Қар 27, 2016 19:27 Asia/Almaty

Нұр сүресі, 615-ші бөлім, 43-47 аяттар

"Нұр" сүресінің 43-44 аяттары:

 

«أَلَمْ تَرَ‌ أَنَّ اللَّهَ یُزْجِی سَحَابًا ثُمَّ یُؤَلِّفُ بَیْنَهُ ثُمَّ یَجْعَلُهُ رُ‌کَامًا فَتَرَ‌ى الْوَدْقَ یَخْرُ‌جُ مِنْ خِلَالِهِ وَیُنَزِّلُ مِنَ السَّمَاءِ مِن جِبَالٍ فِیهَا مِن بَرَ‌دٍ فَیُصِیبُ بِهِ مَن یَشَاءُ وَ یَصْرِ‌فُهُ عَن مَّن یَشَاءُ یَکَادُ سَنَا بَرْ‌قِهِ یَذْهَبُ بِالْأَبْصَارِ‌»، «یُقَلِّبُ اللَّهُ اللَّیْلَ وَالنَّهَارَ‌ إِنَّ فِی ذَلِکَ لَعِبْرَ‌ةً لِّأُولِی الْأَبْصَارِ»

 

Көрмейсің бе? Рас, Алла бұлттарды айдайды. Сосын олардың араларын біріктіреді. Сонан соң оны қабат-қабат қылады. Сонда бұлттың арасынан жаңбыр шыққанын көресің. Және аспаннан ішінде бұршағы бар (бұлт) тауларын түсіреді де ол арқылы қалаған пендесіне апат жеткізіп, қалағанынан бұрып әкетеді. Нажағайдың жарқылы көздерді әкете жаздайды. (43) Алла күндіз бен түнді ауыстырады. Рас, бұнда қырағылар үшін әрине ғибрат бар. (44)

 

Осы аяттар Құдайдың жаратылыс істерін басқарудағы ролін баяндап, былай дейді: "Жер мен айдың және күннің жүйелі қозғалысының нәтижесі болып табылатын күн мен түннің ауысуы –Құдайдың ісі. Ол бір кездейсоқ, бағдарламасыз іс емес". Осындай нақты және таңғажайып жүйе мен тәртіп кездейсоқ іс дегенді ақыл қабылдайды ма? Біреу әліпбенің әріптерін қосып, бір-біріне араластырған кезде одан ұйқасы келіскен бір өлең кітабы пайда болды деген сынды сөзге біреу сенеді ме?! Жердің қозғалысы, күн мен түннің ауысуы ғана емес, сондай-ақ аспандағы бұлттардың қозғалысы да илаһи жігер мен даналық негізінде жүзеге асады. Желдің соғуы мен таудай бұлттардың пайда болуы жаңбырдың, кейде бұршақтың жаууына себеп болады. Бұлар табиғи құбылыстар болғанымен Құдайдың қалауы мен жігеріне байланысты. Сол себепті кейде бір аймақта жаңбыр жауса, кейде жаумайды. Күн мен түннің ауысуы жыл бойындағы тұрақты және есептеуге келетін іс болғанымен, бұлттардың қозғалысы мен қар, жаңбыр және бұршақ жер шарының түрлі аймағына әртүрлі жауады. Ол тұрақты іс емес. Бір немесе бірнеше жыл бойы көп жаңбыр жауған жерде келесі бір жылдары құрғақшылық болуы мүмкін.   

Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Жаратылыс жүйесіндегі табиғи факторлар Алланың құдіреті мен қалауына байланысты. Құдай қалай дұрыс деп санаса, Оның хикметі соларды қозғалысқа келтіруге бұйырады.

2.Жаңбыр мен қардың және бұршақтың жаууы һәм пайдалы, һәм зиянды бола алады. Екеуі де Құдайдың қалауы мен жігеріне байланысты.  

