Қар 27, 2016 19:08 Asia/Almaty

Нұр сүресі, 618-ші бөлім, 58-61 аяттар

"Нұр" сүресінің 58-59 аяттары:

«یَا أَیُّهَا الَّذِینَ آمَنُوا لِیَسْتَأْذِنْکُمُ الَّذِینَ مَلَکَتْ أَیْمَانُکُمْ وَالَّذِینَ لَمْ یَبْلُغُوا الْحُلُمَ مِنْکُمْ ثَلَاثَ مَرَّ‌اتٍ مِنْ قَبْلِ صَلَوةِ الْفَجْرِ‌ وَحِینَ تَضَعُونَ ثِیَابَکُمْ مِنَ الظَّهِیرَ‌ةِ وَمِنْ بَعْدِ صَلَوةِ الْعِشَاءِ ثَلَاثُ عَوْرَ‌اتٍ لَکُمْ لَیْسَ عَلَیْکُمْ وَلَا عَلَیْهِمْ جُنَاحٌ بَعْدَهُنَّ طَوَّافُونَ عَلَیْکُمْ بَعْضُکُمْ عَلَى بَعْضٍ کَذَلِکَ یُبَیِّنُ اللَّـهُ لَکُمُ الْآیَاتِ وَاللَّـهُ عَلِیمٌ حَکِیمٌ»، «وَإِذَا بَلَغَ الْأَطْفَالُ مِنْکُمُ الْحُلُمَ فَلْیَسْتَأْذِنُوا کَمَا اسْتَأْذَنَ الَّذِینَ مِنْ قَبْلِهِمْ کَذَلِکَ یُبَیِّنُ اللَّـهُ لَکُمْ آیَاتِهِ وَاللَّهُ عَلِیمٌ حَکِیمٌ»

Әй, мүміндер! Меншіктеріңдегі құл-күңдер, әлі ержетпеген балаларың, осы үш мезгілде (жандарыңа) рұқсат сұрап кірсін: таң намазының алдында, түсте киімдеріңді шешкен уақытта және ясту намазынан кейін. Сендер үшін осы үшеуі ұялатын мезгіл. Бұлардан кейін (басқа уақытта) сендерге де оларға да айып емес. Өйткені, сендер бір-біріңе кіріп, шығуларыңа керексіңдер. Осылайша Алла сендерге аяттарын баян етеді. Алла толық білуші, хикмет иесі. (58) Ержеткен балаларың, бұрынғылар рұқсат сүрағандай рұқсат сұрап кірсін. Осылайша сендерге Алла аяттарын ашық баян етеді. Алла толық білуші, хикмет иесі. (59)

Бейбастақ әйелдер мен ерлерді жазалау үкімімен басталған "Нұр" сүресі осы соңғы аяттарда перзенттер арасында жыныстық азғындықтың пайда болуының  алдын алып, отбасы кеңістігінде қоғамдық пәктікті сақтау үшін былай дейді: "Үйдің ішінде табиғи түрде жүріп-тұратын үй қызметшілері мен һәм ересек, һәм кішкентай балалар ата-ананың жеке бас құрметін сақтап, рұқсатсыз олардың бөлмелеріне кірмеулері керек. Балиғат жасына жетпеген, ата-анасына көбірек бауыр басқан кішкентай балалар әдетте олардың қасында болады. Осы аяттар арнайы түрде соларға қатысты былай дейді: "Тіпті балиғат жасына жетпеген балалар да ата-аналары демалып, оңаша жатқан кезде олардың бөлмесіне кіру үшін рұқсат алулары керек". Бұл бұйрықты ата-ана өздерінің перзенттеріне сәби шақтан бастап үйретіп, оларды әдепті және адал етіп тәрбиелеулері керек.

Осы аяттардан үйренетініміз:

1. Ерлі-зайыптының қарым-қатынасы һәм перзенттердің ұяты мен әдебі, һәм ата-ананың жеке өмірлерінің құрметі сақталатындай болу керек.

2.Балалар адалдық пен әдептілікті үй және отбасы кеңістігінен үйренуі тиіс.

3. Отағасы бір тәуліктің белгілі бір сағаттарын өзінің әйеліне арнауы керек. Перзенттер сол уақытта олардың мазаларын алмауы керек. 

