Мүминүн сүресі, 602-ші бөлім, 91-98 аяттар
Мүминүн сүресі, 602-ші бөлім, 91-98 аяттар
«Мүминүн» сүресінің 91-92 аяттары:
«مَا اتَّخَذَ اللَّهُ مِن وَلَدٍ وَمَا کَانَ مَعَهُ مِنْ إِلَهٍ إِذاً لَّذَهَبَ کُلُّ إِلَهٍ بِمَا خَلَقَ وَلَعَلَا بَعْضُهُمْ عَلَى بَعْضٍ سُبْحَانَ اللَّهِ عَمَّا یَصِفُونَ»، «عَالِمِ الْغَیْبِ وَالشَّهَادَةِ فَتَعَالَى عَمَّا یُشْرِکُونَ»
Алла еш бала иемденбеді. Онымен бірге тәңір де жоқ. Ондай болғанда, әрине әр тәңір өз жаратқанын алып кетер еді де бір-біріне үстемдік қылар еді. Алла, олардың сипаттағанынан пәк. (91) Алла көрнеуді де көместі де біледі. Сондай-ақ олардың қосқан ортақтарынан үстем. (92)
Алдыңғы бағдарламада Құдайдың әлемдегі иелігі мен билігі баяндалды. Осы аяттар Құдай туралы кейбір ырымшыл наным-сенімдерге сілтеме жасап, сол бұрыс пікірлерді теріске шығарады. Алдыңғы діндердің ізбасарларының арасында Құдайдың перзенті бар деген сенім болған. Мәсихилер хазірет Исаны Құдайдың ұлы деп санайды. Меккенің мүшіріктері де періштелерді Құдайдың қыздары деп ойлаған. Мұнымен қоса, тарих бойында әртүрлі ұлттар мен ұлыстардың арасында олардың әрқайсысы әлем істерінің бір бөлігін басқаратын көптеген құдайлар бар деген сенім кең тараған болатын. Осы аяттар соларға берген жауапта былай дейді: «Жер мен аспанда және әлемнің барлық жаратылыстары үшін біртұтас жүйе билік етеді. Бұл соларға билік ететін біртұтас хикмет пен заңдардың тұрақтылығын көрсетеді». Егер бұл әлемде көп құдай бар деп ойлап қарасақ, ол әлем істеріндегі бейберекеттікке соқтыратын бірнеше түрлілікті қалыптастырған болар еді. Сондай-ақ сәт сайын сол құдайлардың бірі әртүрлі себептермен басқалардың салаларына еніп, өзінің ықпал және билік ету аясын кеңейтуді қалауы мүмкін. Тіпті, егер оларды білгір әрі хабардар деп ойласақ та оларды көп деп қабылдауымыздың қажеттілігі олардың бір-бірінен айырмашылықтарының болуында. Себебі егер сол құдайлар барлық тұрғыдан бірдей болса, көп болмаған болар еді. Айырмашылық бар жерде қаласын, қаламасын ерік-жігер мен амалға әсер етіп, жаратылыс әлемінің барлығында бейберекеттіктің орын алуына себеп болатындығы табиғи нәрсе. Осы аяттардан үйренетініміз:1. Перзентке немесе серікке ие – болу мұқтаждық пен шектеуліктің белгісі. Құдай мұқтажсыз. Оның болмысына ешқандай шектеулік жол таба алмайды. 2. Құдайды кез-келген ырымшыл және бұрыс наным-сенімнен пәктеу Құранның тағылымдарына жатады.
