үшін сана мен ақылға да ие емес төртаяқты хайуандар сынды.
Шындығында, егер жақсылап қарайтын болсақ, олар төртаяқты хайуандардан бетер адасқан. Өйткені, хайуандардың санасы мен ақылдары жоқ болғандықтан олар сол күйі өмір сүріп, одан артық дами алмайды. Оларға керісінше адам ақыл мен сана-сезімге ие. Олар үшін дамудың мүмкіндіктері әзірленген.
Осы аяттан үйренетініміз:
1.Хайуан жақсы мен жаманды түсінетіндей, хақ пен жалғанды ажырататын ақылдан кенде. Бірақ тура жолдан тайған адамдар ақылға ие бола тұра не хақ пен жалғанды ажыратуды қаламайды, не оны танымай, оған көзжұмбайлық танытады.
2. Жетекшілікке жетудің жолы ондағы хақ пен ойдың жолдауын естуде. Дәлелдің уәһиі сырттан. Егер ол адамның құлағына жетсе ішкі дәлелді, яғни ақылды толықтыратын болады.
3.Алланың жетекшілігін қабылдайтын адам адами ұлылыққа ие. Хақпен күресетін адамдар Құдайдың алдында хайуандардан да төмен.