Фұрқан сүресі, 623-ші бөлім, 17-20 аяттар
Фұрқан сүресі, 623-ші бөлім, 17-20 аяттар
«Фұрқан» сүресінің 17-18 аяттары:
«وَیَوْمَ یَحْشُرُهُمْ وَمَا یَعْبُدُونَ مِن دُونِ اللَّهِ فَیَقُولُ أَأَنتُمْ أَضْلَلْتُمْ عِبَادِی هَؤُلَاءِ أَمْ هُمْ ضَلُّوا السَّبِیلَ»، «قَالُوا سُبْحَانَکَ مَا کَانَ یَنبَغِی لَنَا أَن نَّتَّخِذَ مِن دُونِکَ مِنْ أَوْلِیَاءَ وَلَکِن مَّتَّعْتَهُمْ وَآبَاءَهُمْ حَتَّى نَسُوا الذِّکْرَ وَکَانُوا قَوْمًا بُورًا»
Ол сол күні оларды және Алладан өзге табынғандарын жинайды. Сонда олардан: "Осы қүлдарымды сендер адастырдыңдар ма немесе жолдан өздері адасты ма?",- деп сұрайды. (17) (Ол табынылғандар): "Сен пәксің. Бізге Сенен өзгені ие қылуымыз лайық емес. Бірақ Сен оларды да аталарын да қамтамасыз еттің. Тіпті Сені еске алуды ұмытты да жоғалуға лайық бір ел болды" деді. (18)
Алдыңғы аяттарда мүміндер мен кәпірлердің қияметтегі сыйы мен жазасы туралы баяндалды. Осы аят былай дейді: «Құдай кәпірлер мен мүшіріктерді жазалау үшін жындар мен періштелерге, тіпті хазірет Иса сынды пайғамбарларға табынған адамдарды қияметтің сотына келтіріп, тараптардың қатысуымен солар табынғандарға «Сендер адамдарды өздеріңе табынуға шақырдыңдар ма немесе олар өздері сендерге табынуға келді ме?» деп сұрайды. Осыған ұқсас сауал «Маида» сүресінің 116 аятында Мәриямның ұлы хазірет Исаға қатысты да айтылған болатын. Құдай сол хазіретке: «(Сол уақта) Алла: «Әй, Мәриям ұлы Ғиса! Адамдарға Алланы қойып, мені әрі анамды екі тәңір етіп алыңдар деп сен айттың ба?»,- дейді. Бірақ қияметтің сотында тәңірлердің Құдайға беретін жауаптары қызық. Олар былай дейді: «Құдай, біз сенен басқа ешкімді өзімізге қамқоршы санамаймыз. Ондай болса қалайша біреуді өзімізге жәрдемші етіп алып, саған қарсы тұрамыз?». Аяттың жалғасы адамдарды бұрмалаушылықтың біріне сілтеме жасап, былай дейді: «Дүниенің нығметтеріне ие болған кезде егер шүкіршілік пен алғыс айтылмаса ол Құдайды естен шығарып, күнәнің иіріміне терең батуға себеп болады». Осы аяттардың тәпсірі:
1.Қияметте мүшіріктер табынғандар мүшіріктерге жақтасудың орнына олардың өздерінен бизар болып, қашады.
2. Қияметте барлық нәрсе, соның ішінде пұттар мен «тәңірлерге» де тіл бітеді.
3.Алланың бізге берген нығметтері біздің жақсы және дұрыс екендігімізді білдірмейді. Себебі Құдай мүшіріктер мен кәпірлерден де Өзінің нығметтерін аямайды.
«Фұрқан» сүресінің 19 аяты:
«فَقَدْ کَذَّبُوکُم بِمَا تَقُولُونَ فَمَا تَسْتَطِیعُونَ صَرْفًا وَلَا نَصْرًا وَمَن یَظْلِم مِّنکُمْ نُذِقْهُ عَذَابًا کَبِیرًا»
(Табынғандарың) рас айтқандарыңды жасынға айналдырады. Сонда оны қайтара алмайсыңдар да бір көмек те таба алмайсыңдар. Сендерден кім зұлымдық қылса, ірі азап таттырамыз. (19)
Илаһи сотта мүшіріктер мен олардың табынғандарының қатысуымен мүшіріктердің өздерінің бұрмалаушылыққа себеп болғандары анықталады. Пұттар бұл істе ешқандай роль атқармаған. Құдай былай дейді: «Осы дүниеде зиянды жойып, пайда табудан үміттеніп, сол пұттарға бардыңдар. Бүгін олардың қолдарынан ештеңенің келмегенін көріп отырсыңдар. Олар не сендерден азапты жоя алмайды, не сендерге пайда келтіре алмайды. Сендер өте үлкен зұлымдық жасадыңдар, яғни шерк келтірдіңдер. Һәм өздеріңнің нәпсілеріңе, һәм сендерге жетекшілік ету үшін келген пайғамбарлар мен түсірілген аспандық кітаптарға зұлымдық жасадыңдар. Зұлымдықтың жазасы тозақтың ауыр оты болады».