«Мүминүн» сүресінің 93-94-95 аяттары:
«قُل رَبِّ إِمَّا تُرِیَنِّی مَا یُوعَدُونَ»، «رَبِّ فَلَا تَجْعَلْنِی فِی الْقَوْمِ الظَّالِمِینَ»، «وَإِنَّا عَلَى أَن نُّرِیَکَ مَا نَعِدُهُمْ لَقَادِرُونَ»
(Мұхаммед): "Раббым! Оларға уәде етілген азапты әлбетте маған көрсететін болсаң, (мен барда әкелсең,) (93) "Раббым! Мені залым елдің ішінде қалдырма!",- де. (94) Расында оларға деген апатты әрине саған көрсетіп, әкелуге де шамамыз келеді. (95) Жамандықты жақсылықпен кетір. Олардың баян еткен нәрсесін жақсы білеміз. (96)
Мүшіріктердің бұрыс көзқарастарын теріске шығарғаннан кейін осы аяттар олардың қатаң жазаланатындықтарына сілтеме жасап: «Пайғамбарлар да мүшіріктермен серіктестік жасап, олармен бірге жүретіндіктері үшін Құдайдан пана іздейді. Себебі ақыретті айтпағанда ешкімнің бұл дүниенің өзінде Құдайдың қаһары мен ашуы алдында қарсыласа алмайтынын біледі. «Бадр» соғысында мүшіріктердің мұсылмандардан жеңілуі илаһи қаһардың бір үлгісі болды. Азғана, бірақ иманды топтың үлкен, бірақ имансыз топты ойсырата жеңгендері сондай тарихта ғибраттың мәйегіне айналды. Бірақ Құдай Өзінің сүннеті бойынша кәпірлер мен мүшіріктерге мұрсат береді. Ондағы мақсат бір жағынан оларға дәлел аяқталып, басқа жақтан олар үшін тәубе мен қайта оралу жолы әзірлену үшін. Осы аяттардан үйренетініміз:1.Залымдардың арасында жүріп, олармен бірге болуда зұлымдықтың салдарына шырмалу қатері бар. 2. Күпіршіліктің салдарын өз көзімізбен көрмейінше Құдайдың құдіретіне шәк келтірмейік.
«Мүминүн» сүресінің 96-97-98 аяттары:
«اِدْفَعْ بِالَّتِی هِیَ أَحْسَنُ السَّیِّئَةَ نَحْنُ أَعْلَمُ بِمَا یَصِفُونَ»، «وَقُل رَّبِّ أَعُوذُ بِکَ مِنْ هَمَزَاتِ الشَّیَاطِینِ»، «وَأَعُوذُ بِکَ رَبِّ أَن یَحْضُرُونِ»
Жамандықты жақсылықпен кетір. Олардың баян еткен нәрсесін жақсы білеміз. (96)"Раббым! Шайтандардың түртпектерінен саған сиынамын" де. (97) "Раббым! Олардың жаныма келуінен де саған сиынамын..." (98)
Осы аяттар мүшіріктер мен кәпірлермен қатынас жасау тәсілі туралы пайғамбарға қаратып былай дейді: «Олар саған қатысты тілдерімен жөнсіз сөздер айтып, сені шайыр, сиқыршы және есі ауысқан деп атайды. Әрекеттерімен де сені қинап, сенің ісіңе кедерге жасайды. Бірақ сен олармен ымыраластық жаса. Олармен қарсыласып, тілдеп, жаман қылық танытудың орнына жақсы және жағымды сөздерің және әрекеттеріңмен шақыруды қабылдап және оларға жетекшілік ету үшін негіз дайында. Олардың жамандықтарын кешір. Жалған бос сөздерінің алдында қисынды және анық дәлелмен сөйле. Олардың иман келтірулеріне асықпа. Себебі біз барлық нәрседен хабардармыз. Олардың істерінің жамандығы мен сенің сабырыңды көріп тұрмыз. Шайтани азғыруларға ұшыраудан абай бол. Олардың өздерінің қылықтары сынды олармен қатынас жасама. Бірақ иман келтірмес бұрын олар сенің жаныңнан орын теуіп, сенің қасыңнан табылатын болып жүрмесін». Осы аяттардан үйренетініміз:1. Қарсыластарды шақырудағы ең жақсы тәсіл олардың жөнсіз сөздері мен жағымсыз қылықтарының алдында қисынды сөз және жағымды қылық таныту. 2. Пәк, бейкүнә пайғамбарлар шайтани азғырулардың қатерінен Құдайды пана тұтқанда біздің, қарапайым, қателікке ұрынуға бейім адамдардың жағдайы нешік?!