Қар 27, 2016 19:32 Asia/Almaty

Нұр сүресі, 614-ші бөлім, 39-42 аяттар

"Нұр" сүресінің 39-40 аяттары:

 «وَالَّذِینَ کَفَرُ‌وا أَعْمَالُهُمْ کَسَرَ‌ابٍ بِقِیعَةٍ یَحْسَبُهُ الظَّمْآنُ مَاءً حَتَّى إِذَا جَاءَهُ لَمْ یَجِدْهُ شَیْئًا وَ وَجَدَ اللَّهَ عِندَهُ فَوَفَّاهُ حِسَابَهُ وَاللَّهُ سَرِ‌یعُ الْحِسَابِ»، «أَوْ کَظُلُمَاتٍ فِی بَحْرٍ‌ لُّجِّیٍّ یَغْشَاهُ مَوْجٌ مِّن فَوْقِهِ مَوْجٌ مِّن فَوْقِهِ سَحَابٌ ظُلُمَاتٌ بَعْضُهَا فَوْقَ بَعْضٍ إِذَا أَخْرَ‌جَ یَدَهُ لَمْ یَکَدْ یَرَ‌اهَا وَمَن لَّمْ یَجْعَلِ اللَّهُ لَهُ نُورً‌ا فَمَا لَهُ مِن نُّورٍ» 

 

Сондай қарсы болғандардың істері шөлдегі сағым сияқты. Шөлдеген кісі оны су деп, ойлайды. Ақыр оған барған сәтте еш нәрсе таба алмайды. Жанынан Алланы табады. Ол оның есебін толық көреді. Алланың есебі жылдам. (39) Немесе олардың мысалы терең теңіздегі қараңғылық тәрізді. Толқын үстіне толқын, оның үстін бұлт қаптаған қараңғылықтар бір-бірінің үстінде. Кісі қолын шығарса, оны көре алмайды. Алла жарық қылмаған біреудің жарығы болмайды. (40)

Алдыңғы бағдарламада илаһи жетекшілік, һәм осы дүниеде бақытқа жететін, һәм ақыретте илаһи үлкен сыйға ие болатын жетекшілік жолына түскен адамдар туралы айттық. Осы аят кәпірлердің жағдайын иман иелерімен салыстырып, былай дейді: "Кәпірлер судың орнына сағым қуалап, соңында шөлден жан тапсырады. Мүміндер мөлдір бұлаққа қарай жетекшілік жолына түсіп, содан шөлдерін басады. Мүміндер үнемі илаһи жетекшіліктің нұрын табуға талпынады. Олар жоғары нұрға қол жеткізеді. Бірақ кәпірлер қараңғылыққа бұрынғыдан бетер тартылып, зұлматтың түпсіз тұңғиығына бата түседі".

Осы аяттарда Құдай кәпірлердің жағдайын сипаттау үшін екі мысал келтіреді: біріншісі, шөл далада су іздеген, бірақ оған жетпейтін сусаған адам сияқты. Екінші адам – мұхиттар мен теңіздердің тұңғиығында зұлмат пен долы толқындарға душар болып, құтқарылатын жолдан кенде қалған адам. Бірінші адам судың жоқтығынан, екінші адам судың ауыр толқындарынан жантәсілім етіп, өледі. Бірінші адам жаңбырдың жаумауы мен судың жоқтығынан сағым қуаласа, екінші адам қара бұлттардың жиналуынан зұлматқа душар болды.  Бірінші адам сағымды суға балап, жалған нұрға алданады. Екінші адам ажал құштыратын орасан селге ұшырайды. Осы аяттардан үйренетініміз:

1. Кәпірлердің істері мүмкін сырттай әдемі де тартымды болуы мүмкін. Бірақ олардың іші сұрықсыз, қараңғы.

2. Кәпірлердің жаман да жағымсыз істері қара перде сынды олардың болмысын тұмшалап алады. Оның Хақпен қарсыласқан әрбір талпынысымен зұлматтың толқыны бұрынғы толқындарға қосылып, көбейіп, оны бұрынғыдан бетер қараңғылыққа батыра түседі.

3.Кәпірлерге қолданылатын жақсы жаза – сағым, ал оларға берілетін жаман жаза – зұлмат.

4.Егер иманның нұры болмаса ғылым мен ақылдың нұры жалғыз өзі әсерлі болмайды. Олар адамды құтқара алмайды. 

