Жел 01, 2016 19:46 Asia/Almaty

Мүминүн сүресі, 595-ші бөлім, 47-51 аяттар

"Мүминун" сүресінің 47-48-49 аяттары:

«فَقَالُوا أَنُؤْمِنُ لِبَشَرَیْنِ مِثْلِنَا وَقَوْمُهُمَا لَنَا عَابِدُونَ»، «فَکَذَّبُوهُمَا فَکَانُوا مِنَ الْمُهْلَکِینَ»، «وَلَقَدْ آتَیْنَا مُوسَى الْکِتَابَ لَعَلَّهُمْ یَهْتَدُونَ»

 Олар: "Елі бізге құлдық істеп жүрген, өзіміз секілді екі адамға сене кетейік пе?",- десті. (47) Екеуін жасынға шығарды. Сондықтан жоқ етілді. (48) Рас Мұса (Ғ.С.) ға; елі тура жол табуы үшін Кітап бердік. (49)

Алдыңғы бағдарламада Құдай хазірет Мұса мен оның бауыры Харунды Перғауын мен оның айналасындағыларды Хаққа шақыру үшін жібергенін айттық. Бірақ олар көнбей, тәкәппарлық танытты. Осы аяттар олардың артықшылық талап еткен қылықтарына тоқталып: «Мұса мен Харун біздің өзіміз сияқты адамдар. Мұнымен қатар олардың қауымы Исраил қауымының қол астына қарайды. Олардың барлығы біздің құлдарымыз. Не Мұса, не Харуннің, не олардың қауымдарының бізден артықшылығы жоқ. Сол себепті қауымның ақсүйектері мен текті туғандары біздер қалайша олардың сөздерін қабылдап, оларға бағынуымыз керек» десті. Перғауын мен оның айналасындағылардың өздері адамдарды өздерінің құлдары деп санап, әлсіз тапқа сорақы түрде өздеріңнің үстемділіктерін тани тұра илаһи пайғамбарларды артықшылыққа жетуді мақсат етуде деп айыптады. Соңында осы бағынбаушылық пен кердеңдік Перғауын мен оның айналасындағылардың Ніл өзеніне батып өліп, Исраил қауымының азат болуы үшін негіз дайындады. Аяттардың жалғасы хазірет Мұсаға Таураттың түсуіне сілтеме жасайды. Құдай оны Исраил қауымына олар перғауындықтардың бұрыс істерінен қол үзіп, илаһи түзу жолға бағытталулары үшін түсірген болатын. Осы аяттардан үйренетініміз:1.Перғауындықтың жүйесінде қисын мен дәлелдің құны жоқ. Олардың сөздерінің құнын адамдардың әлеуметтік жағдайы мен мәртебесі анықтайды.2.Халықтарды құлдықта ұстайтын үстемшілдер мен зорлықшылар түбінде Алланың қалауымен жойылады.

«Мүминүн» сүресінің 50 аяты:

«وَجَعَلْنَا ابْنَ مَرْیَمَ وَأُمَّهُ آیَةً وَآوَیْنَاهُمَا إِلَى رَبْوَةٍ ذَاتِ قَرَارٍ وَ مَعِینٍ» 

Мәриямның ұлы мен анасын үлкен ғибрат қылдық. Екеуін бұлақ аққан, биік және қауіпсіз жерге орналастырдық  (50)

Хазірет Мұсадан кейін Исраил қауымының үлкен пайғамбары болып хазірет Иса таңдалды. Оның болмысының өзі үлкен белгі және мұғжиза саналады. Себебі пәктік пен тазалықтың үлгісі болған анасы Мариям жұбайы болмай-ақ Құдайдың қалауымен илаһи үлкен періште Жебірейіл арқылы жүкті болып, дүниеге Исаны әкелді. Бұл бала Құдайдың құдіретінің белгілерінің бірі саналады. Өйткені Мәриям онымен ер адам жақындаспастан жүкті болып, Исаны дүниеге әкесіз келді. Осы аяттан үйренетініміз:1.    Хазірет Иса – Мәриямның ұлы, Құдайдың ұлы емес. Ол – Құдайдың белгісі, Құдай емес. 2.    Құдай хазірет Иса мен анасын дұшпандардың зұлымдықтарынан қорғап, оларды қауіпсіз, тыныш және берекелі жерге орналастырды.

«Мүминүн» сүресінің 51-ші аяты:

«یَا أَیُّهَا الرُّسُلُ کُلُوا مِنَ الطَّیِّبَاتِ وَاعْمَلُوا صَالِحًا اِنّی بِمَا تَعْمَلُونَ عَلِیمٌ»

Әй, пайғамбарлар! Таза нәрселерден жендер, игілік істеңдер. Расында не істегендеріңді жақсы білемін. (51) 

Алланың пайғамбарларының оқиғалары мен тағдырларын қысқаша баяндаған «Мүминүн» сүресінің елу аятының соңында қарсыластардың «Пайғамбарлар неліктен басқа адамдар сияқты?» деген сөздеріне қарсы осы аят былай дейді: «Құдай пайғамбарларды адамзаттың өздерінің арасынан жіберді. Олар да барлық адамдар сияқты тамақ жейді. Бірақ екі нәрсе бойынша олардың басқалардан айырмашылықтары бар. Біріншісі, олар адамның бойында хайуандық мінезді нығайтататын харам тағамдар мен ішімдіктерден қатаң түрде бойларын аулақ салса, екіншісі, тағамнан алатын күшті тек лайық және пайдалы ғана істерге жұмсады. Пайғамбарлар тамақтануды дамудың құралы санайды. Сол себепті олар тек таза және халал тағамдар жейді. Тамақ жеу олар үшін соңғы мақсат болып табылатын адамдар бұл негізге ешбір тұрақты емес. Олар жиренішті болсын, дәмді болсын әйтеуір хайуандық тілектерін тойдыратын нәрселерді жейді. Құранның басқа да аяттарында «Жеңдер!» деген бұйрықтан кейін ішіп-жеудің мақсат емес, оның тек адамның дамуы мен кемелдікке жетуінің құралы екендігін көрсететін нұсқаулар берілген. Құрандағы кеңестердің бірнеше үлгісін келтіреміз:«Жеңдер, шүкіршіл болыңдар; жеңдер, мұқтаждарға да жегізіңдер; жеңдер ысырап етепеңдер».Осы аяттан үйренетініміз:1.Илаһи пайғамбарлар осы материалды дүниенің сыйларынан кемелдік пен руханияттың жоғары дәрежелеріне жетті. 2.Илаһи пайғамбарлар монахтық, аскеттік ғұмыр кешпеген. Олар материалды және табиғи сыйларды пайдаланып, қарапайым өмір сүрген.  3.Түзу ғамал жасауда жетістікке жетудің қажеттілігі – халал ас. Харам ас адамды ізгі істерден тыяды.