Қар 27, 2016 20:09 Asia/Almaty

Нұр сүресі, 610-шы бөлім, 24-29 аяттар

"Нұр" сүресінің 24-25 аяттары:

«یَوْمَ تَشْهَدُ عَلَیْهِمْ أَلْسِنَتُهُمْ وَأَیْدِیهِمْ وَأَرْ‌جُلُهُم بِمَا کَانُوا یَعْمَلُونَ»، « یَوْمَئِذٍ یُوَفِّیهِمُ اللّهُ دِینَهُمُ الْحَقَّ وَیَعْلَمُونَ أَنَّ اللَّهَ هُوَ الْحَقُّ الْمُبِینُ»

 Қиямет күні оларға тілдері, қол-аяқтары не істегендеріне айғақ болады. (24) Сол күні Алла оларға лайықты жазасын толық береді. Сондай-ақ рас Алланың ашық шындық екенін олар біледі. (25)

Алдыңғы бағдарламада осы дүниеде басқаларға жала жабатын адамдардың ақыреттегі орындары тозақ деп айтылды. Осы аяттар былай дейді:

"Қияметтің сотында тіл ғана күнәні мойындап қоймайды, сондай-ақ Алланың қалауымен күнәһарлардың дене мүшелерінің барлығына тіл бітіп, өздерінің дүниеде істегендерін мойындайды. Дене мүшелері осы дүниеде істеген істерін жазып отырып, бүгін Алланың қалауы бойынша соның барлығын баяндап беретіндей. Күнәһарлар қаламағандарымен дене мүшелері арқылы жасалатын осы мойындаулар негізі бойынша, Алланың әділ соты күнәһарды айыптап, әрекеттері үшін күнәһардың жазасын береді. Оларды жазалауда ешқандай әсірешілдік пен шектен шығушылық болмайды. Күнәһарлар осы дүниеде теріске шығарған ақиқатты немесе одан қапыл болғанды сол жерде анық түсініп, түйсінеді. Бірақ кейін қайтып, орнын толтыру үшін мүмкін болмаған соң не шара?

Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Қияметте адам өз дене мүшелерінің қожасы емес. Дене мүшелері оған қарсы куәлік етуі мүмкін. 

 2. Жаратылыстың барлығы, тіпті қатты заттар да түйсіктің бір түріне ие. Олар айналасында болып жатқан нәрселерді түсінеді.

3. Тек қияметте ғана адамның жақсы ғамалдары мен жаман істерінің жазасы толық түрде беріледі. 

 

"Нұр" сүресінің 26 аяты:

اکنون به تلاوت آیه 26 از سوره نور گوش می‌سپاریم:«الْخَبِیثَاتُ لِلْخَبِیثِینَ وَ الْخَبِیثُونَ لِلْخَبِیثَاتِ وَالطَّیِّبَاتُ لِلطَّیِّبِینَ وَالطَّیِّبُونَ لِلطَّیِّبَاتِ أُولَـئِکَ مُبَرَّ‌ءُونَ مِمَّا یَقُولُونَ لَهُم مَّغْفِرَ‌ةٌ وَرِ‌زْقٌ کَرِ‌یمٌ» 

 

Сұм әйелдер сұм ерлерге, сұм ерлер сұм әйелдерге сондай-ақ игі әйелдер игі ерлерге, игі ерлер игі әйелдерге лайық. Бұлар олардың айтқандарынан ақ. Олар үшін жарылқау әрі көркем несібе бар. (26)

 Осы аят илаһи дін де растап, мақұлдайтын табиғи бір дәстүрге сілтеме жасап: "Адамдар жұбай таңдауда табиғи түрде өздерінің теңі және өздерімен пікірлес адамдарды іздейді. Пәк адамдар жаратылыстары бойынша жақсылар мен пәк адамдарға барады. Бұған керісінше, азғын адамдар өздері сынды азғын, бейбастақ адамдарға барады. Шариғат заңдары  бойынша Құдай пәк, бейкүнә адамдардың азғын жұбай алуларына, олардың бейбастақтыққа салынуларына рұқсат берген жоқ. Осы аятта жұбай таңдаудағы ең маңызды өлшемді кез келген пәксіздік пен бейбастақтықтан аулақ болу деп атап, ой мен ғамалдың пәктігі қуатталған. Шерк пен күпіршіліктің ластығынан, ұят, жөнсіз сөздерден және иманды адамға лайық емес кез келген қылықтан пәк болу керек.

Илаһи мейірім мен рақым, таза және лайықты ырзық та отбасын пәктік негізінде құрған әрі осы негізде ортақ өмір сүріп жатқан осындай пәк адамдарға тиесілі. Осы аяттан үйренетініміз:

1.Сыртқы пәктікпен қатар, өзіміздің ішкі пәктігімізге де мән берейік. Өмір жолы мен жұбай, дос таңдағанда біздің табиғатымыздың пәксіздер жаққа ауып кетпеуіне, сондай-ақ бейкүнәлардан арамыздың алшақтап кетпеуіне күш салайық. 

