Нұр сүресі, 607-ші бөлім, 6-14 аяттар
Нұр сүресі, 607-ші бөлім, 6-14 аяттар
«Нұр» сүресінің 6-7-8-9-10 аяттары:
«وَالَّذِینَ یَرْمُونَ أَزْوَاجَهُمْ وَلَمْ یَکُن لَّهُمْ شُهَدَاءُ إِلَّا أَنفُسُهُمْ فَشَهَادَةُ أَحَدِهِمْ أَرْبَعُ شَهَادَاتٍ بِاللَّهِ إِنَّهُ لَمِنَ الصَّادِقِینَ»، «وَ الْخَامِسَةُ أَنَّ لَعْنَتَ اللَّـهِ عَلَیْهِ إِن کَانَ مِنَ الْکَاذِبِینَ»، «وَیَدْرَؤُا عَنْهَا الْعَذَابَ أَن تَشْهَدَ أَرْبَعَ شَهَادَاتٍ بِاللَّهِ إِنَّهُ لَمِنَ الْکَاذِبِینَ»، «وَالْخَامِسَةَ أَنَّ غَضَبَ اللَّـهِ عَلَیْهَا إِن کَانَ مِنَ الصَّادِقِینَ»، «وَلَوْلَا فَضْلُ اللَّـهِ عَلَیْکُمْ وَ رَحْمَتُهُ وَأَنَّ اللَّهَ تَوَّابٌ حَکِیمٌ»
Жұбайларына зина жаласын жауып, өздерінен басқа ешбір айғақтары болмағандардың әрбірінің куәлігі шын айтушы екендіктеріне байланысты төрт рет Алланың атымен ант ішулері. (6) Бесінші ретте; (ер): "Егер өтірік айтушылардан болсам, Маған Алланың лағынеті болсын!",- (дейді) (7) Ерінің өтірік айтушылардан екендігіне байланысты әйел де төрт рет Алланың атымен ант ішіп, өзінен жазаны кетіре алады. (8) Бесінші рет; (әйел): "Егер оның айтқандары шын болса, маған Алланың қаһары тисін!",- (дейді.) (9) Егер сендерге Алланың кеңшілігі, мәрхаметі болмаса, (не болар еді?) Расында Алла, тәубелерді қабылдаушы, аса дана. (10)
Алдыңғы бағдарламада, егер біреу басқаға зина жаласын жауып, 4 куә әкеле алмаса, оның өзі жала жабу айыбымен сексен рет дүреге жығылады деп айттық. Бұл аяттар ерекше жағдай ретінде осы үкімде былай дейді: «Бірақ, егер ер адам өзінің жұбайын бөтен ермен көзіне шөп салып жатқан кезде байқап, қазыға барып куәлік етсе, басқа куә әкелуді қажет етпейді. Тек рас айтып тұрғаны туралы Құдайға төрт рет ант ішіп, тағы бір рет: «Егер жалған айтқан болсам, Құдай маған лағынет айтсын» деу керек. Ер адамның ант су ішуімен бірдей әйел я өзінің күнәсін мойындап, күйеуінің сөздерін қабылдайды, я болмаса өзінің бұзық ісін теріске шығарады. Мұндай жағдайда ол өзін қорғау үшін (ер адам сынды) бес рет ант су ішуі тиіс. Осылайша әйел төрт рет: «Құдаймен ант етемін. Жұбайым жалған өтірік айтып тұр», ал бесінші рет: «Егер жұбайым шыншыл болса, Құдайдың қаһары мен ашу-ызасы маған түссін» деуі керек. Әйел мен ердің ант-су ішулерімен күйеуден жала жабудың жазасы, ал әйелден зинақорлықтың жазасы алынады. Бірақ бұл ант-су ішулердің салдарлары да болады. Соның ішінде, олар талақты қажет етпей-ақ, мәңгілікке ажырасады. Олар өмірлерінің соңына дейін қайтадан бір-бірімен үйлену құқығынан айрылады. Сол себепті куә жоқ болған жағдайда тек Құдайға ант-су ішу ғана уәждердің қабылдануы немесе теріске шығаруда іске жарайды. Бұл тұрғысында да әйел мен ер арасында айырмашылық жоқ. Осы аяттардан үйренетініміз:1.Отбасылық мәселелерде әйел мен ердің абыройын сақтап, қоғамда бейбастақтықтың таралуының алдын алу үшін олардың өздерінің сөздері дәлел. Бөтен куәлердің қажеті жоқ. 2. Ант-су ішу туралы исламның заңдары адамдардың бір-бірін масқараға душар етпеулерін бақылау үшін қажет. 3. Ислам қоғамында Құдайға ант-су ішу адам жөнсіз ант-су ішуге немесе оны теріске шығаруға батылы жетпейтіндей қасиетті де қастерлі болуы керек.
