Қар 27, 2016 19:15 Asia/Almaty

Нұр сүресі, 617-ші бөлім, 53-57 аяттар

"Нұр" сүресінің 53-54 аяттары:

«وَأَقْسَمُوا بِاللَّهِ جَهْدَ أَیْمَانِهِمْ لَئِنْ أَمَرْ‌تَهُمْ لَیَخْرُ‌جُنَّ قُلْ لَا تُقْسِمُوا طَاعَةٌ مَعْرُ‌وفَةٌ إِنَّ اللَّهَ خَبِیرٌ‌ بِمَا تَعْمَلُونَ»، «قُلْ أَطِیعُوا اللَّهَ وَأَطِیعُوا الرَّ‌سُولَ فَإِنْ تَوَلَّوْا فَإِنَّمَا عَلَیْهِ مَا حُمِّلَ وَعَلَیْکُمْ مَا حُمِّلْتُمْ وَإِنْ تُطِیعُوهُ تَهْتَدُوا وَمَا عَلَى الرَّ‌سُولِ إِلَّا الْبَلَاغُ الْمُبِینُ»

(Мұхаммед Ғ.С.! Мұнафықтар): "Егер әмір етсең (соғысқа) әлбетте шығамыз" деп, Аллаға шынайы ант ішеді. Оларға: "Ант ішпеңдер! Бағынғандарың мәлім. Шәксіз,Алла, не істегендеріңді толық біледі" де. (53) (Мұхаммед Ғ.С.): "Аллаға, Пайғамбарына бағын" де. Егер бағынудан бет бұрсаңдар, шын мәнінде Пайғамбар өзіне жүктелгенге, сендер өздеріңе жүктелгенге міндеттісіңдер. Ал егер Пайғамбарға бойсұнсаңдар, тура жол табасыңдар. Сондай-ақ Пайғамбарға ашық түрде жалғастыру ғана міндет. (54)

Мұнафық деген сырттай иман келтірдік дегендерімен, бірақ іштерінен иманға ие емес адамдар болып табылады.

Олардың тәсілдеріне көп ант-су ішетіндіктері жатады. Исламдық қоғам оларды танып, шеттетуді мақсат еткенді сезген кезде қасиеттіліктермен ант-су ішуді теріс пайдаланып, "біз Құдайдың жолында малымыз бен жанымызды беруге, Құдай мен Алланың елшісінің бұйрығын орындаудан аянып қалмауға әзірміз" деп жар салады. Алайда тәжірибе мұндай ұрандар айтып, екіленіп сөйлейтін адамдардың іске келгенде әртүрлі сылтаулармен айтқандарын орындамай, қиындықтар мен ауыртпалықтардан қашатындарын көрсетті. Құдай осындай екіұшты қылықтарға берген жауапта былай дейді: "Ант ішудің қажеті жоқ. Сендер бағынатындықтарыңды, иман келтірдік деп айтқанда шынайы екендіктеріңді іс жүзінде көрсетіңдер. Адамдарды алдап, өздеріңді мүмін етіп көрсетеміз деп ойламаңдар. Себебі сендердің істерің сендердің іштеріңдегіден хабардар әрі Одан ештеңе жасырын қалмайтын Құдайдың қолында". Аяттардың жалғасы мына жәйтті қуаттайды: "Пайғамбардың соңынан еру немесе оның жарлықтарынан жалтарудың пайдасы мен зияны пайғамбарға емес, сендердің өздеріңе тиеді. Егер іс жүзінде оған еретін болсаңдар, тура жолға нұсқалып, өмірде бұрмалаушылық пен жолсыздықтардан аман қаласыңдар. Бірақ оның бұйрықтарынан бас тартсаңдар, пайғамбардың сендерге қатысты жауапкершілігі болмайды. Себебі ол өзінің міндетін атқарып, Құдайдың бұйрығын анық та түсінікті түрде баршаға жеткізді. Алайда сендер Құдайдың тағылымдары мен бұйрықтарын қабылдау деген міндеттеріңді орындаған жоқсыңдар" дейді. 

Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Кейбір адамдардың ант-су ішкендеріне алданбайық. Бұл мүміндердің емес, мұнафықтардың белгілеріне жатады.

2. Пайғамбар Құдайдың үкімін адамдарға жариялауға міндетті, оларды қабылдауға мәжбүрлеуге міндетті емес.

3.Құдайдың үкімдері мен жарлықтарына бағыну сынды пайғамбардың істері мен тыйымдарын орындау уәжіп. Оларға бағынбау Құдайдың үкіміне бағынбау болып табылады.  