2. Пәк ұрпақ пәк жұбайға байланысты. Пәк адамдар өздерінен сау, түзу ұрпақ қалдыруға көңіл аударулары керек.

 "Нұр сүресінің 27-28-29 аяттары:

«یَا أَیُّهَا الَّذِینَ آمَنُوا لَا تَدْخُلُوا بُیُوتًا غَیْرَ‌ بُیُوتِکُمْ حَتَّى تَسْتَأْنِسُوا وَتُسَلِّمُوا عَلَى أَهْلِهَا ذَلِکُمْ خَیْرٌ‌ لَّکُمْ لَعَلَّکُمْ تَذَکَّرُ‌ونَ»، «فَإِن لَّمْ تَجِدُوا فِیهَا أَحَدًا فَلَا تَدْخُلُوهَا حَتَّى یُؤْذَنَ لَکُمْ وَإِن قِیلَ لَکُمُ ارْ‌جِعُوا فَارْ‌جِعُوا هُوَ أَزْکَى لَکُمْ وَاللَّهُ بِمَا تَعْمَلُونَ عَلِیمٌ»، « لَّیْسَ عَلَیْکُمْ جُنَاحٌ أَن تَدْخُلُوا بُیُوتًا غَیْرَ‌ مَسْکُونَةٍ فِیهَا مَتَاعٌ لَّکُمْ وَاللهُ یَعْلَمُ مَا تُبْدُونَ وَمَا تَکْتُمُونَ»

 Әй, мүміндер! Өз үйлеріңнен басқа үйге рұқсат алмайынша әрі үй иесіне сәлем бермейінше кірмеңдер. Бұл сендер үшін қайырлы. Әрине түсінерсіңдер. (27) Егер үйде ешкім таппасаңдар, өздеріңе рұқсат бермейінше кірмеңдер. Егер сендерге: "Қайтыңдар" делінсе, онда қайтыңдар. Бұл сендер үшін жақсырақ. Алла не істегендеріңді жақсы біледі. (28) Ішінде отырылмайтын, нәрселерің бар (қонақ үй сияқты. Ж.Б.М.К.Р.) үйлерге кірулеріңнің оқасы жоқ. Алла көрнеулеріңді де көместеріңді де біледі. (29)

Осы аяттар басқалардың жеке бас меншігі мен құпиялығын сақтауға қатысты исламның қоғамдық нұсқауларының бір бөлігін баяндап: "Басқалардың үйіне тосыннан, хабарсыз түрде енбеңдер. Бұл іс һәм адамдар мен отбасылардың жеке бас құпиялығын бұзады, һәм қоғамдық әдеп және әлеуметтік қауіпсіздікпен сәйкеспейді. Үйдің есігінің ашық болуы оған кіруге рұқсат деген сөз емес. Міндетті түрде үй иелерінен кіруге рұқсат сұрау керек. Алайда исламдық әдеп тұрғысынан үй иелері кіруге рұқсат беруге міндетті емес. Кіргізуге дайын емес жағдайда олар келіп тұрған адамдарға теріс жауап бере алады. Себебі,  үй - демалатын және тыныштықтың мекені. Басқалардың үй иелерін бұл құқықтан кенде етуге хақылары жоқ. Бірақ, егер кіруге рұқсат етсе, исламдық әдеп келген адамға үйге енер кезде үй иелерімен сәлемдесіп, үйге ашық жүз, жылы шырай және мейіріммен енуге бұйырады.  Осы аятта Құдай сендердің істерің мен ішкі сыр-құпияларыңнан хабардар деп бірнеше рет қуатталған. Бұл адамдардың басқалардың үйлеріне сұғанақтықпен, құпия-сырды білу үшін бармасын деген мақсатта болар.  Себебі ондай іс қалай болғанда да жаман, ахлаққа жат және кейбір кездерде рұқсат етілмеген әрі харам саналады. Бірақ тұрақты тұрғындары жоқ, сауда орталықтары мен дүкендер сияқты есіктері баршаға ашық, адамдар ол орталықтарға кіріп-шығып жатқан қоғамдық орындарға қатысты мәселенің жөні басқа. Ол жерлерге ену үшін рұқсат алудың қажеті жоқ. Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Үй - тұрғылықты жер, тыныштық пен демалатын орын. Ешкімнің үй иелерінің қауіпсіздігі мен тыныштығын бұзуға хақысы жоқ.

2. Үй - адамдардың жеке бастарының құпия мекені. Ешкімнің бөтен үйге рұқсатсыз кіруге хақысы жоқ. Олардың кешірімдерін қабылдап, өзімізді оларға таңбайық.

3. Сәлемдесу - басқалармен жүздесіп, кездескен кездегі исламдық әдеп.