Қар 26, 2016 20:50 Asia/Almaty

Фұрқан сүресі, 621-ші бөлім, 4-9 аяттар

«Фұрқан» сүресінің 4 аяты:

 

 «وَقَالَ الَّذِینَ کَفَرُ‌وا إِنْ هَذَا إِلَّا إِفْکٌ افْتَرَ‌اهُ وَأَعَانَهُ عَلَیْهِ قَوْمٌ آخَرُ‌ونَ فَقَدْ جَاءُوا ظُلْمًا وَزُورً‌ا»

Сондай кәпірлер: "Бұл Құран мүлде жасанды. Оны өзі шығарды, оған басқа ел де көмектесті" деп, олар шәксіз орынсыз жала жапсырды. (4)

Тарих бойында кәпірлердің тәсілдерінің бірі  пайғамбарларға жала жауып, олардың тұлғаларына күмән келтіру болды. Олар пайғамбарларды дүниелік дәрежелерге қол жеткізу үшін «Құдай тарапынан пайғамбарлыққа жіберілдік» деп уәж айтатын өтірікші адамдар және адамдарға аспандық кітап деп әкелгендерін жасырын бір топ адамның көмегімен  жазылған деп таныстырды. Олардың айтуы бойынша, сол топ пайғамбарларға осы жолда оның билікке қол жеткізуі үшін және соның қасында өздері де өздерінің тілектері мен ашкөздіктеріне жету үшін жәрдемдеседі. Қарсыластардың осы сөздерінің өзі заманның ең пәк және ең шыншыл адамдарына айтылған үлкен өтірік және жапқан жала болып табылады. Қарсыластар пайғамбарлардың анық қисындары мен аспандық кітаптарының алдында лайықты қисынға ие емес. Олар ғылыми пікірталастың орнына пайғамбардың бейнесін бұзу үшін ешқандай дәлел мен  құжатсыз оған кітапты достарының көмегімен жазып, оны Құдаймен байланыстырды деп жала жабады.

Осы аяттың тәпсірі:

Кәпірлер өздерінің күпіршіліктерін ақтау үшін пайғамбарды өтірікші санап, Құран аяттарын теріске шығару үшін дәлел де келтірмейді.

Қорлаушылық пен жала жабу және демагогия әрдайым қарсыластардың пайғамбарлардың дінді тарату ісіне тосқауыл қоятын тәсілдері болды.

«Фұрқан» сүресінің 5-6 аяттары:

 

 «وَقَالُوا أَسَاطِیرُ‌ الْأَوَّلِینَ اکْتَتَبَهَا فَهِیَ تُمْلَى عَلَیْهِ بُکْرَ‌ةً وَأَصِیلًا»، «قُلْ أَنزَلَهُ الَّذِی یَعْلَمُ السِّرَّ‌ فِی السَّمَوَاتِ وَالْأَرْ‌ضِ إِنَّهُ کَانَ غَفُورً‌ا رَّ‌حِیمًا»

Және олар: "Ол Құран бұрынғылардың аңызы. Оны бұл жаздырып алады да, ертелі-кеш өзіне оқылады" деді. (5) (Мұхаммед Ғ.С.): "Құранды көктер мен жердің сырын білетін Алла түсірді. Рас, Алла өте жарылқаушы, тым мейірімді" де. (6)

Алдыңғы аяттың жалғасында бесінші аятта қарсыластардың пайғамбарға жабатын келесі бір жаласы баяндалып: «Олардың Құранның мықты қисынының алдында келтіретін дәлелдері жоқ. Кейде олар: «Құранда келтірілген хикаялар бұрынғылардың ктаптарында жазылған хикаялар. Ол соларды көшіріп жазып алып, илаһи аяттар ретінде адамдарға оқып жүр. Шын мәнінде өзінің ештеңесі жоқ. Бар нәрсесі – басқалардың айтқандары. Ол солардың жазғандарын оқып, пайғамбарлық туралы уәж айтады» дейді.  Шын мәнінде олар осы жөнсіз жаламен «ислам пайғамбары жазуды және оқуды білетін адам» деген уәж айтып: «Құранда оның өзін сауатсыз және оқымаған деп таныстыруы жалған сөз. Бірақ ол өзінен бұрынғылардың кітаптарын оқып алған. Оған осы істе көмек көрсететін адамдар сол кітаптарда жазылғандарды оқып беріп, ол соларды Құранның атымен халыққа ұсынады» десті. Алайда Мекке қаласында оқып, жаза білетін адам некен-саяқ болды. Барша жұрт хазірет Мұхаммедтің ешкімнен оқу мен жазуды үйренбегенін, «Құран» атты кітапты ұсынатындай оның солардан көмек алып, Мединенің яһудилері мен басқа да кітап иелерімен ешқандай байланысының болмағанын білді. Мұнымен қатар Құранның тек бір бөлігі ғана бұрынғы қауымдар туралы хикаяларды қамтиды. Құранның үлкен бөлімі діни сенім немесе ғылыми ахкам, сондай-ақ ахлақтық бұйрықтарға арналған. Олардың көбісі пайғамбар келген ғасырдың мәдениетінде немесе сол кезде болған аспандық кітаптарда бұрын-соңды кездеспеген. Сол себепті Құдай сондай жөнсіз байланыстыруларға берген жауапта: «Құран аяттары еш адамның ойының нәтижесі емес. Керісінше, аспандар мен жердің пайда болуын білетін, сонымен қатар табиғаттың құпия-сырларын, аспан мен жердің бұрынғы және болашақтағы хабарларын білетін, солардың бір бөлігін осы Құранда келтірген илаһи ғылымнан бастау алған. Алайда, егер сол қарсыластар дұшпандықты қойып, ақиқатқа мойынсұнғанда Алланың мейірімі мен рақымына кенеліп, Құдай оларға кешірім жасап, жарылқайтын еді» дейді. Осы аяттардың тәпсірі:

