Қар 27, 2016 20:51 Asia/Almaty

Нұр сүресі, 606-шы бөлім, 1-5 аяттар

«Нұр» сүресінің 1 аяты:

«بِسْمِ اللَّهِ الرَّ‌حْمَنِ الرَّ‌حِیمِ ‏* سُورَ‌ةٌ أَنزَلْنَاهَا وَ فَرَ‌ضْنَاهَا وَأَنزَلْنَا فِیهَا آیَاتٍ بَیِّنَاتٍ لَّعَلَّکُمْ تَذَکَّرُ‌ونَ»

 Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.Бұл сүрені түсірдік те оның үкімдерін парыз қылдық. Сондай-ақ үгіт алуларың үшін мұнда ашық аяттар түсірдік. (1)

«Нұр» сүресінің 64 аяты бар. Бұл сүре Мединеде түсірілген. Аталмыш сүренің «Нұр» деп аталуы оның 35 аятына байланысты. Сол аяттарда Құдайды аспандар мен жердің нұры деп таныстырған.Сүренің алғашқы жартысы «Нұр» аятына дейін (35 аят) мүміндерді үйленуге, отбасын құруға, пәктік пен адалдықты сақтауға, заңсыз байланыстар мен осы сияқты мәселелерден бойды аулақ салуға шақырады. Екінші жартысы да Құдайды тану, Алланың пайғамбарларының соңынан еру, мүміндердің үкіметін құру, кейбір отабсылық мәселелер және тағы басқалар туралы діни ағартушылықты түсіндіреді. Құранның барлық аяттары мен сүрелерінің Құдай тарапынан түсірілгеніне қарамастан, оның осы сүренің басында еске салынуы осы сүреде айтылған аяттар мен мәселелердің маңыздылығының көрсеткіші. Олардың бір бөлігі тоухидтік соны ақиқаттарға, бір бөлігі отбасылық және қоғамдық байланыстардағы мүмін әйелдер мен ерлердің ахкамдарына қатысты. Құдайға деген иманды орнықтырып, нығайту қоғамдық деңгейде бұрмаланған қылықтардың азаюы үшін негіз дайындап, тіршілік істерін түзетуге себеп болатындығы түсінікті. Осы аяттан үйренетініміз:1.Құран Кәрім – мұсылмандардың заң кітабы. Оның нұсқаулары мен ахкамдарын сақтау міндет әрі уәжіп. 2. Құранның ағартушылығы қапылдықтың перделерін сыдырып, адамның ақылы мен болмысында тамыры бар нәрсені оның есіне салады.

 «Нұр» сүресінің 2-3 аяттары:

«الزَّانِیَةُ وَالزَّانِی فَاجْلِدُوا کُلَّ وَاحِدٍ مِّنْهُمَا مِائَةَ جَلْدَةٍ وَلَا تَأْخُذْکُم بِهِمَا رَ‌أْفَةٌ فِی دِینِ اللَّهِ إِن کُنتُمْ تُؤْمِنُونَ بِاللَّهِ وَالْیَوْمِ الْآخِرِ‌ وَ لْیَشْهَدْ عَذَابَهُمَا طَائِفَةٌ مِّنَ الْمُؤْمِنِینَ»، «الزَّانِی لَا یَنکِحُ إِلَّا زَانِیَةً أَوْ مُشْرِ‌کَةً وَالزَّانِیَةُ لَا یَنکِحُهَا إِلَّا زَانٍ أَوْ مُشْرِ‌کٌ وَحُرِّ‌مَ ذَلِکَ عَلَى الْمُؤْمِنِینَ»

Зинашы әйел мен ердің әрбіріне жүз дүре соғыңдар. Егер Аллаға, ахирет күніне сенсеңдер оларға жұмсақтықтарың ұстамасын. Әрі екеуінің жазасын мүміндерден бір тобы көріп тұрсын. (2) Зинашы ер зинашы немесе мүшрік әйелмен үйленуге лайық. Зинашы әйел де зинашы немесе мүшрік ермен ғана үйленеді. Бұлар мүміндерге арам қылынды. (3)

