Нұр сүресі, 609-шы бөлім, 21-23 аяттар
Нұр сүресі, 609-шы бөлім, 21-23 аяттар
«Нұр» сүресінің 21-аяты:
«یَا أَیُّهَا الَّذِینَ آمَنُوا لَا تَتَّبِعُوا خُطُوَاتِ الشَّیْطَانِ وَمَن یَتَّبِعْ خُطُوَاتِ الشَّیْطَانِ فَإِنَّهُ یَأْمُرُ بِالْفَحْشَاءِ وَالْمُنکَرِ وَلَوْلَا فَضْلُ اللَّهِ عَلَیْکُمْ وَرَحْمَتُهُ مَا زَکَى مِنکُم مِّنْ أَحَدٍ أَبَدًا وَلَکِنَّ اللّهَ یُزَکِّی مَن یَشَاءُ وَاللَّهُ سَمِیعٌ عَلِیمٌ»
Әй мүміндер, шайтанның басқан іздерін баспаңдар. Кім шайтанның іздеріне ерсе, Күдіксіз ол ұятсыз-дықты, жамандықты меңзейді. Егер сендерге Алланың игілігі, мейірімі болмаса еді, ешбіреуің күнәнің ластығынан әсте арылмас едіңдер. Бірақ Алла қалаған құлын арылтады. Алла әр нәрсені естуші, білуші. (21)
Пайғамбардың жұбайларының біріне үлкен жала жапқан оқиғаға қатысты аяттардың аяқталуымен осы аят жалпы бір заң ретінде былай дейді: «Сендерді қадам сайын іздеріңнен өкшелеп қуып, бұрмалаушылық пен құрдымға тартатын шайтаннан абай болыңдар!». «Хотовате шейтан», яғни «шайтанның қадамдарының» анықтамасы шайтан қадам сайын адамды күнәға итермелейді деген осы маңызды қатерді ескерту үшін, Құранның төрт аятында келген. Жасалған әрбір күнә адамның ойы мен рухында бұрмалаушылық тудырып, оның қайталануы үлкенірек күнәлар жасалу үшін негіз дайындайды. Ол адамды құрдымға тартады. Құран шайтани азғырулар мен істерді танып-білу үшін анық мөлшер мен бағам ұсынды: әрбір ақылды да есі дұрыс адам өзінің табиғи болмысы негізінде қиянат, жала, ұрлық-қарлық, кісі өлтіру және т.б сынды істердің жамандығын түсінеді. Бірақ дана және мейірбан Құдай нәпсілік және шайтани азғыруларға қарсы адамға ішкі және сыртқы бақылау құралын сыйлады. Іштен ақыл мен болмыс, сырттан кітап пен пайғамбар әрдайым адамға ескертіп, оған өмірдің дұрыс жолын көрсетті. Егер бұлар болмағанда іштен адамның нәпсісі, сырттан шайтани азғырулар үнемі адамды жаман да ұят істерге тартып, баршаны бейбастақтық пен күнәға батырған болар еді. Осы аяттан үйренетініміз:1.Иманды адамдар өздерінің имандарына арқа сүйемесін, соған кеуделерін кермесін, өздерін құтылдық деп санамасын. Себебі адамға әрдайым шайтани азғырулар мен бұрмалаушылық қаупі төніп тұр.2.Шайтан ақырындап, біртіндеп, қадам-қадаммен адамның рухына бойлайды. Сол себепті барлық әсер ететін жолдарға абай болайық. Ең бірінші қадамнан-ақ абай болған жөн.