Құран илаһи шексіз ғылымнан бастау алған. Бұл кітап әлемнің бүкіл сыр-құпиясын блетін Құдай тарапынан жіберілген, адамның қолымен жазылмаған.

Тәубенің жолы барша үшін, тіпті Құранды әпсана, пайғамбарды өтірікші деп атаған кәпірлер үшін де ашық.

«Фұрқан» сүресінің 7-8-9 аяттары:

 

 

 «وَقَالُوا مَالِ هَذَا الرَّ‌سُولِ یَأْکُلُ الطَّعَامَ وَیَمْشِی فِی الْأَسْوَاقِ لَوْلَا أُنزِلَ إِلَیْهِ مَلَکٌ فَیَکُونَ مَعَهُ نَذِیرً‌ا»، «أَوْ یُلْقَى إِلَیْهِ کَنزٌ أَوْ تَکُونُ لَهُ جَنَّةٌ یَأْکُلُ مِنْهَا وَقَالَ الظَّالِمُونَ إِن تَتَّبِعُونَ إِلَّا رَ‌جُلًا مَّسْحُورً‌ا»، «انظُرْ‌ کَیْفَ ضَرَ‌بُوا لَکَ الْأَمْثَالَ فَضَلُّوا فَلَا یَسْتَطِیعُونَ سَبِیلًا»

Тағы олар: "Бұл қандай Пайғамбар? Тамақ жейді, базарларда жүреді. Неге оған онымен бірге жүріп, қорқытатын періште түсірмейді?",-десті. (7) "Немесе оған бір қазына тасталса не оның бір коректенетін бақшасы болса еді". Сөйтіп залымдар: "Сендер мүлде жадыланған кісіге ересіңдер" деді. (8) (Мұхаммед Ғ.С.) Қара! Сен үшін қалай мысалдар берді. Енді олар жол таба алмайтын түрде адасты. (9)

Алдыңғы аяттар кәпірлердің ислам пайғамбарына жапқан жөнсіз жалаларын баяндады. Осы аяттар олардың орынсыз тілектеріне сілтеме жасап, былай дейді: «Олар пайғамбарға: «Құдай тарапынан пайғамбарлыққа таңдалған адамның қарапайым адамдар сынды тамаққа қажеттілігі болып, соны қамтамасыз ету үшін базарға баруы лайық емес. Ол баршаның көзін тамсандыратындай мал-мүлікке ие болуы керек. Халық оны көріп, пайғамбардың сөзін қабылдауы үшін оның қасында үнемі періште еріп жүруі керек» десті. Кейбір қарсыластар мұнымен де шектелмеді. Олар пайғамбарды сиқыр мен жадыға ұшыраған, қалыпты жағдайдан шыққан, жын соққан адам деп атады. Құдай олардың мұндай бос, жөнсіз сөздеріне берген жауапта: «Қисынсыз сөз айтып, ақылға сай емес талап қоятындар шын мәнінде өздерін илаһи жетекшіліктен мақұрым етіп, адасушылықта мәңгі-бақи қалады. Олар пайғамбарларды патшалармен шатастырған. Олар пайғамбарларды да салтанатты сарайларда тұрып, жасыл бақтарда серуендейтін, базарға бармайтын, халықтың арасында болмайтын патшалар сынды болсын дейді. Пайғамбарлардың міндеті – билікке жету үшін мал-мүлік пен байлық жинау емес, халыққа жетекшілік ету» дейді. Аяттардың тәпсірі:

1.Діни жетекшілер дінді уағыздау мен жетекшілікте табысқа жету үшін халықтың арасында жүріп, солармен араласуы керек.  

2. Адам болу пайғамбарлар үшін кемелдік саналады. Періштелер пайғамбарлардың істерін атқара алмайды.