Қар 27, 2016 20:02 Asia/Almaty
  • Нұр сүресі, 611-ші бөлім, 30-31 аяттар

Нұр сүресі, 611-ші бөлім, 30-31 аяттар

"Нұр" сүресінің 30-аяты

 «قُل لِّلْمُؤْمِنِینَ یَغُضُّوا مِنْ أَبْصَارِ‌هِمْ وَیَحْفَظُوا فُرُ‌وجَهُمْ ذَلِکَ أَزْکَى لَهُمْ إِنَّ اللَّهَ خَبِیرٌ‌ بِمَا یَصْنَعُونَ» 

(Мұхаммед Ғ.С.) Мүміндерге айт: (Бөгде әйелдерге қараудан) көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын. Бұл олар үшін өте жақсы. Рас Алла олардың не істегендерінен хабар алушы. (30)

Осы аят пен келесі аят қоғамда ақлақтық азғындықтардың көрініс беруі мен таралуының алдын алу үшін иманды ерлер мен әйелдерге қоғамдық байланыстарда ұят пен пәктікті сақтауға кеңес береді. Ақиқат адамның көздерінің кең ауқымды ара қашықтықты көре алатындығы мен адамды маңайында болып жатқаннан кең ауқымды түрде хабардар ететіндігінде. Бірақ адам көзі қай жаққа қарап, нені қаласа соны көрмей, оны бақылауда ұстауы керек.

Осы аят жалпы түрде былай дейді: "Иманды адамдар өздерінің көзін бақылауда ұстайды. Көзін Алла риза болмайтын нәрселерден тыяды".

Бұл аяттың маңызды дәлелдеріне қатысты рауаяттар негізі бойынша бөтен әйелдерге қарауға болмайды. Егер олар киінбеген болса оларға қарау кесімді түрде харам. Егер киінген болса олардың жүздеріне қажетті мөлшерде ғана қарау керек. Бұл қарау ләззат алу түрткісімен болмауы керек, нәпсілік тілекке соқтырмауы керек.  

Осы аятта көзді бақылауда ұстаудан кейін денені кез келген пәксіздік пен нәпсілік құмарлық және бейбастақтықтан бақылау туралы айтылған.  Бүгінгі қоғамдарда қыздар мен жігіттердің арасында жыныстық байланыстар еркін түрде және әртүрлі қалыпта кең етек жайып отыр. Бұл құбылыс, яғни жыныстық азғындық адамдарды көптеген отбасылық қиындықтар мен жыныстық жолдармен таралатын ауруларға шалдықтыруда. Алайда ислам көзқарасы тұрғысынан әйел мен ер арасындағы байланысқа тек неке шеңберінде ғана рұқсат етілген. Бұл аядан тыс олардың арасындағы жыныстық байланыстың кез келген түрі харам саналады. Аяттың жалғасы адамдардың барлығына, әсіресе мүміндерге "Сендердің назарларың Құдайдың көзінен таса қалады деп ойламаңдар, керісінше сендердің ойларың да Құдайға мәлім. Ол сендердің ішкі сырларың мен сыртқы іс-әрекеттеріңнен де хабардар" деп ескертеді.   

Осы аяттан үйренетініміз:

1. Иман басқалармен байланыстағы кез келген пәксіздік пен адамдардың жөнсіз жанарларынан аман болу үшін қажет.

2. Көзді "намахрамға" - бөтен адамға қараудан пәк сақтау бейкүнәліктің бастамасы.

3. Егер Құдайдың біздің ниеттеріміз бен қарауымыздан хабардар екендігін білсек, өзіміздің көзімізді көбірек бақылауда ұстап, жөнсіз көз салудан тыятын боламыз.

"Нұр" сүресінің 31-аяты:

«وَقُل لِّلْمُؤْمِنَاتِ یَغْضُضْنَ مِنْ أَبْصَارِ‌هِنَّ وَیَحْفَظْنَ فُرُ‌وجَهُنَّ وَلَا یُبْدِینَ زِینَتَهُنَّ إِلَّا مَا ظَهَرَ‌ مِنْهَا وَلْیَضْرِ‌بْنَ بِخُمُرِ‌هِنَّ عَلَى جُیُوبِهِنَّ وَلَا یُبْدِینَ زِینَتَهُنَّ إِلَّا لِبُعُولَتِهِنَّ أَوْ آبَائِهِنَّ أَوْ آبَاءِ بُعُولَتِهِنَّ أَوْ أَبْنَائِهِنَّ أَوْ أَبْنَاءِ بُعُولَتِهِنَّ أَوْ إِخْوَانِهِنَّ أَوْ بَنِی إِخْوَانِهِنَّ أَوْ بَنِی أَخَوَاتِهِنَّ أَوْ نِسَائِهِنَّ أَوْ مَا مَلَکَتْ أَیْمَانُهُنَّ أَوِ التَّابِعِینَ غَیْرِ‌ أُولِی الْإِرْ‌بَةِ مِنَ الرِّ‌جَالِ أَوِ الطِّفْلِ الَّذِینَ لَمْ یَظْهَرُ‌وا عَلَى عَوْرَ‌اتِ النِّسَاءِ وَلَا یَضْرِ‌بْنَ بِأَرْ‌جُلِهِنَّ لِیُعْلَمَ مَا یُخْفِینَ مِن زِینَتِهِنَّ وَتُوبُوا إِلَى اللَّـهِ جَمِیعًا أَیُّهَ الْمُؤْمِنُونَ لَعَلَّکُمْ تُفْلِحُونَ»