«Нұр» сүресінің 22 аяты:
«وَلَا یَأْتَلِ أُولُوا الْفَضْلِ مِنکُمْ وَالسَّعَةِ أَن یُؤْتُوا أُولِی الْقُرْبَى وَالْمَسَاکِینَ وَالْمُهَاجِرِینَ فِی سَبِیلِ اللَّهِ وَلْیَعْفُوا وَلْیَصْفَحُوا أَلَا تُحِبُّونَ أَن یَغْفِرَ اللَّهُ لَکُمْ وَاللَّهُ غَفُورٌ رَّحِیمٌ»
Сендерден кеңшілік, молшылыққа ие болғандар; жақындарына, міскіндерге, мұһажірлерге Алла жолында бермеуге ант етпесін. Ғапу етіп, кешірсін. Алланың сендерді жарылқауын жақсы көрмейсіңдер ме? Алла аса жарылқаушы, ерекше мейірімді. (22)Алдыңғы аяттарда пайғамбардың жұбайына жала жапқан адамдар қатаң түрде айыпталды. Құдай мұсылмандарды сол оқиғаға дұрыс қатынас жасамағандары үшін кінәлады. Содан кейін кейбір байлар мен бақуатты адамдар сол жаланың қауесетке айналуында роль атқарған адамдарды, олар мейлі туыстары, мейлі жарлы-жақыбай болсын материалдық және инфақ көмектерден мақұрым етпекке шешім қабылдады. Осы аят түсіп, оларды сол істен тыйды. Бәлкім, оның себебі кедейлер қателікке барғандарымен инфақ етуді тоқтату оларды жазалау үшін дұрыс тәсіл емес деген мақсатта болар. Керісінше, көмектерді жалғастырып, олармен қоғамдық байланыстарды сақтау арқылы олар өздерінің қателіктерін түсініп, исламдық қоғамның кешіріміне ие болулары үшін бірдеңе істеуге болар. Аяттың жалғасы маңызды бір жәйтке сілтеме жасап, былай дейді: «Сендердің өздерің осы уақытқа дейін жаза басып, қателіккер ұрынбадыңдар ма? Ондай болса Құдайдан не күтесіңдер? Тәубе мен қайта оралу үшін мұрсат пен мүмкіндік пе, әлде қаһар мен жазаның жылдамдатылуын ба? Егер Құдайдың кешірімін күтсеңдер, өздерің де Оның қателік жасаған пенделерін кешіріңдер». Осы аяттан үйренетініміз:1.Басқалардың қатесін кешіріп, өзінің дүниесінен оларға беретін адамды Алла да кешіреді.2.Қателік жасаған адамдармен қатынас жасауда әсірешілдікке салынуға, олардың алдарындағы есіктердің барлығын жауып тастауға болмайды.3.Оған көмектесіп, инфақ ету үшін кедей болудың өзі жеткілікті.
«Нұр» сүресінің 23 аяты:
«إِنَّ الَّذِینَ یَرْمُونَ الْمُحْصَنَاتِ الْغَافِلَاتِ الْمُؤْمِنَاتِ لُعِنُوا فِی الدُّنْیَا وَالْآخِرَةِ وَلَهُمْ عَذَابٌ عَظِیمٌ»
Расында абыройлы мүмін, ақ ниет әйелдерге жала жапқандар дүние, ахиретте қарғалды. Әрі олар үшін ірі азап бар. (23)
Пайғамбардың жұбайына жала жабу туралы аяттардың соңында осы аят жалпы бір заң ретінде пәк барлық әйелдер туралы былай дейді: «Ешкімнің иманды, жеңіл жүріске салынбаған адамды өзінің күдігі немесе басқалардан естіген өсек пен алып-қашты сөздері негізінде зинақорлықпен айыптауға, оның абыройын төгуге хақысы жоқ. Мұндай адам ісінің Құдаймен болатынын білуі тиіс. Құдай жәбірленушіні қорғап, оны ең ауыр жазамен жазалайды. Осы дүниеде оны Өзінің шексіз мейірімінен мақұрым етіп, ақыретте оның орыны тозақ болады». Осы аяттан үйренетініміз:1.Адал адамдардың құқығын сақтау Құран мен ислам дінінің бағдарламаларының қатарын құрайды.2.Әйелдердің жанұялық және әлеуметтік байланыстарда жала жабуға негіз дайындайтын кез-келген қылықтан аулақ болғандары абзал.