Жел 01, 2016 19:41 Asia/Almaty

Мүминүн сүресі, 597-ші бөлім, 57-62 аяттар

"Мүминүн" сүресінің 57-58-59 аяттары:

«إِنَّ الَّذِینَ هُم مِّنْ خَشْیَةِ رَبِّهِم مُشْفِقُونَ»، «وَالَّذِینَ هُم بِآیَاتِ رَبِّهِمْ یُؤْمِنُونَ»، «وَالَّذِینَ هُم بِرَبِّهِمْ لا یُشْرِکُونَ» 

Ал олар Раббыларынан қорқып, үрейленеді. (57) Олар Раббыларының аяттарына иман келтіреді. (58) Олар Раббыларына серік қоспайды. (59)

Алдыңғы бағдарламада мал-мүлік, материалды ырзық пен перзентке ие болуды жақсылық санап, соған жету үшін күш салатын адамдардың бір тобы туралы баяндалды. Бірақ осы аяттар олардың жанында қайырлы іс дегенді адамдарға жақсылық жасау, оларға рахат пен тыныштық сыйлау деп түсінетін мүміндердің ерекшеліктерін баяндайды. Шыншыл мүміндердің бірінші ерекшелігі – олардың болмыстарын құрсаулап, Құдайдың жеке кеңістігін сақтайтын Пәруәрдігер деңгейінің жоғарылығынан туындайтын, мағрифат пен Құдайды танудан бастау алатын ешкімді де ешнәрсені де Оған шерік қоспай, Тек Оның бұйрықтарына ғана иман келтіруге себеп болатын қорқыныш пен ұят. Қорқыныш деген адамдардан немесе қауіпті нәрселерден табиғи түрде қорқу деген мағынада емес, керісінше ұлының алдында лайықсыз әрекет жасаудан қорқу дегенді білдіреді. Бұл дүниеде әлемнің Жаратушысынан үлкен, Одан артық және Одан жоғары Ұлы бар ма?   Осы аяттардан үйренетініміз:1.    Адамды Пәруәрдігердің бұйрықтарымен қарсыласудан аулақтатуға себеп болатын қорқыныш – оң қорқыныш. Ол адамның дамуы мен кемелдікке жетуінің мәйегі. 2.    Адам Құдайға ғибадат етіп, Құдайдың құлы бола тұра экономика мен саясатта және өмірдің басқа да маңызды салаларында илаһи емес ой-пікір мен ақида ұстанған кездегі иман емес, риясыз, кәміл иман құнды

«Мүминүн» сүресінің 60-61 аяттары:

«وَالَّذِینَ یُؤْتُونَ مَا آتَوا وَ قُلُوبُهُمْ وَجِلَةٌ أَنَّهُمْ إِلَى رَبِّهِمْ رَاجِعُونَ»، «أُولَئِکَ یُسَارِعُونَ فِی الْخَیْرَاتِ وَهُمْ لَهَا سَابِقُونَ» 

Расында не берсе де Раббыларына қайтудан  қорқып бергендер; (60) Міне осылар, жақсылықтарда жарысады. Олар – оның озаттары. (61)

Алдыңғы аяттардың жалғасында осы аяттар мүміндердің кейбір ерекшеліктері мен іс жүзіндегі ғамалдарын санамалап: «Олар қайырлы істерде асығып, бір-бірін басып озады. Алла жолында беретін нәрсені өздерінің міндеттері деп санайды. Олар әрдайым ғамалдары шынайы болмады ма, Құдай қабылдамай қояды ма деп алаңдайды. Олар өздерінің қайырлы істеріне масаттанып, тәкәппарлық танытпайды, адамдарға міндетсімейді» дейді. Осы аяттардан үйренетініміз:1.Дүниенің соңына түскендер бір-бірімен байлық пен мал-мүлік жинауда бәсекеледі. Бірақ иманды адамдар қайырлы істер мен адамдарға жақсылық жасау бойынша бір-бірімен жарысады.2. Дүниелік істерде жылдамдық танытып, жарысу қатерлі. Бірақ ақыретке жету үшін асығу қажет әрі мақтауға тұрарлық іс.

«Мүминүн» сүресінің 62-шы аяты:

«وَ لا نُکَلِّفُ نَفْسًا إِلَّا وُسْعَهَا وَ لَدَیْنَا کِتَابٌ یَنطِقُ بِالْحَقِّ وَ هُمْ لا یُظْلَمُونَ»

Кісіге шамасы келетінді ғана міндеттендіреміз. Жанымызда шындықты сөйлейтін бір Кітап бар. (Лаухыл Махфұз не амал дәптері. Ж.Б.) Олар зұлымдық көрмейді. (62)

Алдыңғы аяттарда ізгі іс жасаудағы жылдамдық пен жарысу мүміндердің айқын ерекшеліктерінің бірі ретінде қуатталды. Бұл аят былай дейді: «Бірақ Құдай барлық құлдарынан бірдей күтпейді. Себебі Ол оларды әртүрлі етіп жаратты. Әр адам өзінің физикалық және ақыл жағынан қабілетіне сай жауапты. Одан артыққа жауапты емес. Түсінген нәрсені қабылдауы керек. Іске асыру кезеңінде де физикалық күші мен материалдық шамасы жеткенше әрекет етуі керек. Адамдардың қоғамдағы әлеуеттері мен мүмкіндіктері және жағдайлары әртүрлі екендігі түсінікті. Осы себептерге байланысты Құдай баршаға бірдей жауапкершілік жүктеген жоқ. Құдайдың өзі – хақ.  Осы дүниеде құлдарына жүктеген міндеттері хақ пен әділетке негізделген. Ақыретте де пенделердің іс-әрекеттерінің есебі олардың мүмкіндіктері мен шамалары негізінде орын алады. Сол себепті бай мен кедейдің тағдыры Құдайдың алдында бірдей емес. Ғалымның  міндеттері мен жауапкершіліктері наданның міндеттері мен жауапкершіліктерінен көбірек». Осы аяттардан үйренетініміз:1.Діни міндеттер мен ақыреттік сый мен жазадағы Құдайдың өлшемі адамдардың ақылы мен физикалық және материалды мүмкіндіктері болып табылады. 2.Құдай жолында жасалған іс ешуақытта өкініш пен жеңіліске ұшыратпайды. Себебі Құдай адамның мүкіндігінен артық оған міндет жүктемейді. Нәтижеге жетуді пендесіне сый берудің шарты деп санамайды.