Мүминүн сүресі, 593-ші бөлім, 31-37 аяттар
Мүминүн сүресі, 593-ші бөлім, 31-37 аяттар
"Мүминун" сүресінің 31-32 яттары:
«ثُمَّ أَنشَأْنَا مِن بَعْدِهِمْ قَرْنًا آخَرِینَ»، « فَأَرْسَلْنَا فِیهِمْ رَسُولًا مِنْهُمْ أَنِ اعْبُدُوااللَّهَ مَا لَکُم مِنْ إِلَهٍ غَیْرُهُ أَفَلَا تَتَّقُونَ»
Бұлардан кейін басқа нәсілдер пайда қылдық. (7-С.69-А.) (31) Оларға өздерінен жіберген елшіміз: "Аллаға құлшылық қылыңдар. Алладан басқа Құдай жоқ. Сонда да қорықпайсыңдар ма?",- (деді.) (32)
Алдыңғы бағдарламаларда Нұх қауымының тағдыры мен кәпірлердің көздерінің жойылуына тоқталдық. Осы аяттар Құдай олардың арасына Салех есімді пайғамбар жіберген Самуд қауымының оқиғасын баяндайды. Ол да басқа пайғамбарлар сияқты адамдарды Құдайға табынуға шақырып, оларды Одан басқа ешбір пұтқа табынбауға шақырды. Себебі күпіршілік пен шерк қорқынышсыздық пен дінсіздікке себеп болып, Құдайға деген иман мен көптеген жаман істерді жасауға кедерге болатын Алланың жазасынан қорқуға керісінше адамның ұят және бұрыс істер жасауына жол ашады. Осы аяттардан үйренетініміз:1.Пайғамбарлар жіберу арқылы адамдарға жетекшілік етіп, тағылым беру Құдайдың сүннеті болып табылады.2. Пайғамбарлар қоғам үшін іс жүзіндегі үлгі болып, адамдар үшін дәлел аяқталу үшін адамзат баласы болып әрі адамдардың өздерінің арасынан таңдалынды.
"Мүминүн" сүресінің 33-34 аяттары:
«وَ قَالَ الْمَلَأُ مِن قَوْمِهِ الَّذِینَ کَفَرُوا وَکَذَّبُوا بِلِقَاءِ الْآخِرَةِ وَأَتْرَفْنَاهُمْ فِی الْحَیَوةِ الدُّنیَا مَا هَذَا إِلَّا بَشَرٌ مِثْلُکُمْ یَأْکُلُ مِمَّا تَأْکُلُونَ مِنْهُ وَیَشْرَبُ مِمَّا تَشْرَبُونَ»، «وَلَئِنْ أَطَعْتُم بَشَرًا مِثْلَکُمْ إِنَّکُمْ إِذًا لَخَاسِرُونَ »
Елінің қарсы болған, ахиретті жасынға шығарған сондай-ақ Біз өздеріне дүние тіршілігінде кеңшілік берген бастықтары: "Бұл өздерің сиқяты ғана бір адам. Жегендеріңді жеп, ішкендеріңнен ішеді" деді. (33) "Егер өздерің сияқты адамға бой ұсынсаңдар, рас сендер; сол уақытта зиянға ұшырайсыңдар." (34)
Халықты хақ жолы мен лайықты істер жасауға шақырған пайғамбарлардың анық әрі көрнекі қисындары алдында қауымдардың байлары мен үлкендері қарсылық танытты. Себебі олар пайғамбарлардың сөздерін өздерінің жолдары мен тәсілдеріне қайшы деп, адамдардың олардың соңдарынан ілесуін өздерінің қоғамдағы мәртебелерінің әлсіреуінің себебі деп санады. Олардың бірінші міні – ол сол адамдар, яғни пайғамбарлар біздің өзіміз сияқты адам баласы әрі олардың бізден ешқандай айырашылықтары жоқ деулерінде болды. Олар: "Егер Құдай бізге жетекшілік еткісі келгенде біз олардың сөздерін қабылдауымыз үшін бізден жоғары періштелер сынды жаратылыс иелерін жіберуі тиіс. Бұл