Қар 29, 2016 22:07 Asia/Almaty

Мүминүн сүресі, 598-ші бөлім, 63-69 аяттар

"Мүминүн" сүресінің 63 аяты:

«بَلْ قُلُوبُهُمْ فِی غَمْرَةٍ مِنْ هَذَا وَلَهُمْ أَعْمَالٌ مِن دُونِ ذَلِکَ هُمْ لَهَا عَامِلُونَ»

Бірақ олардың жүректері бұл Құраннан хабарсыз және олар бұдан өзге істерін үнемі  жасайды. (63)

Алдыңғы бағдарламада мүміндер мен кәпірлердің кейбір ерекшеліктері баяндалды. Осы аят кәпірлердің басқа ерекшеліктеріне тоқталып: «Олардың дүниеге тәуелді болып, байлық қуудың соңына түскендері соншама, жаратылыс пен ақыреттен қапыл қалып, не Құдайға құлшылық етпейді, не өлімнен кейінгі өмір жайлы ойланбайды. Мұндай адамдардың мүмін адамдардың іс-әрекеттерімен айырмашылыққа ие екендіктері және жаман істерді жасаудан қысылып- қымтырылмайтындықтары түсінікті. Олар өздерінің жаман істерін мақтаныш тұтып, оны даму мен ілгерілеушіліктің белгісі деп санайды» дейді. Осы аяттан үйренетініміз:1. Ақиқатты танудан қапыл қалу адамның ой мен пікірде бұрмалаушылыққа ұшырауына себеп болады.2. Жаман істерді жасауда табандылық таныту адамның мінез-құлығын өзгертіп, оны сол істердің құлына айналдырады.

«Мүминүн» сүресінің 64-65 аяттары:

«حَتَّى إِذَا أَخَذْنَا مُتْرَفِیهِم بِالْعَذَابِ إِذَا هُمْ یَجْئَرُونَ»، «لاتَجْئَرُوا الْیَوْمَ إِنَّکُم مِنَّا لا تُنصَرُونَ»

Олар мәз болған кезде жазаға тартсақ, сол уақытта олар зар илейді. (64) "Бүгін зарламаңдар! Расында сендер Менен жәрдем көре алмайсыңдар." (65)

"Кәпірлердің қапылдықтары мен хабарсыздықтары Алланың азабы оларды оятып, естерін жинатқанша жалғасады. Бірақ, кәпірлердің барлығын қамтитын азаптың түсуімен нығметке бөленіп отырған олар байлықтары мен бақуатты тұрмыс құралдарынан айырылғандықтары үшін жылап, қайғырып, жалына бастайды. Бірақ одан не пайда? Қайтып оралатын жол жабық. Ешкім де, ешнәрсе Алланың қаһарына төтеп бере алмайды. Құдай тарапынан да жазада ешқандай жеңілдік жасалмайды. Осы аяттардан үйренетініміз:1.    Дүние және оның рахаты мен тыныштығына деген тәуелділік олардан айрылуды қиындатады. 2.    Алланың азабы әділет негізі бойынша орын алады. Қылмыскерлер мен күнәһарлар Құдайдың жәрдемінен үміт етпеулері керек.

«Мүминүн» сүресінің 66-67 аяттары:

«قَدْ کَانَتْ آیَاتِی تُتْلَى عَلَیْکُمْ فَکُنتُمْ عَلَى أَعْقَابِکُمْ تَنکِصُونَ»، «مُسْتَکْبِرِینَ بِهِ سَامِرًا تَهْجُرُونَ»

Сендерге аяттарымыз оқылатын еді де теріс айналатын едіңдер." (66) "Аяттарымызға тәкаппарсынып, түнгі отырыстарда мүлде сандырақтаушы едіңдер" (67)

Осы аяттар кәпірлердің күпіршіліктерінің тамырын былайша баяндайды: «Олар жәһілдік пен надандықтарынан емес, білімдарлықтары мен хабардарлықтарымен кәпір болған. Себебі пайғамбар оларға Алланың аяттарын оқыған кезде тәкәппарлықтары мен менмендіктеріне байланысты теріс айналды. Өздерінің жиылыстарында да пайғамбар мен оның сөздеріне қатысты жөнсіз сөздер айтты. Тәкәппар және өркөкірек адамдардың істерінің соңының қаһар мен азаптан басқа ештеңе емес екендігі түсінікті. Олар шын мәнінде өздері не ексе, соның өнімін орады». Осы аяттардан үйренетініміз:1.    Тәкәппарлық рухы хақты қабылдап, оны жүзеге асыруды былай қойып, адамды тіпті хақты тыңдағысы келмейтіндей етеді. 2.    Пайғамбарлардың шақыруы алдында анық қисын мен дәлелге ие емес адамдар сандырақтап, жөнсіз сөздер айтады.

 «Мүминүн» сүресінің 68-69 аяттары:

«أَفَلَمْ یَدَّبَّرُوا الْقَوْلَ أَمْ جَاءَهُم مَّا لَمْ یَأْتِ آبَاءَهُمُ الْأَوَّلِینَ»، «أَمْ لَمْ یَعْرِفُوا رَسُولَهُمْ فَهُمْ لَهُ مُنکِرُونَ»

Олар осы сөз (Құранды) туралы ойланбайды ма? Немесе оларға бұрынғы аталарына келмеген нәрсе келді ме? (68) Немесе пайғамбарларын олар танымағандықтан оған қасарыса ма? (69)

Күпіршілік пен өркөкіректіктің тамырлары туралы баяндаған өткен аяттардың жалғасында осы аяттар былай дейді: «Ақиқат мынада: ислам пайғамбарының қарсыластары Құдайдың сөзі болып табылатын осы кітап жайлы ойланған жоқ. Әйтпегенде бұл кітаптың да бұрынғы пайғамбарлардың кітаптары сияқты екендігін, сол кітаптардағы сынды тақырыптардың да осы кітапта жазылғанын түсінген болар еді. Олар Таурат пен Інжілмен таныс болып, таухид пен ізгі істерге шақырудың сол кітаптарда да жазылғанын, мұның барлығының ислам пайғамбары әкелген жаңа сөз емес екендігін білді.  Мұнымен қоса, хазірет Мұхаммад өмірін адамдардың ортасында өткізді. Барша оны жақсы таныды, ол ізгі істерімен танымал болды. Тіпті оны «Амин» деп атады. Ондай болса осындай танымға қарамастан, неліктен оның шақыруын теріске шығарып, оны өтірікші деп атайсыңдар?». Осы аяттардан үйренетініміз:1. Құдай «Неліктен Құран туралы ойланбайсыңдар?» деп кәпірлерді айыптайды. Ондай болса Құран жайлы ойланбайтын мүміндер жайлы не айтуға болады? 2.Илаһи барлық пайғамбарлардың шақыру негізі бір. Сол себепті бір пайғамбардың ізбасары болуға табандылық танытып, одан кейінгі пайғамбарды теріске шығару қисынсыз іс.