Фұрқан сүресі, 625-ші бөлім, 27-30 аяттар
Фұрқан сүресі, 625-ші бөлім, 27-30 аяттар
Фұрқан» сүресінің 27-28-29 аяттары:
Ол күні әр залым өз қолын шайнап: "Әттегең-ай! Пайғамбармен бірге жол тұтқан болсам еді" дейді. (27) "Нендей өкініш маған. Әттең! Мен пәленбайды дос тұтпаған болса едім..." (28) "Шынында ол Құран келгеннен кейін мені одан адастырды. Негізінде шайтан адам баласы үшін опасыз болады" (29).
Алдыңғы бағдарламада Құдай жақсылар мен жамандардың қияметтегі жағдайларын баяндады. Осы аяттар солардың жалғасында былай дейді: «Осы дүниеде Алланың пайғамбарларының сөздерін ести тұра соларға көңіл аудармаған, өздерінің жүректерінің есіктерін ақиқаттарға ашпаған адамдар қияметте өздеріне жасаған зұлымдықтан қатты қасірет шегеді. Олар өкініштен бармақтарын тістейді. Хақ жолынан тайған адам «Құдайдың пайғамбарының адамдарды оятып, хабардар ету үшін әкелгеніне көзжұмбайлық танытып, мені жолсыздыққа түсірген, жолсыз, бұзылған адамдардың соңдарына ілестім. Әттең, сондай адамдармен дос болудың орнына пайғамбарға жол тапқанымда ғой. Сонда адасушылыққа душар болмаған болар едім» дейтін болады.
Құдай осы жерде былай дейді: «Бұлардың барлығы шайттанның жоспары. Оны өз алдына қалдыру үшін адамның қолын пайғамбарлардың қолынан шығаратын шайтанның жоспары. Мұның өзі адамның сергелдеңге түсіп, қорлыққа душар болуына себеп болады. Адамның барлық бақытсыздықтарының себебі – шайтан». Ол адамды адастыру үшін әртүрлі тәсілдер мен құралдарды пайдаланады. Осы аяттар солардың маңыздыларының біріне, яғни жаман жолдасқа сілтеме жасайды.
Тәжірибе бойынша да жақсы, жаман жолдастың адамның тағдырында жақсы, болмаса жаман рольге ие екендігі дәлелденген. Адам қаласын, қаламасын кеңістіктегі факторлардың ықпалына түседі. Досты өзі таңдап, оған ықыласының аууы және оны қабылдауының әсері басқалардан, тіпті әке-шеше мен мұғалімнен де көбірек.
Алланың елшісінен «Ең жақсы дос кім?» деп сұрағанда хазірет: «Сіздердің жанарларыңызды Аллаға аударып, сөзі сіздердің білімдеріңізді толықтыратын, әрекет-қылығы сіздердің жүректеріңізде қияметті еске алуды тірілтетін адам» деп жауап берген.
Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Егер бұл дүниеде абай болмасақ, қияметте үлкен қасіретке душар боламыз. Бірақ ол қасіреттің біз үшін ешқандай пайдасы болмайды. Себебі ол кезде мүмкіндіктен толығымен айрылған боламыз.
2. Пайғамбарлардың жолынан теріс айналу зұлымдық саналады. Керісінше, пайғамбарлардың жолымен жүру құтқарылуға себеп болады.
3. Бір жүректе екі адамға деген махаббатқа орын жоқ. Пайғамбарлар және бейкүнәлармен достық адасушылармен дос болумен ымыраға келмейді.
4.Жаман достықтардың адам үшін қатерлі салдарлары болады. Жаман және жолдан тайған жолдастар адамды адастыру мақсатындағы шайтанның құралдары болып табылады.
«Фұрқан» сүресінің 30 аяты:
Пайғамбар: "Раббым! Рас, менің елім бұл Құранды тастап қойды" деді (30).
Қияметтің жағдайы мен жай-жапсарын баяндаған алдыңғы аяттардың жалғасында осы аят Алла елшісінің Құдайдың алдындағы сөздеріне сілтеме жасап, былай дейді: «Осы дүниеде адамдарға жетекшілік ету үшін өте көп күш салған пайғамбар илаһи уәхиді оларға жеткізеді. Қияметте тіл мұңын шағып, Құдайдың жанында адамдардың Құранға мән бермейтіндіктері туралы шағымданады».
Бұл нала пайғамбар заманының мүшіріктері мен кәпірлеріне ғана қатысты емес. Олар тіпті Құран аяттарын тыңдағылары да келмеді. Сонымен қатар бүгінде Құран оқып, қарилердің оқығандарын тыңдайтын, бірақ өмірде осы үлкен кітап негізі бойынша әрекет етпейтін мұсылмандарды да қамтиды. Өкінішке орай, бүгінде мұсылмандар Құранның жоғары ағартушылық роліне назар аударудың орнына оның жазылуы мен оқылуын көркемдеуге көбірек назар аударады. Құранды ашып, өздерінің жүректері мен рухтарының дерттерін сонымен емдеудің, сонымен бірге өздерінің қоғамдық қиындықтарын соның тағылымдарымен шешудің орнына кітапты әдемі қаптап, оған құрмет көрсетеді.
Неке қию мен үйлену рәсімдерінде немесе жаңа үйге кіріп, зауыттың ашылу салтанатында, сондай-ақ жолаушы мен зияратшыны шығарып салуда, я болмаса картина салу мен мешіттердің архитектурасын жобалауда және осы сияқты тағы да басқа істерде Құранға көп көңіл аударылады. Бірақ не жас келін, не күйеу жігіт Құран тағылымдары негізі бойынша өмір сүрмейді, не зауыт пен базардың ісі діннің экономикалық нұсқаулары бойынша жүзеге асырылмайды, не өнерпаздар өздерін діннің ахкамдарына табынды санамайды. Ия, бүгінде басқа әр уақыттан көбірек адамдар Құраннан алыстаған. Мұсылмандар ең жақсы және ең толық өмір заңдарына ие бола тұра бөгделердің билігімен өмір сүреді. Елдері ислам дініне қайшы заңдар арқылы басқарылады. Ең жаманы, адамдар неғұрлым батыстық үлгіде болса, соғұрлым өздерін дамыған және бақыттырақпыз деп санайды.
Осы аяттан үйренетініміз:
1.Қиямет күнгі куәлердің бірі – Алланың елшісі. Бізге шапағат тілейді деп үміттенетін ол Құраннан алыстап, оның тағылымдарын орындамағанымыз үшін бізге шағым айтады.
2. Қарапайым өмірде Құранға көзжұмбайлық таныту қияметте сұралады.
3.Құранды сырт көзге жалғыз оқу жеткіліксіз. Сонымен қатар Құран аяттары туралы ойланып, мүмкіндігінше соны жүзеге асыру қажет.