Ислам дінінде сый мен жазаның негізі қияметте. Бірақ Құдай қоғамды бұрмалаушылық пен қателіктерден сақтау мақсатында осы дүниеде де күнәһарлар үшін қоғамда бейбастақтық пен азғындық таралмасын деп, қанішерге қасас үкімі немесе ұрының қолын шабу сынды жаза бұйрықтарын орнатқан. Осы аяттар заңсыз жыныстық байланыстарға салынған адамдарға олардың негізгі жазасы қияметте болғанымен Құдай осы дүниеде де басқаларға сабақ болсын деп оларды қатаң түрде жұрттың көзінше жазалауға бұйрық бергенін ескертеді. Бірақ күнә әшкере болғанша Құдай пердені сыпыруға риза емес.  Оларды бақылап, тексеруге де рұқсат бермейді. Бірақ құрметтерді бұзатын, заңсыз байланыстардан еш қорықпайтын ұятсыз адамдар егер жазаланбаса қоғамда бейбастақтық пен зинақорлықтың таралуына негіз дайындайды.   Сол себепті Құдай мұндай адамдар үшін һәм олардың өздері үшін, һәм басқалар үшін ғибраттың мәйегі болу үшін қатты жаза белгіледі. Аяттардың жалғасында пәк ерлер мен әйелдердің бейбастақ ерлер мен әйелдермен үйленуіне тыйым салынды. Бұл түзу және мүмін ерлер мен әйелдер сондай адамдармен байланыста болып, жақындасқан кезде бұрмалаушылыққа ұрынып, былғанбасын деген себептен туындайды. Сондай-ақ заңсыз байланыстардың салдарынан пайда болатын әртүрлі аурулардың қоғамда етек алмауының алдын алу мақсатын да көздейді. Осы аятта айтылған жүз рет дүре соғу үкімінің жұбайлары жоқ және осы күнәны өздерінің ризашылықтарымен жасаған ерлер мен әйелдерге қатысты екендігіне көңіл аударған жөн. Бірақ жұбайлары бар ерлер мен әйелдер қиянат жасап,  басқалармен заңсыз байланыс орнататын болса, олардың үкімі – өлім. Әйелді күшпен зина жасауға мәжбүр ететін немесе өзінің қандасымен заңсыз байланыста болса оның үкімі де өлім болады. Осы аяттардан үйренетініміз:1.    Ислам көзқарасы бойынша жыныстық азаттық және заңсыз байланысқа бару үлкен күнә саналады. Оған рұқсат жоқ. 2.    Қоғамда бейбастақтық пен азғындық жасаған күнәһарлар мен қылмыскерлердің жазасы өте қатты және тежеуші болуы керек. Бұл істе сезім мен көңіл-күйге берілуге болмайды.3.    Жазықтының жазалау оны әдепке келтіріп, түзетіп, қоғамдағы жалпы пәктікті сақтау үшін қажет.4.Зина жасау Құдайға шерк қосумен бірдей. Зина адамды иманның білігінен шығарады.4.    Жар таңдауда оның пәктігі мен адалдығы үйленудің маңызды шарты.

«Нұр» сүресінің 4-5 аяттары:

« وَالَّذِینَ یَرْ‌مُونَ الْمُحْصَنَاتِ ثُمَّ لَمْ یَأْتُوا بِأَرْ‌بَعَةِ شُهَدَاءَ فَاجْلِدُوهُمْ ثَمَانِینَ جَلْدَةً وَلَا تَقْبَلُوا لَهُمْ شَهَادَةً أَبَدًا ۚ وَ أُولَـٰئِکَ هُمُ الْفَاسِقُونَ »، «إِلَّا الَّذِینَ تَابُوا مِن بَعْدِ ذَلِکَ وَأَصْلَحُوا فَإِنَّ اللَّـهَ غَفُورٌ‌ رَّ‌حِیمٌ »

 Сондай абыройлы әйелдерге зина жаласын жапсырғандар кейін төрт айғақ келтіре алмаса, онда оларға сексен дүре соғыңдар. Және олардың куәліктерін мүлде қабыл етпеңдер. Міне солар, бүзықтар. (4) Бірақ содан кейін тәубе етіп, түзелгендерге; Алла, аса жарылқаушы, ерекше мейірімді. (5)

Жүріс жүретін ерлер мен әйелдерді жазалауды баяндаған соң бұл үкім адамдардың өмірлеріне тыңшылық жасауды көздеп, болжам жасап, күкдіктеніп, күнәһар ерлер мен әйелдерді күнәһарлықпен айыптайтын кейбір адамдар үшін сылтау болуы мүмкін. Сол себепті осы аяттар осы үкімді теріс пайдалануды көздейтін жала жабушыларды қатаң жазалауды баяндап: «Мұндай жаланы дәлелдеу үшін төрт әділ куә әкеліңдер. Әйтпегенде уәж айтып, жала жабушылардың әрқайсысына сексен рет дүре соғылады» дейді. Жалпы алғанда мұндай адамдардың сөздерінің құны жоқ. Болашақта да ешбір істе олардың куәліктері қабылданбайды. Егер өздерінің ұят істерінен қол үзіп, тәубеге келіп, өткен істерін түзететін болса жөні басқа. Рауаяттарда имам Садыққа мынадай сұрақтың қойылғаны айтылған: «Кісі өлімін дәлелдеу үшін неліктен екі куә жеткілікті, бірақ зинақорлықты дәлелдеу үшін төрт куә қажет?». Хазірет: «Кісі өліміне куәлік етуші бір адамға куәлік етеді. Бірақ зина жасаушыға куәлік ету екі адамды жазалау үшін (күнә жасаған әйел мен ерді) деп жауап беріпті. Осы аяттардан үйренетініміз:1.Күйеуі бар пәк әйелге жала жабудың жазасы өте қатты.2.Пәк адамдарға жала жабудың жазасының (80 рет дүре соғу) зина жасаған адамның жазасынан (100 ретдүре) көп айырмасы жоқ. 3.Адамдардың абыройының Құдай үшін құндылығы сондай, адамның ахлақтық бұзықтығы үшін төрт адам куәлік етпейінше Құдай басқа үш адамның оның күнәсын жария етуге рұқсат етпейді. Кері жағдайда олардың өздері жазаланады.