Жел 01, 2016 19:44 Asia/Almaty

Мүминүн сүресі, 596-ші бөлім, 52-56 аяттар

"Мүминүн" сүресінің 52 аяты:

«وَإِنَّ هَذِهِ أُمَّتُکُمْ أُمَّةً وَاحِدَةً وَأَنَا رَبُّکُمْ فَاتَّقُونِ» 

Рас осы топтықтар бір-ақ топтық. Мен – Раббыларың. Менен ғана қорқыңдар. (2-С. 213-А.) (52)

Алдыңғы бағдарламада Құдай барлық пайғамбарлары мен олардың ізбасарларын түзу және лайық ғамалдар жасауға шақырып, оларды кез-келген ластықтан бас тартып, пәк және халал тағамдарды ғана пайдалануды сұрады. Осы аят адамдарға қаратып: «Сендердің барлығың біртұтас үмбетсіңдер. Сол себепті бірқұдайға табынушылық дінге еріңдер. Пайғамбарлардың барлығы бір Пәруәрдігер тарапынан келген. Олардың барлығы адамдарды тоухид пен тақуалыққа шақырған. Пайғамбарлардың көптігі әлемнің Жаратушысының екіұштылығы немесе көпұштылығының дәлелі емес. Пайғамбарлардың тағылымдары бір бағдар мен бір мақсатқа ие. Олар бір мақсатты көздейтін бір білім жүйесінің  бастауыш мектеп, орта мектеп мұғалімдері және жоғары оқу орындарының ұстаздары сынды. Олар адамдардың жағдайларыне сай білім берудің деңгейі мен бағдарламаларды жоғарылатып, міндеттерді анықтайды. Осы аяттардан үйренетініміз:1.Бір Құдай адамдардың барлығын біртұтастық пен бірлікке, бір Құдайға табынатын дінге еруге шақырды.2.Алланың пайғамбарларының шақыру принципі бір. Себебі адамдардың барлығының болмысы мен табиғаты бірдей.

«Мүминүн» сүресінің 53-54 аяттары:

«فَتَقَطَّعُوا أَمْرَهُم بَیْنَهُمْ زُبُرًا کُلُّ حِزْبٍ بِمَا لَدَیْهِمْ فَرِحُونَ»، «فَذَرْهُمْ فِی غَمْرَتِهِمْ حَتَّى حِینٍ» 

Алайда олар өзара (дін) істерінде бөлшектеніп, әр топ өз жолдарымен жүріп, өз алдарындағысына мәз болды. (53) (Мұхаммед Ғ.С.) оларды бір мерзімге дейін адасқан бойынша тастап қой. (54)

Алдыңғы аят адамдардың барлығын бірлікке шақырды. Бұл аяттар баршаны жікшілдік пен бөлшектенуден тыйып, былай дейді: «Пайғамбарлар мен аспандық кітаптардың бір Құдай тарапынан болғанына, сондай-ақ адамдарды бір Құдай мен бір дінге шақырғандарына қарамастан адамдардың әрбір тобы жеке пайғамбар мен жеке кітапты іздеп, басқалардан бөлінді. Басқалардың қисынды сөздері мен дәлелдерін естіместен өздерінің ойлары мен ақидаларына орынсыз табандылық таныту және ырымшылдық адамдардың жікшілдікке салынып, бөлінуі мен діндер және секталардың көбеюіне себеп болды. Ақыл мен қисын келесі пайғамбардың келуімен және жаңа аспандық кітаптың түсуімен алдыңғы пайғамбардың ізбасарлары оған иман келтіріп, ырымшылдықтан бас тартуды бұйырады. Шындығында, мұндай орынсыз діни ырымшылдықтар илаһи шынайы діндердің тағылымларымен байланысты емес, керісінше орынсыз өзімшілдік пен тәкәппарлықтан басталады.Аяттың жалғасы ислам пайғамбарына қаратып: «Ақиқтатты табуды, оны қабылдауды көздемейтін, өздерінің ақидаларына табандылық танытатын, өздерінің жолдарынан қол үзгенше немесе ажалдары жеткенше жәһілдік пен қапылдық және адасушылықта қалатын қарсыластарыңды жөндеріне қоя бер» дейді. Осы аятттардан үйренетініміз:1.Діндердің ізбасарларының бір-бірінен бөлінулері, яһудилер мен мәсихилердің мұсылмандардың жікшілдікке ұшырауы хазірет Мұса, хазірет Иса және хазірет Мұхаммед сынды үлкен пайғамбарлардың қалауы емес. 2. Сектаға бөліну нәпсілік тілектер мен жеке адамның қалаулары негізінде емес, рационалды және діни негіздер бойынша болу керек.

«Мүминүн» сүресінің 55-56 аяттары:

«أَیَحْسَبُونَ أَنَّمَا نُمِدُّهُم بِهِ مِن مَالٍ وَ بَنِینَ»، «نُسَارِعُ لَهُمْ فِی الْخَیْرَاتِ بَل لا یَشْعُرُونَ»

 Негізінде оларды мал және балалармен қамдағанымызды: (55) Олардың игіліктеріне ынтық болғандығымыз деп ойлай ма? Олай емес. Олар түсінбейді. (56)

Осы аяттар адамдар арасында кең тараған түсініктердің біріне сілтеме жасап: «Кейбіреулер егер жақсы тұрмысқа жету жолында күпіршілік жасаса, материалды мүмкіндіктерге ие болса, бұл Құдайдың оларға деген мейірімі мен рақымдылығының белгісі деп ойлайды. Құдай өмірде оларға осылайша жәрдемдесіп, қайырымдылық пен берекенің есіктерін алдарынан ашты. Құран «Қарун» оқиғасында «Адамдар оның байлығы мен мүлкіне өкінішпен қарап, Құдай оларға да осындай байлық пен мүлік беруді армандады» дейді. Біріншіден, Құдай материалды және дүниелік мүмкіндіктер сыйлауда мүмін мен кәпірдің арасына айырмашылық қоймайды, талпыныс жасап, еңбектенген адамға береді. Екіншіден, байлық пен мүлік баршаға: мүмінге де, кәпірге де сынақ үшін беріледі. Ол Алланың байлық иелеріне жайдан-жай берген мейірімі мен рақымының белгісі емес.Осы аяттардан үйренетініміз:1.    Өзіміздің байлығымыз бен мүмкіндіктерімізге масаттанбайық. Бұлардың ешқайсысы адамның құтылуына себеп болмайды.2.     Кәпірлердің өмірлерін сараптағанда үстірт және бұрыс пайымдаулардан бойтартайық. Сыртқы бақуаттылықтарын олардың бақытты екендіктерінің дәлелі деп санамайық.