пайғамбарлар да біз сияқты өмір сүреді, жейтін тамақтары мен киімдері де біздікі сияқты. Бұлар қалайша өміріміздегі біздің жетекшілеріміз бола алады?" десті. Қауымның үлкендерінің адамдардан олардың сөздерін қабылдап, өздерімен қарсыласпайды деп күткендері, сөйте тұра олар адамдардың сөздері мен әрекеттері шыншылдық пен растықтан өзге ештеңе емес адамның соңынан еруін айып деп санап, оны зиянды адам деп санауалары қызық. Осы аяттардан үйренетініміз.1.Құдайға табынуға шақыру адамдардың ақсүйектер мен үстемшіл билеушілердің билігінен азат болуы үшін негіз дайындады. Сол себепті осы екі топ бәрінен көбірек пайғамбарлармен қарсыласты.2. Егер басқалардың сөзі қисын мен дәлел негізі бойынша болса оған бағынып, еру ұят әрі жаман емес, керісінше адамның дамуы мен кемелдене түсуінің себебіне де айналады. Шын мәнінде тәлім-тәрбие жүйесі осыған негізделген.
"Мүминүн" сүресінің 35-36-37 аяттары:
"Сендерге өліп, топырақ және сүйек болғанда шын тіріліп, шығатындарыңа уәде бере ме?" (35) "Сендерге бұл ескертілген нәрсе ұзақ, тым ұзақ!" (36) "Дүниедегі тіршілігіміз ғана тіршілік. Кейіміз өлеміз, кейіміз өмір сүреміз де қайта тірілтілмейміз." (37)
«أَیَعِدُکُمْ أَنَّکُمْ إِذَا مِتُّمْ وَکُنتُمْ تُرَابًا وَعِظَامًا أَنَّکُم مُّخْرَجُونَ»، « هَیْهَاتَ هَیْهَاتَ لِمَا تُوعَدُونَ»، «إِنْ هِیَ إِلَّا حَیَاتُنَا الدُّنْیَا نَمُوتُ وَنَحْیَا وَمَا نَحْنُ بِمَبْعُوثِینَ»
Пайғамбарлардың шақыруының алғашқы кезеңі шерктен аулақ болып, таухидті қабылдау болды. Сол кезде таухидті қабылдаған адамдар үшін қиямет пен адамдардың ақырет әлеміне оралу мәселесі айтылды. Бірақ қарсыластар таухид пен шерк туралы талқылаудың орнына қиямет тақырыбын қозғап, адамдарды пайғамбарлардың соңынан ергізбеу үшін оны жүзеге аспайтын, ақылға сыймайтын іс деп көрсетуге тырысты. Қияметті қабылдау таухидті қабылдаған соң орын алатын іс. Оның орын алуы өздерінің сыртқы талап-тілектері мен материалды тәжірибелерімен шектелетін адамдар үшін ақылға сыймайтын іс болып көрінгенімен, ақыл тұрғысынан оны теріске шығарудың ешбір дәлелі жоқ. Рахат өмір мен бейбастақ азаттыққа беріліп, нәпсілік тілектер мен материалды қызықтан ләззат алуды қалайтын байлар мен ақсүйектер пайғамбарлар уәде берген жұмақта оларға орынның жоқ екендігін біледі. Сол себепті ол мүмкін емес деп санап, негізсіз дәлелдермен оны жоққа шығарады. Осы аяттардан үйренетініміз:1.Адамды топырақтан жаратқан Алла адам топыраққа айналған соң оны қалайша қайтадан жарата алмайды?2.Адам өмірін дүние тіршілігімен шектеу адамды жануарлардың деңгейіне дейін төмендету болып табылады. Өйткені олардың өмірлері осы дүниелік өмірмен шектеледі.