Мүминүн сүресі, 604-ші бөлім, 105-111 аяттар
Мүминүн сүресі, 604-ші бөлім, 105-111 аяттар
"Мүминүн" сүресінің 105-106 аяттары:
«أَلَمْ تَکُنْ آیَاتِی تُتْلَى عَلَیْکُمْ فَکُنتُم بِهَا تُکَذِّبُونَ»، «قَالُوا رَبَّنَا غَلَبَتْ عَلَیْنَا شِقْوَتُنَا وَکُنَّا قَوْمًا ضَالّینَ»
"Өздеріңе аяттарым оқылғанда оны жасынға шығармадыңдар ма?" (105) Олар: "Раббым! Сорымыз жеңіп, адасқан бір ел екеміз ғой" дейді. (106)
Алдыңғы бағдарламада Құран Кәрім қияметтегі пенделерге сый мен жазаның олардың осы дүниедегі жасайтын ізгі істері мен жаман әрекеттері негізінде берілетіндігін айтып, тозақтықтардың қатты жазаланатындықтарын хабарлады. Осы аяттарда Құдай тозақтықтарға қаратып былай дейді: «Мен пайғамбарларым арқылы сендерге анық та ашық аяттар мен дәлелдер жібермедім бе? Сендерге жетекшіліктің құралын әзірлемедім бе? Ондай болса хақты қабылдаудың орнына неліктен онымен қарсыласып, кәпірге айналдыңдар?». Кәпірлердің Құдайға беретін жауаптары мынадай болмақ: «Қатігездік пен мейірімсіздіктің бізді айналдырғаны соншалықты ешбір хақ сөз біздің жүректерімізге әсер етпеді. Біз адасушылықта болдық». Бұл жауаптың олардың осы дүниедегі қате істерін ақтау үшін айтылатындығы түсінікті. Себебі өздерінің жөнсіз істері олардың тасжүрекке айналып, хақтың алдында немқұрайдылық танытуларына себеп болды. Өйткені олар анадан қатігез және тасжүрек болып туған жоқ. Осы аяттардан үйренетініміз:1.Пайғамбарлар мен аспандық кітаптар адамдарға дәлелді аяқтаған соң барып қана Алланың жазалары келеді.2. Қияметте күнәһарлар өздерінің қателіктері мен жаза басқандарын мойындайды. Бірақ бұл олар үшін ешқандай пайдасы болмайтын, кеш жасалған мойындау болады.
«Мүминүн» сүресінің 107-108 аяттары:
«رَبَّنَا أَخْرِجْنَا مِنْهَا فَإِنْ عُدْنَا فَإِنَّا ظَالِمُونَ»، «قَالَ اخْسَئُوا فِیهَا وَلَاتُکَلِّمُونِ»
Раббымыз! Бізді бұдан шығар! Сонда егер қайта күнәкар болсақ, шын залымбыз." (107) Оларға: "Сонда сіңіп, жоғалыңдар! Маған сөйлеспеңдер" дейді. (108)
Кәпірлер мен күнәһарлар өздерінің күнәларын мойындаған соң Құдайдан өткендерін түзетіп, орнын толтыру үшін оларды тозақтан шығаруды сұрайды. Бұл өтінішті орындау мүмкін емес, өйткені бұл дүниеге қайтатын жол жоқ. Қиямет – іс-әрекеттің емес, жазаның орыны. Құдай бұл жерде оларды Өзінің дәргаһынан қуып, иттерді қуған кезде қолданылатын қатаң сөздермен былай дейді: «Кетіңдер, сендердің сөйлейтін жөндерің жоқ. Сендердің орындарың – от. Сендер отта жануға лайықсыңдар». Осы аяттардан үйренетінміз:1. Осы дүниеде болғанымызда қияметте қайғы-қасіретіміз азырақ болатындай мүмкіндік бар.2. Тәкәппарлық пен күпірлік және қырсықтық адамның қадірін хайуанның деңгейіне дейін түсіреді. Адам болмысының бұл өзгерісі қияметте көрініс табады.
«Мүминүн» сүресінің 109-110-111 аяттары:
«إِنَّهُ کَانَ فَرِیقٌ مِّنْ عِبَادِی یَقُولُونَ رَبَّنَا آمَنَّا فَاغْفِرْ لَنَا وَارْحَمْنَا وَأَنتَ خَیْرُ الرَّاحِمِینَ»، «فَاتَّخَذْتُمُوهُمْ سِخْرِیًّا حَتَّى أَنسَوْکُمْ ذِکْرِی وَکُنتُم مِنْهُمْ تَضْحَکُونَ»، «إِنِّی جَزَیْتُهُمُ الْیَوْمَ بِمَا صَبَرُوا أَنَّهُمْ هُمُ الْفَائِزُونَ»
Құлдарымнан бір бөлім: "Раббымыз! Иман келтірдік, бізді жарылқа! Және бізге мәрхамет ет. Сен мәрхамет етушілердің ең жақсысысың" дейтіндер бар еді. (109) Сонда сендер оларды келемежге алып едіңдер. Тіпті оларға күлулерің Мені еске алуларыңды мүлде ұмыттырған еді. (110) Рас бүгін Мен оларды сабыр еткендіктеріне байланысты сыйлыққа бөледім. Олар анық мұратқа жеткендер... (111)
Алланың мейірімі дәргаһынан күнәһарлардың қуылуы туралы алдыңғы аяттардың жалғасында осы аяттар жазаның себебін былайша баяндайды: «Олар өздерінің жаман істері үшін ғана өкініп, солардан қол үзген жоқ, сондай-ақ тәубе мен кешірім иелері болып табылатын иманды адамдарды келемеждеп, оларды масқаралап күлетін. Олар өздерін ақылды, пысық санап, мүміндерді кез келген уақытта қателікке ұрынатын ашықауыз, аңғал, сенгіш, тозақ отынан қорыққандықтан Құдайды пана тұтып, Одан кешірім сұрайтын адамдардай санайтын. Келемеждеуге ұшыраған сол адамдар бүгін жұмақта толық тыныштық пен рахатта болады. Сол масқаралайтын адамдар тозақ отына түсіп, олардың қашатын жолдары болмайды». Осы аяттардан үйренетініміз:1.Иманның қажеттілігі Құдайдан күналарымызды кешіруді өтіну үшін қажет. Себебі мүмін үнемі өзін Алланың алдында кінәлі санайды.2.Мүміндерді масқаралап, келмеждеу Құдайды ұмыттырып, адамды тозаққа жібереді. 3.Ақыреттегі құтылуға сабыр мен табандылықтың арқасында қол жеткізіледі.