Мүминүн сүресі, 600-ші бөлім, 75-81 аяттар
Мүминүн сүресі, 600-ші бөлім, 75-81 аяттар
"Мүминүн" сүресінің 75-ші аяты:
«وَلَوْ رَحِمْنَاهُمْ وَکَشَفْنَا مَا بِهِم مِن ضُرٍّ لَّلَجُّوا فِی طُغْیَانِهِمْ یَعْمَهُونَ»
Егер оларға мәрхамет етіп, бейнеттерін айықтырсақ та қасаруларында абыржып кете береді.(75)
Алдыңғы бағдарламада пайғамбардың қарсыластарының кейбір сылтаулары мен олардың жауаптары туралы сөз қозғалды. Осы аят былай дейді: "Егер Құдай оларды өзінің рақымы мен мейіріміне бөлеп, олардың қиындықтарын шешсе де, олар бәрібір Құдайға көңіл аударып, өздерінің өткендегі қателіктеріне қатысты тәубеге келудің орнына өздерінің сол қате жолдары мен тәсілдерінде табандылық танытып, сергелдеңдіктерінде қалып қояды". Ұйқыдағы адамды бірнеше рет есімін атап шақырса, ол оянады. Бірақ өтірік ұйқтап жатқан адамды тіпті жұлқыласа да оянбайды. Сол сияқты адасып жүрген адам хақ дауысты есту арқылы жетекшілікке түсуі мүмкін. Бірақ адасушылықта қалуда табандылық танытатын адам жетекшілікке түспейді. Мұндай адам хақ сөзді естімейтін саңырау сынды. Осы аяттан үйренетініміз:1.Қапыл және қателікке ұрынған адамдар Құдай олардың ықтиярларына берген мүмкіндіктерді пайдаланудың орнына оны теріс пайдаланады.2.Бүлікшіліктің соңы – сергелдеңдік пен адасушылық.
"Мүминүн" сүресінің 76-77 аяттары:
«وَلَقَدْ أَخَذْنَاهُم بِالْعَذَابِ فَمَا اسْتَکَانُوا لِرَبِّهِمْ وَمَا یَتَضَرَّعُونَ»، «حَتَّى إِذَا فَتَحْنَا عَلَیْهِم بَابًا ذَا عَذَابٍ شَدِیدٍ إِذَا هُمْ فِیهِ مُبْلِسُونَ»
Рас оларды азапқа алдық. Сонда да Раббыларына мойынсал болмады әрі жалбарынбады.(76)Тіпті оларға бір азаптың есігін ашсақ, сол уақытта олар оның ішінде күдер үзеді.(77)
Бұл егер қапыл адамдар мейірім жолы мен оларға нығмет сыйлаудан оянбаса күнәларына байланысты осы дүнеде де жазалап, қиын оқиғаға душар ететін Алланың сүннеті. Дегенмен, тәжірибе қырсық адамдардың бәрібір оянбайтындықтарын, Пәруәрдігердің алдында мойынсұнушылық танытпайтындықтарын көрсетті. Адам табиғи түрде ащы және жағымсыз оқиғаларда жаны күйзеліп, Алланың дәргаһына бет бұрып, бұрынғы күнәларына қатысты тәубеге келіп, жылап-еңіреп жалынып, жалбарынып Құдайдан саулық тілейді.Бірақ тәкәппарлық пен қырсықтық рухы адамды тіпті қиындықтарда да Құдайға бет бұрмауға, Одан көмек сұрамауға дейін жеткізеді. Бұл адамдардың бойында бүлікшілік пен тәкәппарлық рухы өмірлерінің соңына дейін жалғасады. Бірақ қияметте тозақтың ауыр азабыне душар болғанда олар өздерінің құр алақан екендіктерін байқап, олар үшін ешқандай құтқарылу жолының жоқ екендігін түсінеді. Бірақ енді ол кезде тым кеш болады. Осы аяттардан үйренетініміз:1. Қырсық та қыңыр кәпірлер не илаһи мейірім мен рақымнан жтекшілік таппайды, не қаһар мен азап жіберілсе де қапылдық ұйқысынан оянбайды.2. Осы дүниедегі жазалар тәрбиелеу мақсатындағы жазаның бір түрі болып табылады. Сол себепті де адам өз-өзіне келіп, есін жинайды. Бірақ егер әсер етпесе, ақыреттік жазаға ұластырады.