«Нұр» сүресінің 11 аяты:
«إِنَّ الَّذِینَ جَاءُوا بِالْإِفْکِ عُصْبَةٌ مِّنکُمْ لَا تَحْسَبُوهُ شَرًّا لَّکُم بَلْ هُوَ خَیْرٌ لَّکُمْ لِکُلِّ امْرِئٍ مِّنْهُم مَا اکْتَسَبَ مِنَ الْإِثْمِ وَالَّذِی تَوَلَّى کِبْرَهُ مِنْهُمْ لَهُ عَذَابٌ عَظِیمٌ»
Шынында сендерден өсек айтып келген топтың сөзін жаман деп есептемеңдер. Керісінше, ол сендер үшін хайырлы. Олардың әрбіреуі күнә тапты. Олардан басшылық еткен үлкеніне зор азап бар. (11)
Күйеуі бар, пәк әйелдерге жала жабушыларды жазалау туралы алдыңғы аяттардың жалғасында осы аят Алланың елшісі уақытында сол хазіреттің әйелдерінің бірінің басынан өткен оқиғаға сілтеме жасайды. Тарихи кітапта исламның ардақты пайғамбарының сапарларының бірінде жұбайы Айшаның қасында болғаны жазылған. Мединеге қайтып келе жатқанда Айша жеке басына қатысты бір іске байланысты керуеннен бөлініп, олардан артта қалып қояды. Керуеннен қалып қойған пайғамбардың сахабаларының бірі Айшаны керуенге жеткізеді. Кейбір адамдар пайғамбардың сол серігіне жөнсіз жала жауып, сол өтірік адамдардың арасында қауесетке айналады. Сол кезде осы аят түсіп, аталмыш оқиғаның орын алуына қатты ренжіген пайғамбар мен мүміндерді жұбатып: «Бұл оқиғада жақсылық бар. Ол осы өтірік пен қауесет арқылы олардың әрқайсысы осы қауесетті таратқан мөлшерге сай жазаланатын кейбір мұнафықтардың масқараға ұшырайтындығы. Бірақ осы өтірік пен жаланы жоспарлаған Медине мұнафықтарының жетекшісі Абдолла Ибн Аба ауыр азапқа ұшырайды» дейді. Осы аяттан үйренетініміз:1.Дұшпан үнемі сырттан соққы жасамайды. Кейде ішкі мұнафықтар да қауесет таратып, соққы жасап, исламдық қоғамды сансыз қиындықтарға душар етеді. 2. Топтасып жасаған күнәларда қатысушылардың әрқайсысы өзінің үлесінің мөлшеріне сай қылмыскер. Шәксіз, қылмыс пен қастандықтарда жауапты болып, негізгі рольді атқарған адамдардың жазасы басқалардан қаттырақ болады.
«Нұр» сүресінің 12-13-14 аяттары:
«لَّوْلَا إِذْ سَمِعْتُمُوهُ ظَنَّ الْمُؤْمِنُونَ وَالْمُؤْمِنَاتُ بِأَنفُسِهِمْ خَیْرًا وَقَالُوا هَذَا إِفْکٌ مُّبِینٌ»، «لَّوْلَا جَاءُوا عَلَیْهِ بِأَرْبَعَةِ شُهَدَاءَ فَإِذْ لَمْ یَأْتُوا بِالشُّهَدَاءِ فَأُولَـئِکَ عِندَ اللَّهِ هُمُ الْکَاذِبُونَ»، «وَلَوْلَا فَضْلُ اللَّـهِ عَلَیْکُمْ وَ رَحْمَتُهُ فِی الدُّنْیَا وَالْآخِرَةِ لَمَسَّکُمْ فِی مَا أَفَضْتُمْ فِیهِ عَذَابٌ عَظِیمٌ»
Егер оны естігендеріңде мүмін ер, әйел көңілдерінде хайыр ойлап: "Бұл бір ашық өсек" десе еді? (12) Олар, оған төрт куә келтірсе еді? Сондай-ақ олар куә әкелмеді. Міне солар, Алланың қасында өтірікші. (13) Егер сендерге дүние, ахиретте Алланың кеңшілігі, мәрхаметі болмаса еді, әрине өсек тартқандықтарыңның салдарынан зор азапқа душар болар едіңдер. (14)
Алдыңғы аяттың жалғасында осы аят сенгіштік және қарапайымдылықтарына байланысты ешқандай зерттеусіз, жала қауесетін басқаларға айтып, ықпалға түскен мүміндерге қаратып: «Мүміндер туралы мұнафықтардың сөздерін естіген кезде неліктен сол мүміндерге қатынас көрсетпедіңдер. Неліктен «Бұл үлкен де әшкере өтірік» деп айтпадыңдар. Сендер пайғамбардың жұбайының адалдығына сенімді болып, мұнафықтардың өтірік таратудағы жаман істерін білдіңдер ғой? Неліктен бұл сөздерге сеніп, қабылдадыңдар? Егер әкелмесе пәк адал адамдарға жала жапқандары үшін жазалау үшін неліктен олардан төрт куә талап етпедіңдер» дейді. Шын мәнінде бұл аяттың мүміндерге жолдауы мынада: өздерің ғана басқаларға қатысты күдіктенбеңдер, сондай-ақ егер жала естісеңдер, егер олардың қателікке бой ұрғандары анық дәлелдермен дәлелденбесеқабылдамаңдар, пәк адамдарды қорғаңдар. Осы аяттардан үйренетініміз:1. Қоғамда тарайтын бұрыс қауесеттерге қарсы лайықты реакция көрсету керек. Үндемей қалған да дұрыс емес, сондай-ақ, өсекті таратуға да болмайды.2. Қоғамның әр мүшесіне жабылған жала қоғамның басқа мүшелеріне жабылған жаламен пара-пар.3. Мүміндер туралы жақсы ойлау исламдық қоғамдағы адамдар арасындағы қатынаста үстем болу керек принцип. 4. Қоғамның әр мүшесіне жабылған жала қоғамның басқа мүшелеріне жабылған жала сынды. 5. Мүміндер туралы жақсы ойлау исламдық қоғам мүшелері арасындағы байланыста үстемдік етуі тиіс негіз.6. Пайғамбар мен хазірет әулетінің жеке бас құпиясын сақтау мұсылмандардың барлығы үшін уәжіп. Оларға әртүрлі тәсілмен күмән тудыратын адамдармен шынайы түрде қарсыласу керек.