 "Нұр" сүресінің 41-42 аяттары:

 

اکنون به تلاوت آیات 41 و 42 از سوره نور گوش می‌سپاریم:«أَلَمْ تَرَ‌ أَنَّ اللَّهَ یُسَبِّحُ لَهُ مَن فِی السَّمَوَاتِ وَالْأَرْ‌ضِ وَالطَّیْرُ‌ صَافَّاتٍ کُلٌّ قَدْ عَلِمَ صَلَاتَهُ وَ تَسْبِیحَهُ وَاللَّهُ عَلِیمٌ بِمَا یَفْعَلُونَ»، «وَلِلَّهِ مُلْکُ السَّمَوَاتِ وَالْأَرْ‌ضِ وَ إِلَى اللَّهِ الْمَصِیرُ‌ »

Көктер мен жердегі әркімнің әрі қатар-қатар ұшқан құстың Алланы дәріптегенін көрмейсің бе? Барлығы өзіне тән намазын, тәсбихын біледі. Алла олардың істегенін толық біледі. (41) Көктер мен жердің меңгеруі Аллаға тән. Және қайтар жер де Алла жақ. (42)

 

Мүміндер мен кәпірлердің жағдайларын алдыңғы аяттарда салыстырған соң осы аяттар Құдайдың адамның ғибадаты мен мойынсұнуына мұқтажсыз екендігіне тоқталып: "Жаратылыстың барлығы, тіпті аспандағы құстар да әрдайым Құдайды мадақтап, Оған табынуда" дейді. Құран тағылымдарының негізі бойынша, жаратылыс әлеміндегі мақұлықтардың барлығы – жандысы да, жансызы да Алланы мадақтап, дәріптеуде. Себебі, олар таным  мен түйсіктің бір түріне ие. Олар өздерінің Жаратушыларын таниды. Олардың әрқайсысы өз тілінде Оны пәктейді.

Осы аят пен Құранның басқа де кейбір аяттарында аспандағы құстарға жеке түрде тоқталған. Бұл олардың болмыстарындағы таңғажайыптардың өте көп екендігіне және илаһи тоухидтің анық белгісі екендіктеріне байланысты болар. Құстар қорек табу қажет болған кезде ұяларынан ұшып шығып, аспанда нақты жол мен белгілердің жоқтығына қарамастан, өздерінің ұяларын тауып, қайтып оралады.

Осы аятта Құдайды мадақтаумен қатар мақұлықтар мен құстардың да намаздарына сілтеме жасалып, мақұлықтардың жоғары түйсіктері мен хабардар түрдегі ғибадаты және олардың әлемнің Пәруәрдігерінің алдындағы мойынсұнушылықтарын баяндайды. Шындық мақұлықтардың Алланы мадақтап, дәріптеу түсінігінің қарапайым адамның жауапкершілігінен басқа екендігінде. Тек Алланың пайғамбарлары мен әулиелері ғана бұл істі жүректерінің түйсінулері арқылы түсіне алады. "Исра" сүресінің 44 аятында Құдай тура былай дейді:"Бірақ сендер олардың тасбихтарын (пәктеулерін) түсіне алмайсыңдар".

Дегенмен, кейбіреулер мақұлықтар мен құстардың Алланы пәктеуін "тасбихе таквини"-"жаратылыстық пәктеу" деп санайды. Яғни, олардың болмыстары өз-өзінен Құдайдың кез келген кемшіліктен пәк екендігін, Оның серікке ие емес екендігін дәлелдейді дейді. Бірақ аяттар керісінше айтады. Әсіресе осы аят мақұлықтардың Алланы мадақтауына сілтеме жасаумен қатар олардың бұл істі ғылым мен түйсік негізінде жасайтындықтарын қуаттайды. Олардың Алланы пәктеулері хабарсыздық, мақсатсыз түрдегі іс емес. Осы аяттар шын мәнінде адам үшін ескерту болып табылады. Аспан мен жердегі мақұлықтардың барлығы Құдайды пәктеп, дәріптеп жатқанда адам неліктен қапыл қалып, Құдайды ескен шығарған?! Адам аспан мен жердегі Алланың үлкен белгілері мен нышандарын байқай тұра, неліктен Оны мадақтап, Оған нығметтері үшін алғыс айтпайды, Оның бұйрық, нұсқауларына мойынсұнбайды? Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Жаратылыстарғы мақұлықтардың барлығы түйсікке ие. Олардың намаздары мен Құдайды пәктеулері хабардарлықпен жасалады. Сол себепті мақұлықтардың түйсіктері жоқ деп ойламайық. Өзімізді орынсыз олардан артық санамайық.

2.Ілім және хабардар түрде орындайтын намаз бен ғибадат құнды. Намазхан не айтып тұрғанын, не істеп тұрғанын білуі керек.

3.Жаратылыс жүйесінің һәм Басшысы бар, һәм мақсатты. Аспан пен жер және олардың тұрғындары Алла жақты мақсат етіп, әрекет етеді.