Мүминүн сүресі, 594-ші бөлім, 38-46 аяттар
Мүминүн сүресі, 594-ші бөлім, 38-46 аяттар
"Мүминун" сүресінің 38-39-40 яттары:
«إِنْ هُوَ إِلَّا رَجُلٌ افْتَرَى عَلَى اللَّهِ کَذِبًا وَمَا نَحْنُ لَهُ بِمُؤْمِنِینَ»، «قَالَ رَبِّ انصُرْنِی بِمَا کَذَّبُونِ»، «قَالَ عَمَّا قَلِیلٍ لَیُصْبِحُنَّ نَادِمِینَ»
Ол (Һүд) Аллаға өтірік жала жапсырған адам. Біз оған сенбейміз." (38) (Һүд Ғ.С.): "Раббым! Мені жасынға айналдырғандарға қарсы нұсрат бер!",- деді. (39) Алла): "Олар аз уақытта әлбетте өкінішке ұшырайды" деді. (40)
Алдыңғы бағдарламаларда пайғамбарлардың олардың өздері сынды адам болуын сылтауратып теріске шығарып, оның соңынан ілесуге әзір болмаған бір қауымның оқиғасы баяндалды. Осы аяттар жалғасында былай дейді: «Олар өздерінің күпіршіліктерін ақтау үшін: «Егер ол Құдай тарапынан болса оған сенеміз. Бірақ, егер жалған айтып, өзін Құдайдың пайғамбарымы деп таныстырса, оған иман келтірмейміз» десті. Олар жанама түрде: «Бір Құдайды қабылдаймыз. Бірақ адамды Құдайдың елшісі және пайғамбары деп санамайыз» демек болғандай. Өйткені, олар Құдай адамдарға жетекшілік ету үшін періштелерді жібереді деп күтті. Алланың сол пайғамбары қарсыластардың қырсығулары мен олардың оны теріске шығарудағы табандылықтарының алдында Құдайдан жәрдем сұрады. Құдай да оған жақын арада кәпірлердің өздерінің бұрыс қылықтары үшін өкініп, жазаға ұшырайтындықтары туралы уәде берді. Осы аяттардан үйренетініміз:1. Кейде кәпірлер мен қарсыластар өздері Құдайды қорғаған болып, илаһи пайғамбарларды теріске шығарып, кемсітті. 2. Бұрын жасаған жаман әрекеттерге өкініш білдіру құптарлық және пайдалы іс. Бірақ илаһи қаһар мен жазаны байқаған соң өкінудің пайдасы болмайды.
"Мүминун" сүресінің 41-42-43 аяттары:
«فَأَخَذَتْهُمُ الصَّیْحَةُ بِالْحَقِّ فَجَعَلْنَاهُمْ غُثَاءً فَبُعْدًا لِلْقَوْمِ الظَّالِمِینَ»، «ثُمَّ أَنشَأْنَا مِن بَعْدِهِمْ قُرُونًا آخَرِینَ»، «مَا تَسْبِقُ مِنْ أُمَّةٍ أَجَلَهَا وَمَا یَسْتَأْخِرُونَ»
Шынайы түрде оларды ащы бір дауыс қолға алып, сыпырындыға айналдырдық. Залым қауым рахметтен ұзақ болсын! (41) Сосын бұлардан кейін басқа нәсіл пайда қылдық. (42) Ешбір қауым ажалын (белгілі мерзімін) не ілгерлете, не кейіндете алмайды. (43)
Самуд қауымының істері қатты жаңбырдың жаууы мен ойрандаушы селдің жүруімен қатар болып, қалалары мен өлкелерінің қирап, олардың барлығының көзін жойған аспандық нажағайдың түсуімен аяқталды. Жойылу – үстемшілдердің барлығына қауіп төндіріп тұрған салдар. Келесі аят жалғасында былай дейді: «Құдай әлемнің әртүрлі жерінде көптеген қауымды жаратты. Бірақ адамдардың әрқайсысының өмір мен өлімге ие екендіктері сынды үмметтер де тіршілік пен өлімге ие. Қырсық және үстемшіл қауымдардың көзі жойылады». Осы аяттардан үйренетініміз:1.Алланың жазасы мен сыйының жүйесі әділет пен хаққа негізделген. Қауымдар мен үмметтер жазаға лайық болмаса Құдай оларды жазаламайды.2. Тарихи өзгерістер Алланың сүннеттеріне тәуелді. Осы сүннетердің негізі бойынша залым қауымдардың көздері жойылып, олардың орындарына жаңа үмметтер келеді.