Мүмін әйелдерге де айт: "(Бөгде ерлерден) көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын. Сондай-ақ зейнеттерін көрсетпесін. Бірақ олардың өзіндігінен көрінгендері басқа. (Беті, қол-аяқтары. Ж.Б.М.К.) Және бүркеншіктерін омырауларына түсірсін. Зейнеттерін керсетпесін. Бірақ ерлеріне, әкелеріне, қайын аталарына, өз ұлдарына, өгей ұлдарына, аға-бауырларына, олардың ұлдарына, әпке-сіңлілерінің ұлдарына, мұсылман әйелдерге, қолдарындағы күңдеріне, әйел керек қылмайтын қызметшілерге немесе әйелдердің ұятты жерлерін білмейтін балаларға көрсетулеріне болады. Және де көмескі зейнеттерін басқаларға білдіру үшін аяқтарын ұрып жүрмесін. Әй, мүміндер, түгел Аллаға тәубе қылыңдар! Әрине құтыларсыңдар. (31)

Алдыңғы аятта Құдай ер адамдарға екі бұйрық берді: біріншісі, көзді бақылауда ұстауға, екіншісі шаһуатты бақылауға.

Осы аят та алдымен әйелдер туралы илаһи екі бұйрықты баяндап, кейін арсыз адамдардың көздерінен әйелдерді сақтау үшін үш жәйтқа назар аудартады: біріншісі - шаш, мойын, кеуде сынды табиғи сұлулықтарды "намахрамдарға", яғни бөтен ер адамдарға көрсетпейтін ұзын жаулық. Келесісі, "намахрам" - бөгде ерлердің алдында сырға, алқа және білезік сияқты әшекей бұйымдарды көрсетпеу. Үшінші кеңес бойынша әйелдер жүріп бара жатқан кезде аяқтарымен жерді қатты баспаулары керек. Олар басқалардың назары оларға аумайтындай жүрулері керек. Еш шүбәсіз, әйелдер мен ер адамдардың сөздері мен қылықтары және киім киістері қоғамдық байланыстардың түзулігі мен қоғамдық орталарда ұят пен пәктікті сақтауда үлкен әсерге ие. Сол себепті Құдай бір жағынан, жөнсіз жанарларды харам санап, басқа жақтан әйелдердің қоғамдағы өздерін көрсетпек болған қылықтары мен нәпсілік тілектерді қоздыруға себеп болатын нәрселерді көрсетулеріне тыйым салған. Бүгінгі әлемде болып жатқан нәрселерге көз жүгірту Батыста "әйелдердің азаттығы" деп аталатын құбылыстың әйелдердің жыныстық және жалаңаштық азаттығынан басқа ештеңе емес екендігін көрсетеді. Оның өзінің көбінесе нәпсіқұмар ер адамдардың ләззат алуынан басқа нәтижесі болған емес. Байланыстардың бұл түрінінің салдарынан қыздар мен әйелдер әрдайым зорлық-зомбылықтың, өз-өзіне қол жұмсау мен түсік жасаудың қатеріне душар болады. Жүгенсіз жыныстық байланыстардың теріс салдарларына көңіл бөле жыныстық азаттықтың ер адамдардың қоғамдағы әйелдерді пайдалануынан басқа мағынасы бар ма? Діни тағылымдар негізі бойынша, пәк әйелдер мен ерлер тек өздерінің жұбайларымен ғана қарым-қатынаста болуы тиіс. Сол кезде қоғам кез келген жыныстық бұзақылықтардан аман қалып, кеңістік пәк сақталады. Осы аяттан үйренетініміз:

1.Жанар мен пәктікті бақылауда ұстауда ер мен әйелдің арасында айырмашылық жоқ. Екеуі де бірдей мөлшерде оны сақтауға міндетті.

2. Ислам әйелдердің әсемденуі мен әшекейіне қарсы емес. Ислам діні әйелдердің өздерін жұбайлары үшін әсемдеуін қуаттайды. Бірақ олардың қоғамда және "намахрам" - бөгде ерлердің алдында көзге түсулеріне қарсы.

3. Әйелдердің әшекейінің көрінуіне себеп болатын кез келген жүріске тыйым салынған.

4.Хиджап пен жамылғы - Құдай Құранда һәм соған бұйырған, һәм оның шегін анықтаған уәжіп іс.