Қар 26, 2016 20:45 Asia/Almaty
  • Фұрқан сүресі, 622-ші бөлім, 10-16 аяттар

Фұрқан сүресі, 622-ші бөлім, 10-16 аяттар

«Фұрқан» сүресінің 10 аяты:

 «تَبَارَ‌کَ الَّذِی إِنْ شَاءَ جَعَلَ لَکَ خَیْرً‌ا مِنْ ذَلِکَ جَنَّاتٍ تَجْرِ‌ی مِنْ تَحْتِهَا الْأَنْهَارُ‌ وَیَجْعَلْ لَکَ قُصُورً‌ا»

Сондай молшылық иесі Алла қаласа бұлардан да жақсы, астарынан өзендер ағатын бақшалар бере алады. Тағы сен үшін сарайлар жасай алады. (10)

Алдыңғы бағдарламада пайғамбардың қарсыластарының әрдайым сылтау іздеп: «Егер сен пайғамбар болсаң, неліктен сенің сарайың мен бағың, нөкерлерің мен қызметшілерің жоқ? Неліктен сен азық-түлік үшін базарға өзің барасың?» деп айтқандарын баяндадық. Осы аят осындай орынсыз сөздерге былай деп жауап береді: «Егер Құдай қалағанда өзінің пайғамбарына тек жап-жасыл бақ пен әдемі де салтанатты сарайларды ғана емес, сендер ойлағаннан да артықты берген болар еді. Бірақ пайғамбарлардың міндеті патшалар сынды өмір сүріп, адамдарды өзіне бағындыру емес болды. Пайғамбардың келуінің мақсаты халыққа дұрыс жол нұсқап, оларға жетекшілік ету болды. Халық соның негізінде өз қалауымен олардың тағылымдарына еруі керек. Мұнымен қоса үлкен байлық пен мал-мүлікке ие болу адамдардың бір тобының дүниелік мүдделеріне жету үшін соларға еруіне себеп болады. Пайғамбарлардың мақсаты адамдарды дүниеге деген тәуелділік пен  дүниелік ашкөздіктен босату болып табылады». Осы аяттың тәпсірі:

Илаһи пайғамбарлар қатардағы адамдар сынды қарапайым,  үлде мен бүлдеден алыс өмір сүрді. Бұл ерекшелік дінді уағыздаушылар да пайғамбарлардың өмір сүру тәсілдерін жалғастыруы керек олардың артықшылықтары болып табылады.

Біз үшін пақыр болсақ та, бай болсақ та маңызды мәселе Құдайдың әмірінің алдында мойынсұну болып табылады.

«Фұрқан» сүресінің 11-12 аяттары:

 «بَلْ کَذَّبُوا بِالسَّاعَةِ وَأَعْتَدْنَا لِمَنْ کَذَّبَ بِالسَّاعَةِ سَعِیرً‌ا»، «إِذَا رَ‌أَتْهُمْ مِنْ مَکَانٍ بَعِیدٍ سَمِعُوا لَهَا تَغَیُّظًا وَزَفِیرً‌ا»

Бірақ олар қияметті жасынға шығарады. Қияметті жасынға шығарғандар үшін қайнаған тозақты әзірледік. (11) Тозақ оларды ұзақ бір жерден көрген сәтте олар оның қайнап, күркірегенін естиді. (12)

Алдыңғы аяттар мүшіріктердің Құдай туралы бұрыс сенімдері және олардың пайғамбар жайлы орынсыз ойларын баяндады. Осы аяттар мүшіріктердің қиямет туралы сенімдерінің бұрмалану мәселесін жалғастырып былай дейді: «Олар тек тәуһид пен пайғамбарлықты ғана қабылдаған жоқ, сондай-ақ қияметті де теріске шығарады. Аспандық діндердің ешқайсына иман келтірмейді. Шын мәнінде олардың сылтау іздеушіліктерінің бастауы қияметті теріске шығаруда. Алайда бұл теріске шығару ұзаққа созылмайды. Бүкіл болмыстарымен оны түсінетін күн келіп жетеді. Тозақ отының жалыны оларды қарсы алып, гүрілдеп, еш аяушылықсыз оларды өзіне тартатын күн туады. Ол күні келеке, кемсітушілік немесе сылтау іздеуге орын қалмайды. Ақыл мен қисынға бағынбай, менмендік және тәкәппарлықпен Хақты қабылдауға әзір болмаған адамдар отқа тасталынады. Сондай адамдар үшін илаһи әділ жаза осындай». Аяттардың тәпсірі:

1.Қияметті теріске шығару жаман, бейбастақ істерді жасау үшін жолды ашып, адамды тозаққа тартады.

2.Кәпірлер осы дүниеде иман адамдарын қорқытып, кемсітіп, келеке етеді. Соған жауап ретінде қияметте кәпірлер тозаққа кірген кезде қорлық пен қатерге душар болады.