"Нұр" сүресінің 60 аяты:

«وَالْقَوَاعِدُ مِنَ النِّسَاءِ اللَّاتِی لَا یَرْ‌جُونَ نِکَاحًا فَلَیْسَ عَلَیْهِنَّ جُنَاحٌ أَنْ یَضَعْنَ ثِیَابَهُنَّ غَیْرَ‌ مُتَبَرِّ‌جَاتٍ بِزِینَةٍ وَأَنْ یَسْتَعْفِفْنَ خَیْرٌ‌ لَهُنَّ وَاللَّهُ سَمِیعٌ عَلِیمٌ»

Некеленуден күдер үзіп, үйде отырған кемпірлердің зейнеттерін ашпай, сырт киімдерін шешулері айып емес. Егер бұдан да сақтанса, олар үшін тағы жақсы. Алла толық естуші, әр нәрсені білуші. (60)

Хиджабтың толық үкімі осы сүренің 31-ші аятында баяндалды. Қазір оқылған аят мосқал әйелдерді бұл үкімнен шығарып, былай дейді: "Қартаңдықтарына байланысты тұрмыс құруға ынталары жоқ әрі олармен ешкімнің үйленуге ықыласы жоқ әйелдер бөтен адамдардың ортасында өздерінің орамалдары мен жаулықтарын шеше алады. Олардың бастары мен мойындарын жабудың қажеті жоқ. Бірақ бұл үкімнің кейуаналардың бастары мен мойындарында әшекей бұйымдары болмай, өздерін әсемдемеген жағдайда ғана күші бар. Осындай жағдайда мұндай әйелдердің жыныстық тартымдылықтан айрылып, олардың хиджабтарының ашылуы қоғам үшін ешқандай бұзықтық келтірмейтіндігі түсінікті. Алайда сол әйелдер де егер заңды сыйлап, басқа әйелдер сынды хиджабпен қымтанса пәктікке жақындайтындықтары анық. Мұндай іс олардың өздері үшін де жағымдырақ болады". Осы аят хиджабтың негізгі пәлсапасының банулардың ар-абыройларын сақтау екендігін жақсы көрсетеді. Шын мәнінде хиджаб кию олардың өздерінің мүддесін көздейді. Алайда ислам көзқарасы бойынша хиджаб саналатын киім еліктірерлік және шәһуат тудыратын болмауы керек, һәм жыныстық тұрғыдан еліктіруге негіз дайындамауы керек. 

Осы аяттан үйренетініміз:

1. Ислам заңдары икемді және шындықтар мен қажеттіліктерге сай. Сол себепті адамдардың жағдайының өзгеруімен олар да өзгереді. Осы аяттың егде әйелдер үшін хиджабты жеңілдеткені сынды.

3. Әйелдерге бөтен адамдардың ортасында боянып, әсемденіп отыруға рұқсат етілмейді.  

"Нұр" сүресінің 61 аяты:

«لَیْسَ عَلَى الْأَعْمَى حَرَ‌جٌ وَلَا عَلَى الْأَعْرَ‌جِ حَرَ‌جٌ وَلَا عَلَى الْمَرِ‌یضِ حَرَ‌جٌ وَلَا عَلَى أَنْفُسِکُمْ أَنْ تَأْکُلُوا مِنْ بُیُوتِکُمْ أَوْ بُیُوتِ آبَائِکُمْ أَوْ بُیُوتِ أُمَّهَاتِکُمْ أَوْ بُیُوتِ إِخْوَانِکُمْ أَوْ بُیُوتِ أَخَوَاتِکُمْ أَوْ بُیُوتِ أَعْمَامِکُمْ أَوْ بُیُوتِ عَمَّاتِکُمْ أَوْ بُیُوتِ أَخْوَالِکُمْ أَوْ بُیُوتِ خَالَاتِکُمْ أَوْ مَا مَلَکْتُمْ مَفَاتِحَهُ أَوْ صَدِیقِکُمْ لَیْسَ عَلَیْکُمْ جُنَاحٌ أَنْ تَأْکُلُوا جَمِیعًا أَوْ أَشْتَاتًا فَإِذَا دَخَلْتُمْ بُیُوتًا فَسَلِّمُوا عَلَى أَنْفُسِکُمْ تَحِیَّةً مِنْ عِنْدِ اللَّهِ مُبَارَ‌کَةً طَیِّبَةً کَذَلِکَ یُبَیِّنُ اللَّهُ لَکُمُ الْآیَاتِ لَعَلَّکُمْ تَعْقِلُونَ»

