Қар 29, 2016 21:48 Asia/Almaty

Мүминүн сүресі, 601-ші бөлім, 82-90 аяттар

"Мүминүн" сүресінің 81-82-83 аяттары:

«بَلْ قَالُوا مِثْلَ مَا قَالَ الْأَوَّلُونَ‏»، «قَالُوا ءَاِذَا مِتْنَا وَکُنَّا تُرَابًا وَعِظَامًا ءَاِنَّا لَمَبْعُوثُونَ»، «لَقَدْ وُعِدْنَا نَحْنُ وَآبَاؤُنَا هَذَا مِن قَبْلُ إِنْ هَذَا إِلَّا أَسَاطِیرُ الْأَوَّلِینَ»

Жоқ, олар бұрынғылардың айтқанын айтады. (81) Олар: "Біз өліп, топырақ және сүйектер болсақ та рас қайта тірілтілеміз бе?",- деген (82) "Расында бұл бопса, бізге де бұрынғы аталарымызға да жасалған. Бұл бұрыңғылардың ергегілері ғана." (83)

Құран алдыңғы аяттарда қияметте адамдардың Құдай тарапына қайтатындықтары туралы айтты. Осы аяттар мүшіріктер мен кәпірлердің мүміндердің қияметке қатысты ақидаларына көрсеткен реакцияларын баяндайды. Олар өлімнен кейінгі әлемді бұрынғылардың ырымшылдықтары мен әпсаналары санап, «алдыңғы пайғамбарлар да айтқан болатын-ды, бірақ ол заманның адамдарының көбісі оны қабылдамаған болатын» десті. Кәпірлер қияметті қабылдамау үшін ешқандай дәлел-дәйек келтірмейді. Керісінше, "өлімнен кейін адамның қурап қалған сүйегі қайтадан жиналып, ол қалай тіріледі" деген сұрақ қояды. Егер қиямет пен адамдардың ақырет әлемінде тірілетіндіктері туралы тақырыпты ғылым мен адамның күшімен бағамдасақ, бұл болмайтын іс. Бірақ адамның Жаратушысы және оның болмысының барлық мүшесінен хабардар Құдай үшін мұндай іс өте оңай. Сол себепті алдыңғы аяттардың соңы Құдайдың шексіз ілімі мен құдіретіне көбірек назар аудару үшін баршаны жаратылыс әлеміндегі жүйе туралы ойлануға шақырды.  Бірақ, өкінішке орай, адамдардың көбісі жаратылысты тануда ақыл мен ойға жүгінбейді. Көздерін жұмып, өздерінің ата-бабаларына еліктеп, солардың сөздерін қайталайды. Осы аяттардан үйренетініміз:1.Кәпірлердің қияметті теріске шығаратын қисын мен дәлелдері жоқ. Олар пайғамбарлардың қисындары туралы ойланғылары да келмейді. 2. Қарсыластар пайғамбарлардың айналасынан адамдарды қашыру үшін олардың сөздерін әпсана деп атап, оларға жала жапты. 

  "Мүминүн" сүресінің 84-85-86-87 аяттары:

 «قُل لِمَنِ الْأَرْضُ وَمَن فِیهَا إِن کُنتُمْ تَعْلَمُونَ»، «سَیَقُولُونَ لِلَّهِ قُلْ أَفَلَا تَذَکَّرُونَ»، «قُلْ مَن رَّبُّ السَّمَوَاتِ السَّبْعِ وَ رَبُّ الْعَرْشِ الْعَظِیمِ»، «سَیَقُولُونَ لِلَّهِ قُلْ أَفَلا تَتَّقُونَ»

(Мұхаммед Ғ.С.): "Егер білсеңдер, жер жүзі және жер жүзінде болғандар кімдікі?",- де. (84) Олар дереу: "Алланікі" дейді. "Ал сонда да зер салмайсыңдар ма?",- де. (85) "Жеті көктің Раббы және ұлы ғаршының Раббы кім?",- де. (86) Дереу: "Алла" дейді. "Сонда да қорықпайсыңдар ма?",- де. (87) 