"Нұр" сүресінің 55 аяты:

«وَعَدَ اللَّهُ الَّذِینَ آمَنُوا مِنْکُمْ وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ لَیَسْتَخْلِفَنَّهُمْ فِی الْأَرْ‌ضِ کَمَا اسْتَخْلَفَ الَّذِینَ مِنْ قَبْلِهِمْ وَلَیُمَکِّنَنَّ لَهُمْ دِینَهُمُ الَّذِی ارْ‌تَضَى لَهُمْ وَلَیُبَدِّلَنَّهُمْ مِنْ بَعْدِ خَوْفِهِمْ أَمْنًا یَعْبُدُونَنِی لَا یُشْرِ‌کُونَ بِی شَیْئًا وَمَنْ کَفَرَ‌ بَعْدَ ذَلِکَ فَأُولَئِکَ هُمُ الْفَاسِقُونَ»

Алла сендерден иман келтіріп, ізгі іс істегендерге өздерінен бұрынғы өткендердей жер жүзіне мұрагер қылуды уәде етті. Сондай-ақ, олар үшін өзі разы болған дінін нығайтып, қауіп-қатерден кейін бейбітшілікке айналдырады. Олар Маған құлшылық қылады. Маған еш нәрсені шерік қоспайды. Кім бұдан кейін қарсы келсе, міне солар, бұзақылар. (55)

Алдыңғы аяттар шынайы иманның белгісін Құдай мен пайғамбардың алдында мойынсұнушылық танытып, оларға толығымен бағыну деп атады. Осы аят былай дейді: "Құдайға бағынудың нәтижесі тек ақыретте ғана көрініс таппайды, сонымен қатар осы дүниедегі оның жемісі қоғамды кез-келген әділетсіздік пен қауіптен құтқаратын, шынайы тыныштық пен қауіпсіздікті орнататын түзу және әділ жүйенің үстемдік құруы болып табылады. Бұл ­­Құдайдың түзу мүміндерге берген уәдесі. Бұдан бұрын да түзу үмбеттер үшін орындалған, содан кейін де иман мен түзу ғамал иелері болып табылатын халыққа Құдай өзінің берген уәдесін орындап, оларға күш пен нығмет-байлық сыйлайды. Рауаяттар негізі бойынша, осы аяттың толық дәлелі ақырзамандағы хазірет Меһдидің әлемдік билігі болып табылады.

Осы аяттан үйренетініміз:

1. Әлемде таухид пен қауіпсіздік орнатып, күпіршілік пен шерктің көріністерін жою үшін үкіметті қолға алу  –­ мүміндердің арманы. Құдай сол армандардың орындалуына уәде берді.

2. Дін саясаттан бөлек емес. Керісінше үкімет пен саясат дінді сақтау үшін және діндарлар үшін.

3. Иман иелерінің кесімді жеңісі мен  мүміндердің әлемдік үкіметінің орнауы және кәпірлердің үстемдігінің құлауы болашақта илаһи уәде негізінде орын алатын нақты оқиға.

"Нұр" сүресінің 56-57 аяттары:

«وَأَقِیمُوا الصَّلَوةَ وَآتُوا الزَّکَوةَ وَأَطِیعُوا الرَّ‌سُولَ لَعَلَّکُمْ تُرْ‌حَمُونَ»، «لَا تَحْسَبَنَّ الَّذِینَ کَفَرُ‌وا مُعْجِزِینَ فِی الْأَرْ‌ضِ وَمَأْوَیهُمُ النَّارُ‌ وَلَبِئْسَ الْمَصِیرُ‌»

Намазды толық орындаңдар да зекет беріңдер. Әрі Пайғамбарға бойсұныңдар. Әрине мәрхаметке бөленесіңдер. (56) (Мұхаммед Ғ.С.) сондай қарсы келгендер жер жүзінде бізді әлсіретті деп ойлама! Олардың орны тозақ нендей жаман орын! (57)

 Алдыңғы аяттардың жалғасында осы аят Құдай мен Алланың елшісінің бұйрықтарын орындаудың қажеттілігін қуаттап: "Құдаймен байланысты намаз арқылы нығайту, мұқтаждармен байланысты зекет төлеу арқылы күшейту, илаһи жетекшілермен байланысты онын соңынан еру арқылы орнату – әрбір нағыз мүміннің міндеті" дейді. Осы байланыстарды сақтау арқылы мүміндердің жағдайын қамтитын исламдық үкімет орнату және соны жалғастыру туралы илаһи мейірім мен рақымның байланысты екендігінде шәк жоқ.  Мүміндердің әрекеттерінің алдында исламның дұшпандарының да қол қусырып қарап отырмайтындықтары, мүміндерге үкіметті олардың уыстарынан шығарып алуына рұқсат бермейтіндіктері анық. Сол себепті аяттардың жалғасында былай дейді: "Олардың қалағандары Алланың жігерінің алдында іске жарамайды, жақтастардың кесімді жеңісіне негізделген Алланың  қалуының жүзеге асуына кедергі бола алмайды".

Осы аяттардан үйренетінміз:

1. Ислам көзқарасы бойынша құлшылық, экономикалық мәселелер мен саяси, мемлекеттік және әлеуметтік істер бір-бірінен бөлек емес.

3. Кәпірлер қаншалықты мықты болғандарымен олардың әлемде исламның таралуына кедергі жасау жолындағы талпыныстары нәтижеге жетпейді. Бір күні ислам әлемнің бүкіл жерінде үстемдік ететін болады.