Мүминүн сүресі, 603-ші бөлім, 99-104 аяттар
Мүминүн сүресі, 603-ші бөлім, 99-104 аяттар
"Мүминүн" сүресінің 99-100 аяттары:
«حَتَّى إِذَا جَاءَ أَحَدَهُمُ الْمَوْتُ قَالَ رَبِّ ارْجِعُونِ»، «لَعَلِّی أَعْمَلُ صَالِحًا فِیمَا تَرَکْتُ کَلَّا إِنَّهَا کَلِمَةٌ هُوَ قَائِلُهَا وَمِن وَرَائِهِم بَرْزَخٌ إِلَى یَوْمِ یُبْعَثُونَ»
Ақыр олардың әрбіріне өлім келген сәтте: "Раббым! Мені дүниеге қайтар!" (99) "Мүмкін мен қалдырған дүниеде жақсы ғамал істермін." Әсте олай емес. Рас бұл, оның бір айтқан бос сөзі. Өйткені, олардың артында қайта тірілетін күнге дейін бөгет бар. (100)
Осы аяттар өлім аузындағы мүшріктер мен кәпірлердің және күнәһарлардың жағдайы туралы баяндап: "Өздерін осы дүниеден бөлініп, басқа әлемге өтіп бара жатқан сол кезде көргенде олардың көз алдарынан қапылдықтың пердесі сыпырылып, алдарындағы қатаң тағдырды көреді. Олар өздерінің уыстарынан шыққан өмірлері мен қорларының, жасаған күнәларының салдарларын байқайды. Олардың жалынып, жалбарынып, орындамаған міндеттерінің орнын толтырып, жинаған байлықтарымен қайырымды іс жасау үшін Құдайға оларды осы дүниеге қайтаруын сұрайтындары да дәл осы жер. Бұл олардың тілімен айтылатын ғана арман. Олар егер дүниеге тағы қайтарылса да айтқан сөздерін орындамайды. Себебі Құдай осы дүниеде тәубеге келіп, қателіктерін түзетсін деп оларға көптеген мүмкіндіктер мен мұрсат берген болатын. Бірақ олар сол мұрсаттардың ешқайсына көңіл аудармастан барлығынан айрылды" дейді. Аяттардың жалғасы осы дүние мен ақырет арасындағы әлем - барзах әлеміне сілтеме жасайды. Құран аяттары мен рауаяттар негізі бойынша өлімнен соң рух адамның денесінен бөлініп шығып, барзах әлеміне барады. Қияметте өліктердің тірілуімен сол рух олардың денелеріне қайтып енеді. Барзах әлемінде мүміндер мен кәпірлер үшін жұмақтың немесе тозақтың көріністері көрінеді. Дін жетекшілерінің сөздерінде қабір - жұмақ бақтарының бір бағы немесе тозақ шұңқырларының бір шұңқыры деп айтылған. Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Біз ықтиярымыздағы мүмкіндіктерді жақсы пайдаланайық. Себебі болашақта өкінудің пайдасы жоқ. Уақытты кейін қайтару мүмкін емес.
2.Өмірді құр, босқа өткізу ажал алдындағы қасіретке себеп болады. Өлімнен кейінгі әлем үшін ең жақсы азық түзу ғамалдар жасау.
"Мүминүн" сүресінің 101 аяты:
«فَإِذَا نُفِخَ فِی الصُّورِ فَلَا أَنسَابَ بَیْنَهُمْ یَوْمَئِذٍ وَلَا یَتَسَاءَلُونَ»
Қашан Сұр үрілсе, сол күні олардың араларында туыстық (байланыс) жоғалып, бір-бірін сұраспайды. (70-С. 10-А.) (101)
Аяттар мен рауаяттар негізі бойынша, сүр екі рет үріледі: бірінші рет барлық тіршілік иелерінің өліміне себеп болатын ақырзаман келгенде, екінші рет өліктер тіріліп, адамдардың ақырет әлемінде жаңа өмірге оралатын, қиямет орнайтын кезде үріледі. Өлім мен барзах әлеміне ену туралы болған алдыңғы аят негізі бойынша осы аяттағы "сүр" сөзінің мағынасы қиямет-қайымға ұластыратын сүрдің екінші үрленуіне қатысты. Дүниелік жүйеде адамдар анадан дүниеге келіп, отбасы мүшелері мен туған-туыс арасында қатыстық және себептік байланыс орнайды. Бірақ адамдар топырақтан бас көтеріп, қайтадан тірілетін қияметте дүниелік байланыстар үзіліп, адамдар жеке-жеке күйде жиналады. Сол себепті ешкім ешқандай қолдау мен демеуге ие болмайды. Қияметтің қорқыныштылығы мен үрейлі болатындығы соншама, ешкім басқаның жағдайын сұрамайды, басқадан көмек сұрамайды. Себебі олар бұл өтініштің пайдасы болмайтынын, ешкімнің басқаға көмектесе алмайтынын біледі. Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Құдайдың ризашылығын басқалардың ризашылығынан, тіпті жақын-жуықтың ризашылығынан да артық санайық. Себебі қияметте Құдайдан басқа ешкім бізге көмектесе алмайды.
2.Отбасылық, ру-тайпалық мақтаныш кейбір кездерде бұл дүниеде іске жарар, бірақ қияметте оның пайдасы жоқ.
"Мүминүн" сүресінің 102-103-104 аяттары:
«فَمَن ثَقُلَتْ مَوَازِینُهُ فَاُولَـئِکَ هُمُ الْمُفْلِحُونَ»، «وَمَنْ خَفَّتْ مَوَازِینُهُ فَاُولَـئِکَ الَّذِینَ خَسِرُوا أَنفُسَهُمْ فِی جَهَنَّمَ خَالِدُونَ»، «تَلْفَحُ وُجُوهَهُمُ النَّارُ وَهُمْ فِیهَا کَالِحُونَ»
Ал сол күні, кімнің таразысы ауыр тартса, міне солар құтылушылар. (102)
Ал және кімнің таразысы жеңіл тартса, міне олар өздерін зиянға ұшыратқандар. Олар тозақта мүлде қалады. (103)
Олардың беттерін от өртеп, олардың онда тістері ақсиып қалады. (104)
Өліктердің қияметте тірілулері Алланың әділ сотына қатысу үшін керек. Бірақ сый мен жаза берудегі Құдайдың өлшемі мен бағамы адамның іс-әрекеті мен ғамалдары негізі бойынша жүзеге асырады. Соны бағамдау арқылы адамдардың тағдырлары анықталады. Ізгі және құнды істер жаман және құнсыз істерден ажыратылып, соның негізі бойынша әрбір адамның іс-әрекеті мен ғамалының дәптері Оған тапсырылады. Өмірін зая кетіріп, қателік жасағанның оны жұмаққа жіберетіндей өзінің іс-әрекет дәптерінде құнды істерінің болмайтындығы түсінікті. Сол себепті қателіктері мен күнәлары оны тозаққа тартады. Қатты қиналғандықтан олардың жүздері қапалы болады. Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Біздің бұл дүниедегі істеріміздің қияметке жететін, біздің қияметтегі тағдырымызды анықтайтын әсерлері мен нәтижелері, салдарлары болады.
2.Ең үлкен зиян дүниелік және экономикалық зарар емес, өмір мен адами қабілет-дарындарды зая кетіру.