 

"Нұр" сүресінің 45 аяты:

«وَاللَّهُ خَلَقَ کُلَّ دَابَّةٍ مِّن مَّاءٍ فَمِنْهُم مَّن یَمْشِی عَلَى بَطْنِهِ وَمِنْهُم مَّن یَمْشِی عَلَى رِ‌جْلَیْنِ وَمِنْهُم مَّن یَمْشِی عَلَى أَرْ‌بَعٍ یَخْلُقُ اللَّهُ مَا یَشَاءُ إِنَّ اللَّهَ عَلَى کُلِّ شَیْءٍ قَدِیرٌ‌ »

Алла әр жәндікті  судан жаратты. Сонда кейбіреуі баурымен жүреді, кейбіреулері екі аяғымен жүреді және кейбіреуі төрт аяқтап жүреді. Алла қалағанын жаратады. Рас Алланың әр нәрсеге толық күші жетуші. (45)

 

Жаңбырдың жауу тәсілі және күн мен түннің ауысуы туралы баяндаған алдыңғы аяттардың жалғасында осы аят жан-жануардың тіршілігі мен олардың түрлеріне тоқталып: "Жер бетіндегі, аспандағы немесе теңіздердегі тіршілік иелерінің барлығы Алланың даналығымен судан жаратылған. Тіршілік иелері судан  жаратылып, тіршіліктері мен ұрпағын жалғастыру үшін суды қажет етеді. Жер бетіндегі тіршілік құбылыстарының алуандығы мен осы аятта солардың кейбіреуіне сілтеме жасалған жан-жануарлар, сондай-ақ су мен топырақтан әртүрлі және әралуан осыншама тіршілік иесін жаратқан әлемнің Пәруәрдігерінің шексіз құдіретінің белгісі.

Осы аяттан үйренетініміз:

1. Тіршілік иелерінің жаратылысы – тоқтамайтын үдеріс. Құдай оларды үздіксіз жаратуда.

2. Барлық жорғалаушылардың жаратылыстарының негізі – су. Бұл осы қарапайым материалдан түрлі жан-жануар мен жәндіктерді жаратқан Құдайдың құдіретінің көрінісі. 

3.Егер адам рухани тұрғыдан дамымаса жан-жануармен қатар тұратын болады. Оның қадірі жануардан артық болмайды.

"Нұр" сүресінің 46-47 аяттары:

 

«لَقَدْ أَنْزَلْنَا آیَاتٍ مُبَیِّنَاتٍ وَاللَّهُ یَهْدِی مَنْ یَشَاءُ إِلَى صِرَ‌اطٍ مُسْتَقِیمٍ»، «وَیَقُولُونَ آمَنَّا بِاللَّهِ وَبِالرَّ‌سُولِ وَأَطَعْنَا ثُمَّ یَتَوَلَّى فَرِ‌یقٌ مِنْهُمْ مِنْ بَعْدِ ذَلِکَ وَمَا أُولَئِکَ بِالْمُؤْمِنِینَ» 

 

Расында ашық баян етуші аяттарды түсірдік. Сондай-ақ Алла қалағанын тура жолға салады. (46) Олар: "Аллаға, Пайғамбарға иман келтірдік, бой ұсындық" дейді де, сосын олардан бір бөлімі жалтарады. Міне солар иман келтірмегендер. (47)

Жаратылыс жүйесіндегі илаһи белгілерді баяндаған соң осы аяттар адамдарды бақытқа нұсқау үшін шариғат жүйесіндегі уәһидің түсірілуіне сілтеме жасап: "Аспандық кітаптың ағартушылық аяттары адамдарды кез келген қисықтық пен әсірешілдік болып табылатын өмірдің дұрыс жолына, яғни Құдай мақсатқа жету үшін адамның алдына қойған жолға нұсқайды. Пайғамбарларды осы тура жолда оларға жол нұсқауға жауапты етіп тағайындады" дейді. Алайда адамдардың бір тобы әрдайым өтірік өздерін пайғамбарлар мен олардың айқын жолдарының ізбасарларымыз деп таныстырғандарымен не жүректерінен, не олардың істерінен көрінбейтін нәрсе туралы уәж айтады.

Осы аяттан үйренетініміз:

1.Құдай пайғамбарларды тағайындап, уәһи аяттарын түсіру арқылы һәм адамдардың жетекшілігін қамдады, һәм оларға дәлелді аяқтады.

2. Алауыздық – исламдық қоғамдарға төніп тұрған қатер.

3.Тым сенгіш болмайық, көркем ұрандарға сеніп қалмайық.