«Фұрқан» сүресінің 13-14 аяттары:

 

 «وَإِذَا أُلْقُوا مِنْهَا مَکَانًا ضَیِّقًا مُقَرَّ‌نِینَ دَعَوْا هُنَالِکَ ثُبُورً‌ا»، «لَا تَدْعُوا الْیَوْمَ ثُبُورً‌ا وَاحِدًا وَادْعُوا ثُبُورً‌ا کَثِیرً‌ا»

 

Олар тозақтың тар бір жеріне қолдары, мойындары байлаулы тасталғанда сол жерде жоқ болуды қалайды. (13) "Бүгін бірақ жоқ болуды тілемеңдер! Көптеген жоқ болуды тілеңдер" (делінеді) (14)

Осы аяттардың отқа душар болған тозақтықтардың жағдайын баяндағаны сондай, кез-келген иманды адамға «Осындай тағдырға ұшырап жүрмеңдер! Құдайдың кең рақымына ие болудың орнына илаһи қаһар мен ашуға душар боласыңдар» деп кеңес беріп, ойлануға жетелейді. Құдай пенделеріне әрдайым мейірімді. Қателесушілерге түзелуге мұрсат беріп, тәубаға келуге мүмкіндік береді. 

Сол адамдар осындай жазаға ұшырайтындай не жазды? Олардың өздері жаман істерімен осындай оттың жалынын лаулатып, негіз қаламады ма? Аяттар мен рауаяттар негізі бойынша, тозақ үлкен аумаққа ие мекен. Соған қарамастан тозақтықтар өздерін үнемі тар кеңістікте сезініп, қысылады. Тозақтықтардың орындарының қиындығы және адам төзгісіздігі сондай олар сәт сайын өздеріне өлім тілейді. Бірақ одан не пайда? Қияметте өлім жоқ. Адам күйгеннен өлмейді. Керісінше, олар үнемі ауырып, қиналуы үшін күйген жердің орнына қайтадан ет бітіп, тері жамалып, сүйек қалыптасады. Аяттардың тәпсірі:

Қиямет – физикалық күй.

Тозақтықтар тозаққа өз аяқтарымен кірмейді. Керісінше қорланған түрде тозаққа лақтырылады.

Тозақтықтар шынжыр және кісенмен байланады. Олардың орындары тар және жіңішке. Тозақтықтардың наласы мен айғайы қатты болғанымен ешкімнің құлағына жетпейді. Олардың алдарында ешқандай құтылатын жол жоқ.

«Фұрқан» сүресінің 15-16 аяттары:

 «قُلْ أَذَلِکَ خَیْرٌ‌ أَمْ جَنَّةُ الْخُلْدِ الَّتِی وُعِدَ الْمُتَّقُونَ کَانَتْ لَهُمْ جَزَاءً وَمَصِیرً‌ا»، «لَهُمْ فِیهَا مَا یَشَاءُونَ خَالِدِینَ کَانَ عَلَى رَ‌بِّکَ وَعْدًا مَسْئُولًا»

(Мұхаммед Ғ.С.): "Осы азап жақсы ма? Немесе тақуалар үшін сыйлық әрі барар орын түрінде уәде етілген мәңгілік жаннат жақсы ма?",- де. (15) Олар мәңгі қалатын жаннаттта не тілесе бар. Бұл Раббың міндетті түрде орындайтын бір уәде. (16)

Мүміндер мен кәпірлердің істерінің соңдарын салыстыру тәсілі Құдай Құран Кәрімнің аяттарында көптеп қолданған және пайғамбарына былай деп айтқан тәсілдердің бірі: «Адамдардан өздерінен ойлануды, тозақтықтар мен жұмақтықтардың тағдырының арасын салыстырып, өздерінің жолдарын таңдауды сұра. Егер олар өмірдің нығметі мен ләззатын қаласа тек осы дүниені ғана көрмесін, тек осы дүние үшін ғана талпыныс жасамасын. Керісінше ақыреттің қамын да ойласын. Ажал жеткен кезде жақсы үйден қиранды үйге көшірілмес үшін және қасірет пен өкінішке душар болмас үшін өздерінің мәңгілік өмірлері үшін күш салсын».  Осы аяттардың тәпсірі:

1.Күпіршілік пен иманды немесе жақсы және жаман істі таңдаған кезде оның соңы туралы, яғни жұмақты қалаймыз ба, әлде тозақты қалаймыз ба, сол туралы ойланайық.

2. Адам тек жұмақта ғана барлық армандарына жетеді. Жұмақта нені қаласа соның барлығы бар. Бірақ тозақтықтар өздерінің армандарына жете алмайды.

3. Құдай өзінің уәделерін орындауды өзіне қажеттілік деп санайды. Құдайдың уәделері һәм кесімді, һәм міндетті түрде іске асатын, һәм мәңгілік уәделер.