Қар 27, 2016 20:22 Asia/Almaty

Нұр сүресі, 608-ші бөлім, 15-20 аяттар

«Нұр» сүресінің 15-16 аяттары:

«إِذْ تَلَقَّوْنَهُ بِأَلْسِنَتِکُمْ وَتَقُولُونَ بِأَفْوَاهِکُم مَّا لَیْسَ لَکُم بِهِ عِلْمٌ وَتَحْسَبُونَهُ هَیِّنًا وَهُوَ عِندَ اللَّهِ عَظِیمٌ»، «وَلَوْلَا إِذْ سَمِعْتُمُوهُ قُلْتُم مَّا یَکُونُ لَنَا أَن نَّتَکَلَّمَ بِهَذَا سُبْحَانَکَ هَذَا بُهْتَانٌ عَظِیمٌ»

 Сол уақытта өсекті ауызекі жалғастырып, білмеген нәрсені айта отырып, оны жеңілге сайдыңдар. Ол Алланың қасында зор іс еді. (15) Егер оны естіген сәтте: "Бұны біздің айтуымызға болмайды. Алла сақтасын. Бұл бір үлкен жала" деген болсаңдар еді. (16)

Алдыңғы бағдарламда Медине мұнафықтарының бір тобының пайғамбардың әйелдерінің біріне үлкен жала жапқандарын, оны басқа бір еркекпен байланыста болды деп айыптағандарын айттық. Мұсылмандар да бұл қауесетті таратқан адамдарға қарсылық танытудың орнына естігендерін басқаларға жайды. Бұл іс пайғамбар мен жұбайын мазалап, олардың реніштеріне себеп болды. Құдай осы аяттарда былай дейді: «Өздерің сенімді болмаған нәрсені неліктен ауыздан ауызға таратып, басқалардың абыройлары мен намыстарымен ойнадыңдар? Басқа адамдар жайлы не естісеңдер де, жөнсіз оны басқаларға жаюға болмайтынын білмедіңдер ме?  Оның өзі өздеріңнің пайғамбарларыңның жұбайына жапқан үлкен жала!» дейді.Бұл аят қоғамдық екі маңызды міндетке сілтеме жасайды: біріншіден, жалған қауесетті қоғамда таратқысы келген адамдарға бөгет болу үшін қоғамда не естісеңдер де, дәлелсіз қабылдамаңдар. Екіншіден, естіген нәрселеріңді басқаларға айтуға болмайды. Себебі, бұл істің салдарынан қоғамда адамдардың бір тобының абыройы қатерге тігіледі. Бұл ислам көзқарасы тұрғысынан қабылдауға келмейтін іс.Осы аяттардан үйренетініміз:1.    Жұрттың айтқан сөзін зерттемей, тексермей тұрып қабылдамауымыз керек.2.    Өсек таратып, басқалардың абыройын адамдардың алдында төгу оңай. Бірақ Құдайдың алдында бұл өте ұят және қабылдауға келмейтін іс.3.    Басқалардың абыройын қорғау қоғамның барлық мүшелерінің міндеті. Естіген өсекті таратудың орнына қауесетті айтушыға қатынас көрсету керек.

«Нұр» сүресінің 17-18 аяттары:

«یَعِظُکُمُ اللّهُ أَن تَعُودُوا لِمِثْلِهِ أَبَدًا إِن کُنتُم مُّؤْمِنِینَ»، «وَیُبَیِّنُ اللهُ لَکُمُ الْآیَاتِ وَاللَّهُ عَلِیمٌ حَکِیمٌ»

Егер мүмін болсаңдар, Алла мұндайды мүлде қайта істемеулеріңді насихаттайды. (17) Алла сендерге аяттарын ашық баян қылады. Әрі Алла толық білуші, аса дана. (18)