«وَهُوَ الَّذِی أَنشَأَ لَکُمُ السَّمْعَ وَالْأَبْصَارَ وَالْأَفْئِدَةَ قَلِیلًا مَّا تَشْکُرُونَ»، «وَهُوَ الَّذِی ذَرَأَکُمْ فِی الْأَرْضِ وَإِلَیْهِ تُحْشَرُونَ»، «وَهُوَ الَّذِی یُحْیِی وَیُمِیتُ وَلَهُ اخْتِلَافُ اللَّیْلِ وَالنَّهَارِ أَفَلَا تَعْقِلُونَ»
Ол сендер үшін есту, көру және ойлау қабілетін жаратты. Сонда да азғана шүкірлік қыласыңдар.(78) Ол сендерді жер жүзіне таратты. Сондай- ақ Ол Алла тарапына жиналасыңдар.(79) Сендерді тірілтеді, өлтіреді және күндіз, түннің ауысуы Оған тән. Ал ойламайсыңдар ма? (80) Жоқ, олар бүрынғылардың айтқанын айтады. (81)
Осы аяттар Пәруәрдігердің алуан түрлі нығметтерін еске салып, адамның бойында шүкіршілік айту сезімін оятады.Адамның өзінің болмысы мен айналасындағы нығметтерді түйсінуін теріске шығаруға болмайды. Бірақ адамның дене мүшелері арасында таным мен түйсік құралдары, яғни көз бен құлақ және ақыл жоғары орынға ие. Сол себепті алғашқы аятта соларға сілтеме жасалды. Келесі аят адамның құрлықта жаратылып, өсуіне, осы дүниеде мыңдаған түндер мен күндерді пайдалану мүмкіндігіне және ажалдың жетуімен өмірдің аяқталуына сілтеме жасайды. Аяттар адамдардың барлығы әлемнің Пәруәрдігері тарапына қайтады дейді. Айта кететін жәйт, осы аяттарда илаһи үлкен нығметтердің бірі болғандығына қарамастан, тіл нығметіне сілтеме жасалмаған. Оның себебі бәлкім, егер адам құлақ нығметінен мақұрым болып, дүниеге саңырау болып келгенде ештеңені естімегендіктен сөйлеуді де үйренбейді дегенде болар. Өйткені тумысынан саңырау адамдар мылқау болып келеді. Олар тілдерінің физикалық тұрғыдан сау, ешбір міні жоқ болғандарына қарамастан сөйлей алмайды. Осынау илаһи мейірімдерге қарамастан адамдардың көбісінің шүкірсіз келетіндіктері өкінішті-ақ. Тек олардың азғанасы ғана Пәруәрдігердің нығметтеріне шүкіршілік білдіреді. Бірақ нағыз шүкіршілік деген Алланы тілмен мадақтау ғана емес, нығметтерді дұрыс пайдалану болып табылады. Сол себепті осы аяттардың соңында айыптаған екпінмен: "Адамға таным құралын бермедік пе? Ондай болса неліктен болмыстың ақиқатын түсіну үшін оны пайдаланбасқа? неліктен өзінің болмысы мен әлем жайлы ойланбасқа?" дейді.Осы аяттардан үйренетініміз:1. Көз бен құлақ адам мен хайуанның арасында ортақ. Бұлар сезілетін нәрселерді тану үшін қолданылады. Бірақ ақыл тек адамға қатысты. Сол себепті адам сезілетін нәрселермен қатар сезілмейтін істерді де түсінеді. 2.Өлім – адамның ісінің соңы емес, керісінше адамның жаратылуының мақсаттары сол жерде орындалатын жоғары әлемге қарай ашылған терезе болып табылады.