Осы аяттар теріске шығарушыларға сауал қойып, олардың ақылы мен ұждандарын төрелікке тартып: "Аспандарды жаратқан, осынау шетсіз-шексіз әлемді басқаратын кім?" деп сұрағанда мүшіріктердің бұл сауалдарға жауабы Құдайдың атын айтудан басқа ештеңе болмайды. Егер ондай болса, Құдайдың құдіреті мен әлеуетіне күмәнданып, ақырет әлемінде адамды қайтадан тірілтетіндігін неліктен ақылға сыймайтын іс санайсыңдар? Шын мәнінде, қияметті теріске шығарушылардың мәселесінің тамыры Құдайдың құдіретін тануға байланысты болудан бұрын олардың нәпсіқұмарлықтарында жатыр. Олар өздерінің жеке бастары мен қоғамдық өмірлерінде ешбір шартсыз нәпсілік талап-тілектеріне жетуді көздейді. Осы аяттардан үйренетініміз:1. Кәпірлер мен мүшріктермен айтыста өзіміздің сөздерімізді дәлелдеу үшін олар соған сенетін, қабылдайтын нәрселерді пайдалану керек.2. Жаратылыстың, Жаратушының және әлемнің Пәруәрдігерінің ұлылығын тану адамның ойы мен қылығына әсер етуі керек. Оны тақуаға айналдырып, ескерту жасауы керек. Әйтпегенде танымның нәтижесі болмайды.

 "Мүминүн" сүресінің 88-89-90 аяттары:

«قُلْ مَن بِیَدِهِ مَلَکُوتُ کُلِّ شَیْءٍ وَهُوَ یُجِیرُ وَلَا یُجَارُ عَلَیْهِ إِن کُنتُمْ تَعْلَمُونَ»، «سَیَقُولُونَ لِلَّهِ قُلْ فَأَنَّى تُسْحَرُونَ»، «بَلْ أَتَیْنَاهُم بِالْحَقِّ وَإِنَّهُمْ لَکَاذِبُونَ» )

"Егер білсеңдер, әр нәрсенің басқаруы қолында, өзі қорғаушы, қорғалмайтын (немесе Оған қарсы біреуді біреу қорғай алмайтын) кім?",- де. (88) Олар дереу: "Алла" дейді. "Ал онда қалайша жадыландыңдар?",- де. (89) Жоқ, олай емес. Оларға шындықты әкелдік. Олар мүлде өтірікші. (90)

Алдыңғы аяттардың жалғасында осы аяттар Құдайдың жаратылыстағы абсолютті билігі мен барлық жаратылыстың Оның жетекшілігі мен қолдауын қажет ететіндігі туралы айтып: "Кез келген сау ұждан мен түзу ақыл жаратылыс жүйесінің біртұтас хикметпен басқарылатындығын, Оның қалауынсыз әлемде ешқандай өзгерістің орын алмайтынын мойындайды.  Тіршілік иелерінің барлығы Оны паналайды. Ол ешкімнен пана сұрамайды. Ешкім де басқаны Оның ашу-ызасынан құтқара алмайды. Ақиқатты теріс көрсету үшін сиқыр мен жады қолданылатындықтан Құран қарсыластарға қаратып: "Хақты жалған, жалғанды хақ деп деп көретіндей жадыланып қалдыңдар ма? Егер дүние Құдайдың құдіретіне тәуелді дегенді қабылдасаңдар, неліктен ақырет туралы осыншама күдіктеніп, күмәнға бой ұрып, хақты мойындамайсыңдар? Біз сендерге хақты баяндадық. Ондай болса неліктен тағы да оны теріске шығарып, оны жалған санайсыңдар?" дейдіОсы аяттардан үйренетініміз:1.Тек Құдайды ғана пана тұтайық. Одан басқа әлемде ешқандай Пана жоқ. 2. Алла тарапынан келген нәрсе хақ. Материалды батпаққа бату адамның хақты теріс көріп, оны қабылдамауына себеп болады.