Қар 27, 2016 19:19 Asia/Almaty

Нұр сүресі, 616-шы бөлім, 48-52 аяттар

"Нұр" сүресінің 48-49-50 аяттары:

«وَإِذَا دُعُوا إِلَى اللَّهِ وَرَ‌سُولِهِ لِیَحْکُمَ بَیْنَهُمْ إِذَا فَرِ‌یقٌ مِّنْهُم مُّعْرِ‌ضُونَ»، «وَإِن یَکُن لَّهُمُ الْحَقُّ یَأْتُوا إِلَیْهِ مُذْعِنِینَ»، «أَفِی قُلُوبِهِم مَّرَ‌ضٌ أَمِ ارْ‌تَابُوا أَمْ یَخَافُونَ أَن یَحِیفَ اللَّهُ عَلَیْهِمْ وَرَ‌سُولُهُ بَلْ أُولَئِکَ هُمُ الظَّالِمُونَ»

 

Қашан олар араларына үкім беру үшін Аллаға, Пайғамбарына шақырылса, сол уақытта олардың бір бөлімі бас тартады. (48) Егер олар хақ болғанда оған бой ұсынған түрде келер еді. (49) Олардың жүректерінде дерті бар ма? Немесе күдіктенуде ме? Не өздеріне Алла, Пайғамбары әділетсіздік істейді деп қорқа ма? Олай емес. Олардың өздері залым. (50)

Алдыңғы бағдарламада ислам қоғамындағы алауыздықтың әсерінің қатері туралы айтылды.  Осы аяттар иманның әлсіз болуы мен алауыздыққа душар болудың белгілерінің біріне сілтеме жасап, былай дейді: "Олар мен басқа мұсылмандардың араларында алауыздық бой көрсеткен кезде, егер олардікі дұрыс болса, пайғамбардың үкімін қабылдап, өздерін хазіретке бағынған деп таныстырады. Бірақ, егер пайғамбардың төрелігі олар үшін зиян болса, пайғамбардың Құдайдың сөзін айтып тұрғанына қарамастан теріс айналып, қабылдамайды".

Бүгінгі таңда да иман туралы уәж айтатындар үшін істердің дұрыс, бұрыс болуының өлшемі хақ пен жалғандық емес, жеке бас немесе топтың мүддесі. Олардың мүддесін көздеген нәрсе – хақ, ал оларға зиян келтіретін – нәрсе жалған. Бұл иман мен мойынсұну рухымен бітіспейді. Аяттардың жалғасы осы екіжақты қылықтың тамырларына тоқталып: "Өзімшілдік пен дүниеқұмарлық кейде адам үшін зиянды не нәрсені болсын, тіпті ол Алланың елшісінің үкімі болсын, теріске шығарады. Кейде адамдардың бір тобының ұятсыз болатындықтары соншама, тіпті Құдай мен Оның пайғамбарын әділетсіздікпен байланыстырып, өздерінің қалаулары мен көзқарастары және мүдделеріне сәйкес болса, соны әділ деп ойлайды" дейді.

Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Нағыз иманның белгісі Құдай мен пайғамбардың бұйрықтарына, тіпті бұйрықтар біздің қалауымыз деп көзқарасымызға қайшы болса да соларға мойынсұну болып табылады.

2.Әділ төрелік адамдардың бір тобына ұнамайды. Тіпті, егер пайғамбар қазы болып, әділ түрде төрелік етсе де адамдардың бір тобы оның үкімін әділетсіз санап, оны қабылдамайды.

3. Құдайға шәк келтіріп, күмәндану Құдайға зұлымдық жасау болып табылады.

"Нұр" сүресінің 51-52 аяттары:

«إِنَّمَا کَانَ قَوْلَ الْمُؤْمِنِینَ إِذَا دُعُوا إِلَى اللَّهِ وَرَ‌سُولِهِ لِیَحْکُمَ بَیْنَهُمْ أَن یَقُولُوا سَمِعْنَا وَأَطَعْنَا وَأُولَئِکَ هُمُ الْمُفْلِحُونَ»، «وَمَن یُطِعِ اللَّهَ وَرَ‌سُولَهُ وَیَخْشَ اللَّهَ وَیَتَّقْهِ فَأُولَئِکَ هُمُ الْفَائِزُونَ»

Шын мәнінде мүміндер араларына үкім беруге шақырылғанда олардың сөздері: "Естідік, бой ұсындық" деу болады. Міне, бұлар құтылушылар. (51) Кімде-кім Аллаға, Пайғамбарына бағынса, сондай-ақ Алладан қорқып, сақтанса, міне солар, қолы жеткендер. (52)

Алдыңғы аяттарда Құдай мен пайғамбардың үкіміне қарсы  иман туралы уәж айтатындардың жағымсыз әрекеттерін айттық. Олар нақақ түрде өздерін хақпыз деп санап, пайғамбарды олардың хақтарын зая етуші деп атады. Осы аяттар артық талап қоятын топқа қарсы пайғамбардың шыншыл ізбасарларына сілтеме жасап: "Нағыз мүмін деген һәм сөзінде пайғамбардың үкімін қабылдайтын, һәм істе ол хазірет айтқанға мойынсұнатын адам. Ол не тілімен қарсылық білдірмейді, не іс жүзінде солқылдақтық танытпайды. Мұндай рухтың адамның бойында тек илаһи тақуалықтың арқасында және Пәруәрдігерге бағынудың, қорқудың нәтижесінде қалыптасатыны, оны бақыт пен құтылуға жеткізетіні белгілі" дейді.

Мүміндердің кейбіреуінің Құдайға бағына тұра олардың бағынушылықтары жеккөрініштің түрімен бірге болатындықтан аяттардың жалғасы былай дейді: "Хақтың бұйрығына бағыну Алланың алдындағы бойсұну және қорқынышпен бірге болған жағдайда адам өмірдің қиын сынақтарынан жеңімпаз шығып, осы дүние мен ақыретте бақытқа жетеді".

Рауаяттар негізі бойынша Пәруәрдігер мен Алланың елшісіне әрдайым бағынушылық танытып, үлкен құтқарылуға қол жеткізген имам Әли осы аяттардың ең айқын айғақ-дәлелі саналады. Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Құтылуға Құдайдың бұйрығы алдында мойынсұнудың арқасында қол жеткізуге болады.

2. Құдай мен Оның пайғамбарының бұйрықтарының алдына мойынсұнушылығымыздың мөлшерін бағамдау арқылы өзіміздің иманымыздың мөлшерін бағамдайық.

3. Мүмін үшін маңызды мәселе – ол үшін мейлі пайдалы, мейлі зиянды болсын міндетті орындау болып табылады.

3.Пәруәрдігердің алындағы ішкі ұят пен Оның бұйрығымен қарсыласудан қорқу адамды өмірдің әртүрлі жағдайында қорғап, оны мақсатқа жеткізеді.