Аяттардың тәпсірі:
Осы дүниеде шерк пен зұлымдыққа ұшырағандарға қияметте ешқандай қолдау жасалмайды. Олар өздерін құтқару үшін ештеңе істей алмайды.
Діни мәдениетте зұлымдықтың мағынасы басқаларға зұлымдық дегеннен кеңірек, яғни бірінші кезекте өзіңе зұлымдық жасау дегенді білдіреді. Сонымен қатар, шерк – зұлымдықтың айқын дәлелі. Мүшірік – залым.
«Фұрқан» сүресінің 20 аяты:
«وَمَا أَرْسَلْنَا قَبْلَکَ مِنَ الْمُرْسَلِینَ إِلَّا إِنَّهُمْ لَیَأْکُلُونَ الطَّعَامَ وَیَمْشُونَ فِی الْأَسْوَاقِ وَجَعَلْنَا بَعْضَکُمْ لِبَعْضٍ فِتْنَةً أَتَصْبِرُونَ وَ کَانَ رَبُّکَ بَصِیرًا»
(Мұхаммед Ғ.С.) Сенен бұрын да тамақ жейтін, базарларда жүретін ғана пайғамбарларды жіберген едік. Негізінде біріңді біріңе сынау қылдық. Сабыр етесіңдер ме? Раббың әр нәрсені көруші. (20)
Осы сүренің жетінші аятында баяндалған кәпірлердің сылтауларының бірі ислам пайғамбарының қарапайым өмір сүруі болды. Олар былай десті: «Сен біз сияқты су мен тамақты қажет ететін, басқа адамдар сияқты базарға баратын, нөкерің мен қызметшің жоқ не қылған пайғамбарсың?!». Олар Құдайдың пайғамбары су мен тамақты қажетсінбейтін ерекше періште болады немесе егер адам болатын болса, патшалар мен билеушілер сияқты ерлер мен әйелдер оған қызмет етіп, оның жеке басының жұмыстарын атқаратын болуы керек деп күтетін сыңайлы. Шынтуайтында, олардың көзқарастары бойынша пайғамбардың әлсіз тұсы көрінген нәрсе хазіреттің мықты тұсы болды. Себебі пайғамбарлардың барлығы тарих бойында халықтың арасында өмір сүріп, олармен араласқан; қоғамда Алланың бұйрықтарын жариялап, орнатқан. Пайғамбарлар өздері шәкірттерін іздеп баратын жанашыр мұғалімдер мен тәрбиешілер болды. Олар үйде, ғибадатханаларда немесе мешітте отырып алып, адамдардың өздерінің оларды іздеп келуін күтіп отырмаған. Немесе таңдаулы бір топты ғана шәкірттікке алып, басқа адамдармен істері жоқ болмаған. Пайғамбарлардың осы қарапайым өмір салттары мен олардың қарапайым адамдармен бірдей өмір сүрулерінің өзі илаһи сынақ болды. Себебі кейбір адамдар осы сылтауға бола, әсіресе, егер пайғамбар материалды тұрғыдан олардан төмен сатыда тұратын болса олардың сөздеріне сенуге, Хақтың сөзін қабылдауға әзір емес болды. Аяттың жалғасы да осы істің қиындығына сілтеме жасап, былай дейді: «Хақ сөзді қабылдап, соған табанды болуға дайынсыңдар ма? Өздеріңнің нәпсілік тілектеріңе қарсы тұрып, материалды тұрғыдан сендерден төменірек адамның сөзіне құлақ асуға әзірсіңдер ме?». Аяттың соңында «Сендердің барлық сөздерің мен әрекеттерің Құдайдың бақылауында. Одан ешнәрсе жасырын емес» дейді. Осы аяттың тәпсірі:
1.Алланың барлық пайғамбарлары дінді уағыздап, таратуда біртұтас мақсатқа ие болды. Еш күмәнсіз, олардың тарихы мен өткендерін зерттеу мүміндердің көңілдерін тыныштандырады.
2. Илаһи сынақтардың мақсаты адамның дамуы мен оны тәрбиелеуді көздейді. Илаһи сынақтарда табысқа жетудің кілті сабыр мен табандылықта.