«Мүминүн» сүресінің 44-ші аяты:
«ثُمَّ أَرْسَلْنَا رُسُلَنَا تَتْرَا کُلَّمَا جَاءَ أُمَّةً رَّسُولُهَا کَذَّبُوهُ فَأَتْبَعْنَا بَعْضَهُم بَعْضًا وَجَعَلْنَاهُمْ أَحَادِیثَ فَبُعْدًا لِقَوْمٍ لَایُؤْمِنُونَ»
Сонан кейін елшілерімізді үздік-создық жібере бердік те әр үммет пайғамбарлары келген сайын оны жасынға шығара берді. Сондықтан оларды бірінен кейін бірін жойып, аңызға айналдырдық. Иман келтірмеген ел рахметтен ұзақ болсын! (44)
Құдай тарих бойында көп пайғамбар жіберді. Олар қайырымдылық және жанашырлықпен адамдарды хақ жолына шақырды. Бірақ адамдардың бір тобы өздерінің материалды мүдделерін, енді бір тобы ләззат пен нәпсілік тілектерін көбірек қанағаттандыру үшін хақты қабылдап, пайғамбарлардың анық қисындарына ілесуге дайын болмады. Олар әртүрлі қалыпта пайғамбарларға қоқан-лоққы жасап, оларды кемсітіп, теріске шығарып, тіпті оларды өлтіруге дейін барды. Бірақ бұл күпіршілік пен кердеңдік шектен шыққан кезде Құдай қырсыққан қауымдарды өлтіруге бұйырды. Осылайша болашақ ұрпаққа ғибрат пен сабақтың мәйегі болу үшін олардың мәдениеттері мен өркениеттерінің белгілерінің тек аты ғана қалды. Осы аяттардан үйренетініміз:1. Құдайдың дәлелі адамдарға аяқталу үшін әр үмбетке пайғамбар жіберілді. 2. Алланың қарғысына ұшыраған үмметтің көзі жойылып, олардың аттарынан басқа ештеңе қалмайды.
«Мүминүн» сүресінің 45-46 аяттары:
«ثُمَّ أَرْسَلْنَا مُوسَى وَأَخَاهُ هَارُونَ بِآیَاتِنَا وَسُلْطَانٍ مُّبِینٍ»، «إِلَى فِرْعَوْنَ وَمَلَائِهِ فَاسْتَکْبَرُوا وَکَانُوا قَوْمًا عَالِینَ»
Артынан Мұса мен туысы Һарүнды белгілеріміз жән ашық дәлелдерімізбен Перғауын мен шонжарларына жібердік. (45). Сонда олар дандайсыған, өр көкірек ел еді. (46)
Нұх пен Самуд және тағы басқа да қауымдардың тағдырларын баяндаған соң осы аяттар хазірет Мұсаның Перғауынға қарсы жасаған көтерілісіне сілтеме жасап: «Құдай Мұсаны бауыры Харунмен бірге Перғауынның сарайына жіберді. Ол бір жағынан илаһи мұғжизалар көрсетіп, екінші жағынан анық қисын мен дәлелдер келтіріп Перғауын мен оның қауымының үлкендерін бір Құдайға табынуға шақырды. Бірақ билік пен байлыққа ие және өздерін Исраилдің артық туған ұрпағы санаған олар хақты қабылдамай, тәкәппарлық танытты» дейді.Осы аяттардан үйренетініміз:1. Үстемшіл билеушілер – үмметтердің бейбастақтықтары мен азғындықтарының бастауы. Хазірет Мұсаға Мысыр халқын бір Құдайға табынуға шақырудан бұрын Перғауын мен оның айналасына бару міндеті жүктелді. Себебі қоғамның басшылары түзелмейінше қоғамды түзету оңай емес. 2. Халықты шақыруда жән дінді уағыздауда қисын мен дәлелдер маңызды орынға ие.3. Дінді уағыздауда кейде қажет жағдайда ұжымдасқан түрде әрекет етіп, басқаларды да көмекке шақыру қажет.