(Бір үйден тамақ жеулерінде) соқырға кінә жоқ, ақсаққа кінә жоқ, ауруға да кінә жоқ. Сондай-ақ сендерге өз үйлеріңнен (әйелдеріңнің, балаларыңның. Ж.М.Р.) не әкелеріңнің үйлерінен, я шешелеріңнің үйлерінен, я аға-інілеріңнің үйлерінен, я әпеке-қарындастарыңның үйлерінен, я әкелеріңмен туысқан көкелеріңнің үйлерінен, я әкелеріңмен туысқан апаиларыңның үйлерінен, я нағашы ағаларыңның үйлерінен, я нағашы апайларыңның үйлерінен, немесе кілттеріне ие болған не достарыңның үйлерінен тамақ жеулеріңде айып жоқ. Сондай-ақ бірлікте не жеке-жеке жеулерің айып емес. Қашан үйлерге кірсеңдер, өздеріңе (Мұсылмандарға) Алла тарапынан көркем берекет тіршілігін тілеп, сәлем беріңдер! (4-С. 86-А.) Осылайша Алла, сендерге аяттарын ашық баян етеді. Әрине түсінерсіндер. (61)

Бұл аяттың үш бөлімі бар: бірінші бөлім қарапайым аурулар мен зағип және ақсақ сынды физикалық тұрғыдан кемтар адамдарға қатысты баяндап: "Құдай науқастар мен мүгедек, кемтар жандарды қиындық тудыратын әрбір істен босатқан. Намаз, ораза, қажылық және жиһад сынды уәжіп істерде оларға жеңілдік берген. Сол себепті сендер де отбасылық және қоғамдық өмірде оларға арнайы жеңілдіктер беріңдер". Аяттың екінші бөлімі  туыстық қатынас туралы былай дейді: "Ата-ананың немесе апа-ағаның, болмаса әкелеріңмен туысқан көкелеріңнің үйлерінен, я әкелеріңмен туысқан апайларыңның үйлерінен, я нағашы ағаларыңның үйлерінен, я нағашы апайларыңның үйлерінен тамақ жеуге рұқсат сұраудың қажеті жоқ. Егер сендер олардың үйлерінде болған кезде олардың өздері үйде болмаса сол үйде бар тамақтан жеуге рұқсат сұраудың қажеті жоқ. Құдай сендерге олардың үйлеріндегі астан қалыпты түрде жеу құқығын берді. Олармен араласатын, олар жоқ кезде үйлеріне кіру үшін өз үйлерінің кілттерін берген достарың мен таныстарың да осы үкімге кіреді. Олардың үйлеріндегі тамақтан жеу рұқсат сұрауды қажет етпейді".  Аяттың үшінші бөлімі үйге енудегі әдептің жалпы бұйрығын баяндайды. Мейлі өз үйіне, мейлі басқалардың үйіне болсын кіргенде жылы шыраймен үй иелеріне сәлем беру керек. Себебі Құдай мұсылмандардың бір-бірімен сәлемдесуін салауаттық үшін дұға болып табылатын, үй иелерінен бәлені кетіруге себеп болатын сәлеммен байланысты еткен.

 Осы аяттан үйренетініміз:

1. Исламдық үкіметтің адамдары мен басшылары науқастар мен кемтарларды қиындық келтіретін кез келген істен босатуы керек.

2. Туыстардың бір-біріне қатысты хақысы бар. Сондай жәйттердің біріне үйдегі тамақтардан қалыпты мөлшерде ішіп-жеуге рұқсат екендігі жатады.

2. Ислам дінінде достардың хақысы туыстардың хақысымен бір деңгейде.

 3. Сәлемдесу ­– аспандық мүбарак әдеп. Ол өмірдегі игіілік пен берекеге себеп болады.