Басқаларға жала жабу Құдайдың алдында үлкен әрі маңызды болғандықтан осы аят соған қайтадан оралып, былай дейді: «Құдай қайтадан қателікке ұрынбасын деп перзентін насихаттайтын мейірімді де жанашыр әке сынды «исламдық қоғамда осындай қателік қайталанбасын, абай болыңдар» деп сендерге кеңес береді. Себебі бұл іс иманмен сәйкеспейді. Егер бұрын жәһілдік пен қапылдықтарыңа байланысты осындай қателік жасаған болсаңдар, қазір енді хабардар болғандықтан өткендерің үшін һәм тәубеге келіп, һәм болашақта соны қайталамауға шешім қабылдаңдар. Құдай сендердің істерің мен ойларыңнан және ниеттеріңнен хабардар». Осы аяттардан үйренетініміз:1.    Адам кеңес пен насихатты қажет етеді. Құран – ең жоғары насихат кітабы. Ондай болса Құранды оқып, оның аяттарынан ғибрат алайық.2.     Жаман ойлау мен күдіктенуден туындайтын басқаларға жала жабу иманның әлсіздігінің белгісі.3. Ең жақсы насихат һәм өткенді өшіретін, һәм болашақта қателікті қайталауға кедергі болатын күнәларға тәубе ету.

 «Нұр» сүресінің 19-20 аяттары:

«إِنَّ الَّذِینَ یُحِبُّونَ أَن تَشِیعَ الْفَاحِشَةُ فِی الَّذِینَ آمَنُوا لَهُمْ عَذَابٌ أَلِیمٌ فِی الدُّنْیَا وَالْآخِرَ‌ةِ وَاللَّهُ یَعْلَمُ وَأَنتُمْ لَا تَعْلَمُونَ»، «وَلَوْلَا فَضْلُ اللَّهِ عَلَیْکُمْ وَ رَ‌حْمَتُهُ وَأَنَّ اللَّهَ رَ‌ءُوفٌ رَّ‌حِیمٌ»

Расында сондай мүміндердің ішінде арсыздық жайылуын жақсы көргендерге дүние, ахиретте күйзелтуші азап бар. Алла біледі. Сендер білмейсіңдер. (19) Егер сендерге Алланың кеңшілігі, мәрхаметі болмаса. Рас Алла өте жұмсақ, ерекше мейірімді. (20)

Құдай осы аяттарда басқаларға жала жабудың жамандығын өте үлкен күнә деп атап: «Басқаларға жала жауып, сол қауесетті қоғамда жаю ғана күнә саналмайды, сонымен қатар егер біреу ішінен мүміннің адамдардың арасында жамандығымен танымал болуы үшін абыройын төккісі келгенімен, осы тұрғысында іс жүзінде ештеңе жасамаса да оның ішкі қалауы да күнә саналады. Исламдық мәдениетте күнә жасауды мақсат етіп, шешім қабылдау күнә саналмағанымен бірақ екі жағдайда Құран Кәрім ішкі істі күнә санаған: біріншісі, басқаларға қатысты күдіктеніп, жаман ойлау туралы былай дейді: «Кейбір күмәндарымыздың өзі – күнә»; келесісі – басқалардың абыройларын төгуге риза болу. Мұндай жағдайда адам ештеңе істемесе де күнә жасаған болып саналады. Құдайдан басқа ешкімнің адамдардың ішкі ниеттерінен хабардар емес екендіктері түсінікті. Басқалардың абыройын төгуді мақсат еткен кісілерді біздің танымайтындығымыз, бірақ Құдайдың, бәлкім тәубеге келіп, қайтып оралар деп ойлайтындығы Өзінің мейіріміне байланысты оларды жазалауға асықпайтыны түсінікті. Бірақ іс жүзінде әрекет етіп, басқалардың абыройын төгетін адамдар осы дүниеде жазаланып, 80 рет дүреге жығылады. Мұнымен қоса, оларды тозақта қатты жаза күтуде. Осы аяттардан үйренетініміз:1.    Күнә жасауға құлшыныс таныту – оның бастамасы. Күнәлардың арасында тіпті соған құлшыныс танытудың өзі үлкен күнә саналатын жалғыз күнә – басқаларға жала жауып, басқалардың абыройын төгу. 2.    Исламдық қоғамда сөзбен болсын, іспен болсын жамандықтарды тарату һәм адамның осы дүниесін, һәм оның ақыретін бұзады.