Мүминүн сүресі, 599-шы бөлім, 70-74 аяттар
Мүминүн сүресі, 599-шы бөлім, 70-74 аяттар
"Мүминүн" сүресінің 70 аяты:
«أَمْ یَقُولُونَ بِهِ جِنَّةٌ بَلْ جَاءَهُم بِالْحَقِّ وَأَکْثَرُهُمْ لِلْحَقِّ کَارِهُونَ» (70)
Немесе: "Онда бір жындылық бар" дей ме? Олай емес. Оларға шындықты әкелді де олардың көбі шындықты жақтырмайды. (70)
Алдыңғы бағдарламада қарсыластардың ислам пайғамбарымен жөнсіз қатынас жасаулары туралы баяндалды. Осы аят олардың пайғамбарды жөнсіз байланыстыруларына сілтеме жасап: «Пайғамбар өзіне Құдай түсірген аяттарды адамдарға оқыған кезде хақты қабылдауға дайын емес кәпірлер оны аспандық уәхи деп қабылдамай: «Оның есі ауысқан, ол жынды. Бұл сөздерді оның аузына жындар салып отыр немесе ол жындармен байланысқан. Сөйтіп олардың айтқандары мен сендірулерін адамдарға оқиды» десті. Осы аяттан үйренетініміз:1.Дін дұшпандарының бағдарламасына діннің жетекшілерінен кінәрат табу кірді. 2. Дін жетекшілердің міндеті – адамдардың көбісі оны естігенге ренжіп немесе оны қабылдамайтын болса да хақ сөзді айту.
«Мүминүн» сүресінің 71 аяты:
«وَلَوِ اتَّبَعَ الْحَقُّ أَهْوَاءَهُمْ لَفَسَدَتِ السَّمَوَاتُ وَالْأَرْضُ وَمَن فِیهِنَّ بَلْ أَتَیْنَاهُم بِذِکْرِهِمْ فَهُمْ عَن ذِکْرِهِم مُّعْرِضُونَ» (71)
Егер шындық олардың көңілдері тартқан жаққа кетсе, әрине көктер мен жер және онда болған әркім бұзылып кетер еді. Олай емес. Оларға үгіт келтірдік. Сонда олар насихаттарынан жалтарды. (71)
Алдыңғы аяттың жалғасында осы аят былай дейді: «Құран сөзінің олардың нәпсілік тілектері мен жөнсіз талаптарымен сәйкеспеуі олардың Құранмен қарсыласуларының себебі болып табылады. Егер жаратылыс жүйесінде үстемдік ететін заң адамдардың қалаулары мен тілектеріне бағынышты болғанда бүкіл әлемді бейберекеттік пен бұзылушылық жайлап, әлемде ешқандай дұрыс мөлшер мен бағам үстем етпеген болар еді». Аяттардың жалғасы былай дейді: «Құран – адамның қапылдық ұйқысынан оянуы мен құтылуының құралы. Бірақ нәпсілік тілектерге еру олардың хақ белгілерден теріс айналуыларына себеп болады». Осы аяттан үйренетініміз:1.Көп адамдар дін бұйрықтарының олардың талап-тілектері мен қалауларына сәйкес болуын қалайды. Дін адамдардың қалауларына емес, Хақ пен ақиқатқа тәуелді.2. Әлемдегі үстем жүйе хақ пен әділетке негізделген. Бірақ адамдар жаратылыстың олардың қалаулары мен талап-тілектеріне, армандарына сай басқарылуын күтеді.
«Мүминүн» сүресінің 72-ші аяты:
«أَمْ تَسْأَلُهُمْ خَرْجًا فَخَرَاجُ رَبِّکَ خَیْرٌ وَهُوَ خَیْرُ الرَّازِقِینَ»
(Мұхаммед Ғ.С.) олардан жалақы сұрадың ба? Раббыңның сауабы хайырлы. Ол ризық берушілердің ең хайырлысы. (72)
Алдыңғы аяттардың жалғасында осы аят былай дейді: «Сен дінді уағыздап, оларды Құдайға табынуға шақырған кезде олардан ақша сұрап немесе сый күткенің үшін қарсыластар ақиқатты қабылдаудан бас тартады ма?» Аяттың жалғасы бұл сылтауды да жоққа шығарып, былай дейді: «Алланың пайғамбарларының сыйды өздерінің Пәруәрдігерінен алатындықтары түсінікті. Олар адамдардан ештеңе күтпейді». Осы аяттан үйренетініміз:1. Дінді уағыздау кезінде адамдардан ақша сұрауға болмайды. Егер олардың өздері сыйласа, оның есебі бөлек. 2. Пенделердің барлығының нәпақасын әлемнің Пәруәрдігері береді. Құдай хақ жолдауды жеткізетін, діннің уағыздаушылары болып табылатын адамдардың нәпақасына кепілдік береді.
«Мүминүн» сүресінің 73-74 аяттары:
«وَ إِنَّکَ لَتَدْعُوهُمْ إِلَى صِرَاطٍ مُّسْتَقِیمٍ»، «وَ إِنَّ الَّذِینَ لا یُؤْمِنُونَ بِالْآخِرَةِ عَنِ الصِّرَاطِ لَنَاکِبُونَ»
Әрине сен оларды тура жолға шақырасың. (73) Ахиретке сенбегендер әлбетте жолдан шығушылар. (74)
Аяттардың осы бөлімінің соңында Құдай пайғамбарына қаратып: «Қарсыластардың жөнсіз және бұрыс әрекеттері мен сөздері міндетіңді атқару кезінде сені әлсіретіп, түрткіден айрылуыңа себеп болмасын. Сонымен қатар олардың теріске шығарулары мен қабылдамауларына байланысты өзіңнің жолыңның дұрыстығы тұрғысында шәк пен күмәнға бой алдырма. Сен жолыңның хақ екендігін біл. Сен адамдарды тура және дұрыс жолға шақырып келесің. Ақыретті теріске шығарушылар мен кәпірлер ақыл мен болмыс жолынан адасып, Алланың тура жолына қайтып келмейді». Рауаяттар негізі бойынша, Алланың елшісі мен пәк имамдардың сүннеттері және олардың өмірлері – тіршіліктегі тура жол. Одан жалтарған адам тура жолдан тайып, жолсыздық пен адасушылыққа түседі. Осы аяттардан үйренетініміз:Пайғамбарлардың адамдарға көрсеткен жолы – бақытқа жетудің ең оңай және ең сенімді жолы. Себебі, тура жол деген екі нүктенің арасындағы ең қысқа жол болып табылады. Бірақ басқа жолдар бұралаңдар мен бұлтарыстарға толы. Олар адамды ешқашан мақсатқа жеткізбейді.